140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Жас мамандарды тарту туралы

Павлодлар облысы бойынша медициналық ұйымдардағы кадрлар тапшылығы туралы ақпарат.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша  облыстың денсаулық сақтау басқармасы Семей қаласының ММУ ректоратымен кездесу өткізілді, жоғары медициналық білім бар кадрларды даярлау және Павлодар облысына ЖОО-ның түлектерін бөлу жөніндегі мәселе талқыланды. Сондай-ақ, шарт негізінде резидентурада интерндерді даярлау бойынша сұрақ келісілді.

Сонымен қатар, облыс медициналық ұйымдарының басшылары Қарағанды медициналық университетінің бос орын жәрмеңкесі жұмысына қатысып, әрі қарай облыс медициналық ұйымдарына жұмысқа тұру үшін 5-курс студенттері және интерндермен шарт жасалынды.

Семей қаласының ММУ, «Астана» медициналық университеті (Астана қ.), С. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ (Алматы қ.) бос жәрмеңкелеріне қатысу жоспарланып отыр.

Аталған жұмыс нәтижелері бойынша 2018 жылы 50-ден астам жас дәргер мамандары келеді деп жоспарланып отыр.

Облыс халқының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша, Денсаулық сақтау министрлігі және Павлодар облысының әкімі арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған Меморандумға сәйкес, Павлодар облысы бойынша дәрігерлік кадрлардағы тапшылық 8 бірлік, оның ішінде 6 ауылда, соның ішінде: Павлодар қаласы – 2 (№3 емханасы – педиатр, №3 қалалық ауруханасы — акушер-гинеколог), аудандар – 6: Ақтоғай ауданы – 1 (хирург), Железин ауданы – 1 (офтальмолог), Ертіс ауданы – 1 (ЖТД), Лебяжі ауданы – 1 (анестезиолог), Май ауданы – 1 (ЖТД), Павлодар ауданы – 1 (терапевт).

Сонымен қатар, облыстың медициналық ұйымдарында  256 дәрігерге қажеттілік бар, оның ішінде Павлодар қаласында – 142, Екібастұз қаласында– 56, Ақсу қаласында –9, аудандар – 46: Ақтоғай – 3, Баянауыл – 10, Железин – 5, Ертіс – 4, Қашыр – 4, Лебяжі – 1, Май ауданы – 6, Павлодар – 4, Успен – 6, Шарбақты – 3.

Облыстың медициналық ұйымдарымен кадрлық қамтамасыз етілу мәселесін шешу үшін 43 резидентпен шарт жасалынды, 2018-2019 жылдары резидентура аяқтаған соң ұйымдарға жұмысқа тұрғызылатын болады, соның ішінде үш жақты келісім шарт облыстың медициналық ұйымдары 17 резиденттерге резидентурада  оқығандығына төлейді, осы шартқа сәйкес, резидентура бітіруші 3 жыл осы ұйымда жүмыс істеуге міндеттенеді.

Сондай-ақ, 26 интернмен келісім-шарт жасалды, олар интернатураны аяқтағаннан кейін, Павлодар қаласының медициналық ұйымдарына жұмысқа тұрады.




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа