140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Медициналық қауымдастықтар

«Павлодар  облысының  Медициналық

қауымдастығы  «Саламатты Павлодар»

қоғамдық бірлестігі мүшелерінің 

конференциясының хаттамасымен

бекітілген.

21.11.2013 ж.______№  хаттама

 

«Павлодар  облысының  Медициналық қауымдастығы  «Саламатты Павлодар» қоғамдық бірлестігінің

 

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер

 

 

  • «Павлодар облысының  Медициналық қауымдастығы  «Саламатты Павлодар»қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі Қауымдастық) Павлодар облысы денсаулық сақтау жүйесінің медициналық және медициналық емес қызметкерлерінің (бұдан әрі денсаулық сақтау мамандары) құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғау мақсатында өз еріктерімен бірлескен азаматтар мен заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестік мүшелігінің негізінде құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым.

 

  • Қауымдастық Павлодар облысы мен Павлодар қаласының аумағында әрекет етеді.

 

  • Қауымдастық атауы:

Мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Павлодар  облысының  Медициналық қауымдастығы  «Саламатты Павлодар»  Қоғамдық бірлестігі».

Орыс тіліндегі толық атауы – «Общественное объединение «Медицинская  ассоциация «Саламатты Павлодар»  Павлодарской области».

Ағылшын тіліндегі толық атауы – «Public organization  Medical associatiоn of Pavlodar region  «Salamatty Pavlodar».

 

  • Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасы Ата заңына, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қыркүйектің 18-күнгі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың      «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

 

  • Қауымдастықтың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140 000 Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Луначарский көшесі, 1

 

  1. Қауымдастықтың заңды мәртебесі

 

  • Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өзінің заңды тұлға ретіндегі құқығына ие болады.

 

2.2 Қауымдастық өз меншігінде мүлікке ие бола алады, мүліктік және жеке мүліктік құқыққа ие болып, сотта шағымданушы немесе жауапкер бола алады. Қауымдастықтың өзінің жеке балансын, есепшотын, соның ішінде валюталық және банктік есепшот, ұйым атауы бар мөр, штамп, белгіленген тәртіптегі бланкілерді иемдену құқығы бар.

  • Қауымдастықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысының аумағында өз филиалдары мен уәкілеттіліктерін құру құқығы бар.

 

  • Қауымдастық өз қызметінен қандай да бір пайда табуға және ол пайданы қауымдастық мүшелерінің арасында таратуды өзінің басты мақсаты етпейді.

 

2.5. Қауымдастық мүшелері ұйымның міндеттемелеріне, ал Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері үшін жауап бермейді.

 

  1. Қауымдастық қызметінің мән-мағынасы мен мақсаты

 

3.1. Қауымдастық қызметінің мән-мағынасы болып:

— Қауымдастық мүшелерінің белсенді кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жағдайлар жасау;

— Қауымдастық мүшелерінің кәсіби, әлеуметтік, заңды құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

— медицина қызметкері мамандығын дәріптеу табылады.

 

3.2. Қауымдастықты құру мақсаты қызметі болып:

— медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту;

— жоғары кәсібилік, гуманизм мен қайырымдылық негізінде медицина мамандығының мәртебесі мен әлеуметтік маңызын арттыру;

— халық денсаулығын сақтау мақсатында медицина ғылымы мен тәжірибесін дамытуға қатысу;

— денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді зерттеу;

— жаңадан пайда болған альтернативті денсаулық сақтау құрылымдарын қолдау;

— медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының әлеуметтік-экономикалық және кәсіби мүдделерін қорғау;

— қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және жүзеге асыру табылады.

 

3.3. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қауымдастық келесі міндеттерді атқарады:

— халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыпт астыруға қатысу;

— отандық денсаулық сақтау жүйесін демократизациялауға атсалысу;

— денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша келешекті және ағымдағы бағдарламаларды жасауға қатысу;

— медицина қызметкерлеріне біліктілік санатын тағайындауға арналған аттестацияларға қатысу;

— медициналық көмек сапасы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау критерийлерін анықтау стандарттарын жасауға қатысу;

— барлық деңгейдегі медициналық кадрлардың практикалық қызметі мен оларды даярлау жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау;

— медициналық қызмет көрсету сапасы туралы халықтың көзқарасын зерттеу;

— медицина қызметкерлерінің өз кәсіби парызын орындау кезіндегі адамгершілік және этика қағидаларының бұзылу жағдайларымен күреске қатысу;

— адам денсаулығына қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін әрекеттерге баратын әртүрлі ұйымдардың іс-әрекетіне қоғамның және құзіретті органдар мен жеке тұлғалардың назарын аударып, олардың жұмысын тоқтатуға мақсат қою;

— Жер жүзінде бейбітшілікті сақтау, экологиялық мәселерді шешу, т.с.с сұрақтар бойынша қоғаммен өзара байланыста болу;

— халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

— отандық денсаулық сақтау тарихын, медицинадағы халық дәстүрін зерттеу және олардың дамуына атсалысу;

— денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру және оларға қатысу;

— денсаулық сақтау мамандарының кәсіби мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;

— аймақтағы емдеу-алдын алу ұйымдарындағы (бұдан әрі ЕАҰ) медицина қызметкерлерінің байланысын бекіту;

— алыс және жақын шетелдердегі медицина ұйымдарымен байланысты бекіту;

— іскери ынтымақтастық мақсатында медицина қызметкерлерінің халықаралық қоғамдық ұйымдарымен, шетел фирмаларымен, бірлестіктерімен, кәсіпорындарымен және қорларымен байланыс орнату;

— медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасына тәуелсіз сараптамалар жүргізу.

 

3.4. Өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Қауымдастық:

— денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді, заң жобаларын, бағдарламаларды қарастыратын сессиялар, коллегиялар, комиссиялар т.б. формалардың жұмысына қатысуға;

— өз әрекеті бойынша ақпараттарды еркін таратуға;

— Қауымдастық мүшелерін сайланбалы және мемлекеттік органдардың жұмысына қатысуға үміткерлікке ұсынуға;

— қоғамдық өмірдегі әртүрлі мәселелер бойынша бастамалар көтеріп, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына ұсыныстар енгізуге;

— медициналық қызметкерлер жұмысының сапасын және кәсіби әрекеттерін бақылаужүйесі бойынша республикалық стандарттарды жасау және енгізуге атсалысуға;

— Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңында қарастырылған өкілеттіліктерін толық көлемде жүзеге асыруға;

— мемлекеттік органдар мен сот орындарында, жергілікті басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерде өз құқықтары мен өз мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

— Қауымдастық мүшелерінің кәсіби әрекеттерін акредитациялау, сараптау кезінде, олардың  аттестациядан, сертификаттау мен лицензиялаудан өту кезінде мүдделерін қорғауға;

— семинарлар, семинарлар, конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастырып өткізу, Қауымдастық мүшелерін тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында әртүрлі медицина мекемелеріне, соның ішінде шетел мекемелеріне жіберуге;

— республикалық және шетелдік қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнатып, делегациялармен ауысып, өз мүшелерін халықаралық көрмелер мен семинарларға, конференциялар мен әртүрлі шараларға жіберуге;

— денсаулық сақтау мамандарының этикалық нормаларды бұзу жағдайларымен байланысты мәселелерді шешуге атсалсуға;

— денсаулық сақтау саласындағы аттестациялық, біліктілік комиссияларының жұмысына қатысуға;

— денсаулық сақтау мамандарының азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да құқықтарын қорғап, олардың құқықтары бұзылған жағдайда оларға заңдық, әлеуметтік және қоғамдық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге;

— медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақысының дұрыс төленуін бақылау, оларға заңды түрде тиесілі жеңілдіктер мен өтемақылардың төленуін қадағалауға;

— медицина қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында Қауымдастықтың қаржысын тұрғын үй құрылысына бағыттауға;

— денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз оқыту (біліктілігін арттыру) жүйесін дамытуға атсалысуға;

— медицина және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ақпараттарды жинап, зерттеу, оларды барлық мүдделі тұлғалар, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар мен қауымдастықтарға тарату;

— бұқаралық ақпарат құралдарын құрып, Қауымдастықтың мақсаты мен міндетіне сай баспа ісімен (газет, ғылыми-практикалық, арнайы, ғылыми-танымдық журналдар, бюллетендер; аудио, бейнежәне компьютерлік бағдарламалар) айналысуға;

— бұқаралық ақпарат құралдарына денсаулық сақтау мәселелерін жариялауға;

— әртүрлі ұйым, қозғалыс, сала өкілдерімен кездесулер, семинарлар, симпозиумдар, конференциялар, конкурстар, аукциондар, жәрмеңкелер және басқа да мәдени-сауық шараларын ұйымдастырып, өткізуге;

— өз бағдарламаларын жасап, жүзеге асыруға;

— қайырымдылық акцияларына қатысуға;

— денсаулық сақтау мекемелері мен органдарының жұмысы туралы қоғамдық пікірлерді зерттеп,  талаптарды ескере отырып, нақты іс-шаралардың жоспарын құруға;

— түсіндіру жұмыстары арқылы ерікті жарналар мен ақшалай қайырларды жинап, оларды жағы мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсауға;

— емдеу мекемелерінің жұмысына жаңа экономикалық принциптерді енгізу, сақтандыру медицинасын енгізу сияқты ұсыныстарды жасап, оларды мемлекеттік үкімет пен жергілікті басқару органдарына ұсынуға құқылы.

 

3.5. Өзінің жарғылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру шеңберінде Қауымдастық:

— Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ жарғыда көрсетілген нормаларды сақтауға;

— өз мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

— тіркеуші органдарды өздерінің мекен-жайларының өзгеруі, басшыларына қатысты өзгерістер жөнінде бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енетін мәліметтер көлемінде хабардар етуге міндетті.

 

3.6. Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда Қауымдастық азаматтардың жынысы, жасы, түр-түсі, нәсілі, тілі, дінге қатысы, әлеуметтік жағдайы, денсаулық жағдайы мен жұмыс істеу қабілетіне қарамастан әрекет етеді.

 

3.7. Қауымдастық өз қызметінің мән-мағынасы мен мақсатына қарама-қайшы келетін іс-әрекеттер мен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

 

 

  1. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

4.1.Қауымдастық мүшелері болуы мүмкін:

— нақты

— құрметті

Нақты мүшелері болып дипломы бар медицина қызметкерлері мен арнайы немесе жоғары білімі бар денсаулық сақтау жүйесінің медициналық емес қызметкерлері табыла алады.

Құрметті мүшелері болып отандық денсаулық сақтау саласына маңызды үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары сайлана алады. Сондай-ақ Құрметті мүшелікке медициналық ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласына белсене атсалысып, аймақтың денсаулық сақтау ісіне, өзара ынтымақтастықты дамытуға үлесін қосқан шетел азаматтары сайлана алады.

 

  • Қауымдастық мүшелерінің сандық құрамының тізімін Қауымдастық төрағасы жасауға және сақтауға міндетті.
  • Қауымдастық мүшелері болып табылатын жеке тұлғалардың басқа мүшелермен құқықтары тең және тең міндеттерді орындайды.

 

  • Қауымдастық мүшелігіне дауыс беру арқылы Қауымдастық кеңесінің шешімімен қабылданады. Жеке тұлғаларды Қауымдастыққа қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

 

  • Қауымдастыққа кіруге шешім қабылдаған денсаулық сақтау субъектісінің ұжымы өз шешімін әр жұмыскердің қолы қойылған тізімді беру арқылы растай алады.

 

  • Қауымдастық кеңесі өз қарауы бойынша жаңа адамдарды Қауымдастыққа қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім шығарады. Қауымдастыққа қабылдауға өтініш білдірген тұлғаның талабы бойынша Қауымдастық төрағасы осы мәселенің шешімі қабылданған хаттамадан көшірме беруге міндетті.

 

  • Қауымдастық мүшелері:
  • Қауымдастық ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысуға;
  • Қауымдастықтың басқару және бақылау-ревизиялық органдарына сайлауға қатысуға және сайлануға;
  • Қауымдастық тарапынан, оның басқару органдары мен бақылау органдары тарапынан өз құқықтары мен міндеттерінің қорғалуына;
  • Қауымдастық мүшесіне қатысты Кеңес отырысында, бақылаушы органдарда істің әділетті қарастырылуына;
  • Қауымдастық қызметі туралы ақпарат сұратқан жағдайда Қауымдастық төрағасынан бір айдың ішінде толық ақпарат алуға;
  • Қауымдастықтың басқару органдарына оның қызметі жөнінде ұсыныстар жасауға;
  • Қауымдастық мүшелігінен өз еркімен шығуға;
  • Осы жарғыға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға құқылы.

 

  • Қауымдастық мүшелері:

1) Қауымдастық жарғысы мен Қауымдастық қызметін реттемелейтін қағидаларды ұстануға;

2) медициналық практиканың моральды-этикалық және құқықтық нормаларын сақтауға;

3) Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдерін орындауға;

4) Қауымдастық жұмысына атсалысуға;

5) кез-келген формада Қауымдастыққа зиян келтірмеуге;

6) белгіленген тәртіппен уақтылы түрде мүшелік жарналарды төлеп отыруға;

7) Осы жарғыға сәйкес басқа да міндеттемелерді орындауға міндетті.

 

4.9. Қауымдастық мүшелігі келесі жағдайларда тоқталылуы мүмкін:

1) Қауымдастық мүшесі тарапынан мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініш түскен жағдайда;

2) осы жарғының ережелері орындалмаған жағдайда – Қауымдастық кеңесінің шешімі бойынша;

3) Қауымдастық мүшесі болған жеке тұлғаның қайтыс болуына байланысты.

 

4.10.  Қауымдастықтан өз еркімен шыққан жағдайда тұлғаның Қауымдастық төрағасының атына мүшеліктен шығу туралы өтініш жазған сәттен бастап, шешім шығарылады. Қауымдастық кеңесінің шешімі бойынша шығарылған жағдайда осы шешім шығарылған күннен бастап мүшелік тоқтатылады.  Қауымдастыққа мүше азамат қайтыс болған жағдайда осы уақиға орын алған күннен бастап мүшеліктен шығарылады.

 

4.11. Қауымдастық мүшесінің мүшеліктен шығуын растайтын құжат күшіне енгеннен бастап 3 (үш) күн ішінде Төраға Қауымдастық мүшелерінің тізімін қайта қарап, өзгерістер енгізуі керек. Қауымдастық мүшелерінің тізіміне өзгерістер келесі негіздемелер негізінде енгізідеді:

— азаматтың өз еркімен мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініші;

— Қауымдастық Кеңесінің шешімімен шығарылған жағдайда, соған сәйкес шешім.

 

4.12. Қауымдастықтың құрметті мүшелері кіру жарналары мен ай сайынғы мүшелік жарналардан босатылады.

 

4.13. Қауымдастық мүшелігінен шығарылуға негіз болып келесі жағдайлар табылады:

— осы Жарғыда көрсетілген тәртіп бойынша ай сайынғы мүшелік жарналарды уақтылы төлемеу;

— Қауымдастық қызметіне енетін жұмыстарға қатысудан бас тарту;

— Қауымдастыққа мүліктік зиян келтіру;

— Қауымдастық кеңесі теріс деп тапқан басқа да себептер бойынша мүше адамның әрекеттері (әрекет етпеуі) Кеңестің алдына қойған мақсат-мүдделеріне сай емес деп есептеледі.

 

4.14. Қауымдастық мүшелеріне бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.

 

  1. Басқару органдары

 

  • Қауымдастықтың басқару органдары болып:
  • Қауымдастық мүшелерінің конференциясы
  • Қауымдастық кеңесі
  • Қауымдастық төрағасы табылады.

 

  1. Қауымдастық мүшелерінің конференциясы

 

  • Қауымдастықтың жоғары басқару органы болып Қауымдастық мүшелерінің конференциясы (бұдан әрі конференция) табылады. Қауымдастық конференциясы Қауымдастық мүшелерінен тұрады.

 

  • Қауымдастық қонференцияны кем дегенде жылына бір рет өткізеді.

 

  • Қауымдастық төрағасы Кеңес отырысында бекітілген қонференцияны шақыру және өткізу ережелеріне сай конференция шақырылымын жүзеге асырып, ұйымдастырып өткізеді.

 

  • Кезектен тыс конференцияны Қауымдастық төрағасы келесі жағдайларда шақырады: — Қауымдастық төрағасының өзінің шешімі бойынша;

— Қауымдастық кеңесінің ұсынысы бойынша;

— Қауымдастықтың Бақылау-ревизиялық комиссиясының талабы бойынша;

— Қауымдастық мүшелерінің 2/3 (үштен екі) бөлігінің талабы бойынша;

 

  • Конференция Қауымдастық қызметіне байланысты барлық мәселелерді шешуге құқылы.

 

6.6. Конференцияның ерекше құзіреттілігіне келесі мәселелер жатады:

1) Қауымдастықтың құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен қабылдау;

2) Қауымдастықтың ерікті түрде жабылуы және жойылуы;

3) Қауымдастықтың басқару органының құзіреттілігін, ұжымдық құрылымын, оның уәкілеттілігінің тоқтатылуы мен жаңадан құрылуы туралы ереженіанықтау;

4) атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртібі мен мерзімін,  сондай-ақ бақылаушы органдардың тексеру жүргізу тәртібі мен олардың нәтижелерін бекіту тәртібін анықтау;

5) заңнамалық актілер аясында Қауымдастықтың өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға қатысу туралы шешім қабылдау;

6) Қауымдастық қызметінің басымды бағыттарын, ұйым мүлігін қалыптастыру мен қолдану принциптерін анықтау;

7) Қауымдастық мүшелері арасынан ұйым төрағасын сайлау немесе оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

8) ) Қауымдастық мүшелері арасынан Бақылау-ревизия комиссиясын сайлау немесе оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

9) Кеңес мүшелерін сайлау немесе оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

10) кіру жарнасының және ай сайынғы төленетін жарналардың мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімін белгілеу;

 

6.7. Конференцияның ерекше құзіреттілігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Қауымдастық қызметінің басқа мәселелері де жатқызыла алады.

 

6.8. Қауымдастық конференциясын қатысу құқығына делегат болып сайланған Қауымдастық мүшесі ие болады. Делегатты сайлау тәртібі Кеңес отырысында бекітілген қонференцияны шақыру және өткізу ережелеріне сай анықталады.

 

6.9. Конференцияға қатысатын делегаттардың жалпы саны 50 (елу делегаттан) кем болмауы тиіс.

 

6.10. Дауыс беру кезінде әрбір делегат бір дауысқа ие болады.

 

6.11. Конференцияға делегат болып сайланған тұлғалардың жартысынан көбі қатысқан кезде ғана конференция заңды құқылы болып табылады.

 

6.12. Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім отырысқа қатысқандардың   көпшілігінің дауыс беруімен қабылданады.  Конференцияның ерекше құзіреттілігіне жататын мәселер бойынша шешімдер отырысқа қатысқандардың  2/3 бөлігінің бірауыздан дауыс беруімен қабылданады.

 

  1. Қауымдастық кеңесі

 

  • Қауымдастықтың тұрақты түрдегі алқалыбасқару органыболып Қауымдастық кеңесі табылады (Бұдан әрі «Кеңес»).
  • Кеңес мүшелері Конференцияда Қауымдастық мүшелерінің ішінен 3 (үш) жылға сайланады.

 

  • Кеңес құрамына кем дегенде 10 және ең көбі 20 адам кіруі керек.

 

  • Кеңес отырысы кем дегенде бір тоқсанда бір рет, ал қажет болған жағдайда төмендегі адамдардың:

— Қауымдастық кеңесі мүшелерінің кем дегенде 20 (жиырма) пайызы;

— Қауымдастық   мүшелерінің кем дегенде 20 (жиырма) пайызы;

— Қауымдастық төрағасының бастамасымен өткізіледі.

 

7.5. Төраға, немесе ол жауапты етіп тағайындаған тұлға Қауымдастықты басқару органдары туралы Ережеге сай, Кеңес отырын шақырып, ұйымдастырып өткізеді.

 

7.6. Кеңес өткізілген күннің датасы, уақыты мен өткізілетін жері туралы ақпаратты Төраға Қауымдастық мүшелерінің тізімінде көрсетілген мекен-жайлары бойынша алдын ала жіберуі қажет.

 

7.7. Кеңес отырысының күн тәртібі:

— Қауымдастық төрағасының;

— Қауымдастық кеңесі мүшелерінің;

— Қауымдастықтың бақылау-ревизиялық мүшелерінің;

—  Қауымдастықтың кез-келген мүшесінің ұсынысымен құрастырылады.

 

7.8. Кеңес құзіреттілігіне жатады:

1) Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасарын сайлау;

2) Қауымдастық мүшелерінің санын, еңбекақыларын төлеу тәртібін бекіту;

3) негізгі қызмет бағыттары бойынша комиссия құрамы мен комитеттерді құру;

4) Қауымдастық шығындары мен кірістерінің сметасын, жұмыс жоспарын бекіту, шығындар жоспарына өзгерістер енгізу;

5) Қауымдастық қызметін реттемелейтін ережелерді бекіту;

6) Төрағаның есептерін бекіту;

7) Конференцияның ерекше құзіреттілігіне жатпайтын Қауымдастықтың басқа да мәселелерін шешу.

 

7.9. Кеңес отырысының 2\3 бөлігі қатысқан кезде ғана  Кеңес заңды құқылы болып табылады.

 

7.10. Кеңестің әрбір мүшесі отырыста бір рет дауыс беруге құқылы. Кеңес отырысының шешімі отырыс мүшелерінің көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыс тең түскен жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 

7.11. Кеңес мүшелігінің өкілеттілігі  келесі жағдайларда тоқталылуы мүмкін:

— Кеңес мүшесі тарапынан мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініш түскен жағдайда;

— қауымдастық мүшелігінен шыққан жағдайда;

—  Қауымдастық мүшелері конференциясының Кеңес мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімімен;

— Кеңес мүшесініңқайтыс болуына байланысты.

 

 

7.12. Кеңес мүшесі өз қызметінде Төраға мен Қауымдастық конференциясы алдында есеп беруге міндетті.

7.13. Осы жарғыда қаралмаған Қауымдастық кеңесі қызметінің мәселелері Қауымдастықты басқару органдарының  Ережесімен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қауымдастық төрағасы

 

  • Қауымдастық төрағасын қауымдастық мүшелері ішінен кеңес алқасы 3 (үш) жыл мерзімге сайлайды.

 

  • Қауымдастық төрағасы:
  • Қауымдастық мүддесін мемлекеттік және атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, құқық қорғау органдары, т.б. алдында қорғайды;
  • Бекітілген сметаға сәйкес Қауымдастық мүлкін және қаржысын пайдаланады;
  • Жарғылық іс-әрекет аясында келісім-шарттар жасасып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Банктерде есеп-шот және басқа да шоттарды ашады және жабады;
  • Қауымдастық аппаратының барлық қызметкерлеріне және қауымдастық мүшелеріне міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар дайындайды;
  • Қауымдастық кеңесінің конференция жұмысын ұйымдастырып, олардың отырыстарын жүргізеді;
  • Өз құзіреттілігіне жататын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

  • Төраға жұмыста жоқ кезде оның міндеттерін төраға орынбасары орындайды.

 

  • Төрағаның өкілеттілігі келесі жағдайларда мерзімнен тыс тоқтатылуы мүмкін:

— өкілеттілікті тоқтату туралы өз еркімен өтініш білдірген жағдайда;

— Қауымдастық мүшелігінен өз еркімен шығу туралы өтініш білдірген жағдайда;

— Қауымдастық құрамынан шығарылған жағдайда;

— мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтату туралы конференция шешімі қабылданған жағдайда;

— қайтыс болған жағдайда.

 

  1. Қауымдастық мүлігі

 

  • Қауымдастық өз меншігінде жер телімдерін ғимараттарды, құрылыстарды, имараттарды, баспаналарды көлік, құрал-жабдықтар, мүккәмәл, мәдени-ағарту және сауықтыру бағытындағы мүліктерді және өз қызметін материалдық қамтамасыз етуге қажетті басқа да мүліктерді иемденуі мүмкін. Сондай-ақ, Қауымдастық меншігінде оның жарғылық мақсатына сай Қауымдастық қаржысына құрылған мекемелер, баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары болуы мүмкін.

 

  • Қауымдастық өз меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беруге, алуға, алып қоюға құқылы. Ассоциация имеет право приобретать, отчуждать, сдавать в аренду движимое и недвижимое имущество, находящиеся в ее собственности.

 

  • Қауымдастық мүлкі келесі қорлардан қалыптасады:

— мөлшерін Қауымдастық Кеңесі белгілейтін ай сайынғы және кіру мүшелік жарналары;

— жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі қайырымдылық жарналары:

— заңда қарастырылған жағдайларда тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен пайда  (кіріс);

— заңға қайшы келмейтін басқа да кірістер.

 

  • Қаржылар Қауымдастық Кеңесі бекіткен смета бойынша жұмсалады.

 

  • Мүлік иесі болып Қауымдастық табылады, Қауымдастықтың жеке мүшесі Қауымдастыққа тиесілі мүлікке үлескер болуға құқығы жоқ. Қауымдастық мүшелері Қауымдастыққа берілген мүлікке, соның ішінде кіру жарнасына ие болу құқығын сақтай алмайды.

 

 

9.6. Қауымдастық өз мүлігін пайдалану туралы жылдық есеппен танысуға қолжетімдылыкті қамтамасыз етеді.

 

  1. Қауымдастықтың кәсіпкерлік (қаржы-шаруашылық) қызметі

                                             

 

  • Қауымдастықтың кәсіпкерлікті жүзеге асыру құқығы жарғыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажет.

 

  • Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті мүліктерді сатып алу құқығы бар.

 

  • Қауымдастықтың кәсіпорындар, кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (емдеу профилактикалық құрылымдар, дәріханалар, зертханалар, т.б.) құру құқығы бар.

 

  • Қауымдастықтың кәсіпкерліктен түскен пайдасы Қауымдастық мүшелерінің арасында таратылмайды, тек Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылады. Қауымдастық қаржысын қайырымдылық мақсатында пайдалануға рұқсат етіледі.

 

  • Қауымдастық несие беру мекемелерінде есеп-шоттарын аша алады және Қауымдастықтың қаржысын пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттарда Қауымдастық Төрағасының қолы болуы тиіс.

 

  1. Қауымдастықтың бақылау-ревизиялық комиссиясы

 

  • Қауымдастықтың қаржы-шаруашылық қызметін бақылау конференцияда 3 (үш) жыл мерзімге сайланған бақылау-ревизиялық комиссиясы жүзеге асырады. Төраға Кеңес мүшелері мен Қауымдастық аппаратының жауапты қызметкерлері бақылау-ревизия комиссия мүшелері бола алмайды.

 

  • Бақылау-ревизиялық комиссиясының құрамында кем дегенде 3 адам болуы керек.

 

  • Бақылау-ревизиялық комиссиясы жыл сайын тексеріс жұмыстарын жүргізіп, Кеңес алдында жауап береді. Сондай-ақ, бақылау-ревизиялық комиссиясы келесі жағдайлар бойынша тексерістер жүргізуі мүмкін:

— өз бастамасы бойынша;

— Қауымдастық Кеңесінің тапсырмасы бойынша;

— Қауымдастық мүшелерінің  50 %  талабы бойынша.

 

  • Бақылау-ревизия комиссиясының қызметі бақылау-ревизия комиссиясы туралы ережемен реттеледі.

 

 

 

  1. Есеп және есеп беру

 

 

  • Қауымдастық өз қызметін қаржы-шаруашылық жұмысының бекітілген ағымдағы және болашақ жоспарлары негізінде жүзеге асырады.

 

  • Қауымдастық есепте берілген ақпараттың шынайылығына жауап береді.

 

  • Қауымдастық жұмыскерлерінің жеке құрамы жайындағы ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етеді және қауымдастық жойылған жағдайда заңмен белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсырады.

 

  1. Халықаралық байланыстар

 

  • Қауымдастық халықаралық қоғамдық бірлестіктерге еніп, осы халықаралық бірлестіктер мәртебесіне сай міндеттерді атқару құқығына ие болып, тікелей халықаралық байланыстар орнатып, олармен келісімдер жасаса алады.

 

  1. Филиалдар мен өкілдіктер

 

  • Қауымдастық филиалы болып Қауымдастықтан тыс жерде орналасқан және оның қызметінің бір бөлігін, соның ішінде өкілеттілік қызметті атқаратын құрылымдық бөлімше табылады.

 

  • Қауымдастық өкілдіктері болып Қауымдастықтан тыс жерде орналасқан және Қауымдастықтың мүддесін қорғап, оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.

 

  • Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып есептелмейді. Олар Қауымдастық мүлкін пайдаланып, оның бекіткен ережесі негізінде әрекет етеді. Филиалдың немесе өкілеттіліктің мүлкі бөлек баланста және Қауымдастық балансында есепке алынады.

 

  • Филиал мен өкілеттілік Қауымдастық атынан әрекет етіледі. Олардың қызметі үшін Қауымдастықтың өзі жауап береді.

 

  1. Қауымдастықты жою және қайта ұйымдастыру

 

  • Қауымдастықты жою және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша жүргізіледі.

 

  • Қауымдастық қайта ұйымдастырылғаннан кейін оның мүлкі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіп бойынша Қауымдастықтың құқықтық мирасқорлығы болып табылатын заңды тұлғаға өткізіледі.

 

  • Қауымдастықтың жойылу нәтижесінде қалған мүлік кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін осы жарғыда қарастырылған мақсаттарға бағытталады.

 

  • Қауымдастық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестріне шығарылған сәттен бастап, оның қызметі тоқтатылып, жойылған болып есептеледі.

 

 

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  • Қауымдастық Жарғысына жасалатын өзгерістер мен толықтырулар конференция шешімімен, конференцияға қатысқан делегаттардың 2\3 бөлігінің дауыс беру нәтижесі бойынша бекітіліп, заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге алынады.

 

 

Қауымдастық төрағасы                                                  А.Ж.Сабырханова


PDF жүктеу

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа