140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысы медициналық ұйымдарының басшылары

Jpeg

Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов

1962 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында туған.

1980 жылы  Семей мемлекеттік медициналық  институтының емдеу ісі факультетінің 1 курсына оқуға түсті. 1986 жылы бітірген соң, терапия мамандығы бойынша Павлодар қаласының №2 қалалық ауруханасында интернатурадан өтті.

1988 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында КСРО қарулы күштері қатарында медициналық қызмет бөлімінің бастығы лауазымында қызметін өтеді.

1990 жылдан бастап 1992 жылдар аралығында Павлодар алюминий зауытының медициналық-санитариялық бөлімінде терапевт дәрігер болып қызмет атқарды.

1992 жылдан бастап 1995 жылдар аралығында эндоскопист дәрігер қызметіне ауысты.

1995 жылдан бастап 1997 жылдар аралығында Павлодар алюминий зауытының медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері болып тағайындалды.

1997 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласының қалалық аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері болып тағайындалды.

2004 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында Павлодар ауданы денсаулық сақтау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2005 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында «Павлодар нефтехимиялық зауыты» ЖАҚ «Нефтехимик» профилакториясының бас дәрігері болып тағайындалды.

2009 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Кастинг» ЖШС ПФ директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап 2014 жылдар аралығында «Павлодар қаласының №4 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері болып қызмет атқарды.

Үйленген, 2 баласы, 1 немересі бар.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


aligozhin

Әлігожин Марат Қабиденұлы

1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.

1986 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп шығып, «Дәрігер» деген квалификация берілді. 1987 жылы аннестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша интернатураны өтті.

Еңбек өтілін 1987 жылы Щербақты орталық аудандық ауруханасында анестезиолог дәрігері ретінде бастады. Жалпы еңбек өтілі 29 жыл.

1987 жылдың тамыз айынан бастап 1988 жылға дейін Щербақты орталық аудандық ауруханасында анестезиолог дәрігері ретінде жұмыс атқарды.

1988 жылдың қазан айында Павлодар қаласының №1-ші қалалық ауруханасының реанимация бөліміне анестезиолог дәрегірі болып ауыстырылды.

2004 жылдың желтоқсан айынан жұмылдыру жұмыстары бойынша бас дәрігердің орынбасары ретінде тағайындалды.

2011 жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар қаласының «Нефтехимик» профилакториясының бас дәрігер ретінде жұмыс атқарды.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап ШЖҚ-дағы «Екібастұз қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның бас дәрігердің міндетін атқарады, 2014 жылдың ақпан айынан бастап бас дәрігер болып тағайындалды.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап ШЖҚ-дағы «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» КМК-ның бас дәрігердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.


Арынов Серикжан Арынович

ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

Туған  жылы: 27 қазан 1974 жылы. Туған  жері: Қарағанды қаласы. Отбасылық  жағдайы: үйленген, 2 баласы бар.  ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық  аурухансының» КМК бас дәрігері.  Білімі: Жоғары, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына 1992 жылы түсіп — 1997 жылы бітірді, «Тіс дәрігері».

Жұмыс тәжірбиесі: 1997-2004 ж.ж. — Абай СУА бас дәрігер болып қабылданды. 2004-2006 ж.ж. — Ертіс ауданың денсаулық сақтау бөліміне бас дәрігер болып кабылданды.

2006-2007 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет ауыстыру тәртібемен Ертіс ауданың бас маман өкілі денсаулық сақтау бөлімі. 2007 ж. – Ертіс орталық аудан ауруханасына бас маман ретінде қабылданды.

2007-2010 ж.ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау бөлімі «Ертіс ауданының емханасына» бас дәрігері болып тағайындалды.

2010-2012 ж.ж. – Ертіс орталық ауданың аурухана бас дәрігер міндеттіне тағайындалды.

07.05.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан ауруханасың уақытша бас дәрігердің міндеттін атқарды.

16.07.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан аурухансына бас дәрігер болып тағайындалды.

09.07.2015 ж. — ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасының» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

Жетістіктері: 2014жылы Ақтоғай аудан әкімінің Құрмет грамоттасымен марапаталды.

2015 жылы Павлодар облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапаталды


akhmetzhanov

Қанадан Қанашұлы Ахметжанов

ШЖҚ «Павлодар облыстық Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері

1961 жыл, 29 наурыз Павлодар облысы, Ленин кентінде туды.

1978-1988жж. Семей мемлекеттік медициналық институты, «Емдеу ісі» мамандығы, дәрігер-емдеуші біліктілігі берілді.

Денсаулық сақтаудың жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушысы.

Екінші жоғарғы білімі: Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, «Экономика» мамандығы, академиялық дәрежесімен бакалавр-экономист біліктілігі берілді.

1988 қыркүйек-1990 қыркүйек. Аспирантура (БҒХО) ССРО медицина ғылымдары Академиясының Бүкілодақтық ғылыми хирургия орталығы, Мәскеу қаласы.

1991ж. наурыз-1993ж. қазан. ДЖФ төтенше жағдайлар және қауырт медициналық көмек курсының ассистенті. Павлодар қаласы.

1994ж.қаңтар-1997ж. қыркүйек. ДЖФ катастрофа медицинасы курсының меңгерушісі. Павлодар қаласы.

1997ж.қыркүйек-2009ж.15 наурызы. «Қазақстан Алюминийі» АҚ медициналық орталығының бас дәрігері. Павлодар қаласы.

2010ж.12 наурызынан бастап-2010ж. 17 мамыры. Павлодар қаласының № 4 емханасының бас дәрігері.

2010ж.17 мамырынан бастап -ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері.

2010ж.15 қыркүйегінен бастап,Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы.

Оқу дәрежесі бар: медицина ғылымының кандитаты,ВНЦХ Мәскеу қ, 1990 жыл, 11 ғылыми басылымдар.

Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» Ордені.

Ведомстволық наградалар:

  • «ҚР Денсаулық сақтаудағы үздігі» төсбелгісі;
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» 2015 жылғы 28 мамырдан төс белгісі;
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай медалі.
  • Павлодар облысының денсаулық сақтау Департаментінің құрмет грамотасы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы- 2010 жыл.

Павлодар облысының денсаулық сақтау Басқармасының құрмет грамотасы 2011 жылғы 25.03-нен №169-Ө бұйрығы.

Павлодар қалалық Мәслихатының құрмет грамотасы, 2011 жылғы 21.18 наурыздағы өкімі.

Павлодар облысының Әкімі «Алғыс хаты» 2012 жыл.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы.

2017 жылғы 16 маусым Астана қаласында «2017 жылдың үздік денсаулық сақтау менеджері- ұйымдастырушысы» номинациясын бойынша дипломы.

Денсаулық сақтаудағы жұмыс өтілімі 27 жыл, басшылық лауазымында -15 жыл.

Үйленгенмін.Екі қызым бар


aidarhanova

Айдарханова Зәуре Байділдәқызы

ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1974 жылы 17 сәуір күні Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасы, 2 баласы бар.

1981 жылдан 1991 жылға дейін  Қызылорда қаласында, Қызылорда жалпы білім беретін мектепті бітірді.

1992 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтына түсті.

1998 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша  бітірді.

Интернатура өткеннен кейін, 1998 жылдан бастап 2004 жылға дейін кешкі және түнгі уақыттаға стационарларында шұғыл көмек көрсету бойынша учаскелік терапевт дәрігері лауазымында жұмыс істеді.

2004 жылдың шілдесінен 2005 жылдың сәуір айына   дейін,  Павлодар қаласының №1 ауруханасында терапевт  дәрігерінің лауазымында жұмыс істеді.

2005 жылдың сәуірінен 2006 жылдың шілдесіне дейін Павлодар қалалық №1 ауруханасында терапевт дәрігері лауазымында  жұмыс атқырды. 2006 жылы шілде айынан Жетекші ауылының ФАП-на терапевт дәрігері лауазымына қабылданды.

2007 жылдың наурызынан  Жетекші дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері  міндетін атқарды.  2007 жылы 12 маусымда Жетекши дәрігерлік амбулаториясының  аға дәрігері  лауазымына тағайындалып, осы лауазымында 2009 жылдың 14 қазанға дейін жұмыс істеді.

2009 жылдың қазанынан  2011 жылдың 16 қазанына дейін, Актоғай орталық аудандық ауруханасы КҚМК-ның бас дәрігері лауазымында жұмыс істеді.

2011 жылғы 17 қазан  айынан  Лебяжі ОАА  КҚМК  бас  дәрігері міндет атқарушы лауазымында   жұмыс істеді, 2011 жылдың желтоқсан айынан бас дәрігері лауазымына тағайындалды.  КҚМК «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» қайта құрылуына байланысты, 2014 жылы ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері лауазымына қайта тағайындалды.

Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша   1 санаты бар.

2013 жылы Шәкәрім атындағы СММУ екінші жоғары білім алып,  «Менеджмент мамандығы» бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алды.

2016 жылы Павлодар қаласынының  ҰИЕУ-ң «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша  магистр  академиялық дәрежесін алды.

19 жыл 10 ай  жалпы жұмыс өтілім  бар, оның ішінде ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері лауазымындағы  өтілі  6 жыл.


akhmenova

Сауле Сабенқызы Ахменова

ШЖҚ «Качиры орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушысы

1965 жылдың 8 қарашасында Ресей Федерациясы, Новосібір облысы, Қарасуық ауданы, Тоқпан ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген.

1980 жылы Лазовск орта мектебін бітіріп, сол жылы Павлодар медициналық училищесіне оқуға түсті. 1983 – 1987 жылдар аралығында Успенка орталық аудандық ауруханасында  медбике болып жұмыс атқарды. 1987 жылы Актюбинск мемлекеттік медициналық институна оқуға түсті. 1994 жылы емдеу саласы бойынша Актюбинск мемлекеттік медициналық институн  бітірді.

Оқу бітіргеннен соң Успенка орталық аудандық ауруханасында отолоринголог дәрігері боп қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап «Качир аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы» ММ-нің бас дәрігері боп тағайындалды. 2013-2016 жылдар аралығында «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМКМ –нің «Качир аудандық туберкулезге қарсы диспансері » ММ-нің орынбасары боп қызметін атқарды.

2016 жылдың 18 қазанынан бастап, ШЖҚ «Качир орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігерінің міндеттерін атқарып жатыр. 2017 жылдың қыркүйек айында  «Жалпы денсаулық сақтау» мамандығы бойынша екенші біліктілік санаты берілді. «Нұр Отан» Партиясының мүшесі.

№3 Качир сайлау округі бойынша  5 және 6 жинақтау аудандық Маслихаттың депутаты. Қачир ауданы бойынша Қоғамдық Кеңестің төрағасы.


akhmetov

Ахметов Мәрлен Нариманұлы

ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 ауруханасы” КМК бас дәрігері

1968 жылғы  шілденің 01 жұлдызында Павлодар қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ.

1985 жылы Павлодар қаласының № 4 мектебін бітірді, сол мектепті бітіргеннен соң 1985 жылы  Семей  мемлекеттік медициналық институтының  “емдеу ісі” мамандығы бойынша институтқа түсіп, 1991 аяқтады.

1991 жыл мен 1992 жыл аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында “терапия ” мамандығы бойынша интернатурадан өтті, интернатураны бітіргеннен кейін, 1992 жылдан 2002 жылға дейін №1 қалалық ауруханасының нефрология және  созылмалы гемодиализ бөлімшесінде дәрігер-ординатор  қызметін атқарды.

2002 жылдан  2004 жылғы  дейін  Г. Сұлтанов  атындағы облыстық ауруханасының  терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2004 жылы  Г.Сұлтанов  атындағы облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылғы 13 қаңтарда “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал осы жылдың 24 ақпанынан бастап конкурстық негізде  “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігері  болып тағайындалды және аталған кәсіпорында қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді, 2013 жылы Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК атауы ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК болып өзгертілді.

Үнемі кәсіби деңгейін жетілдірумен шұғылданады, төмендегідей біліктілікті жетілдіру курыстарын бітіріп, сертификаттарға ие болды:

-2008 жылы  СММА ПФ “Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері ” циклы бойынша оқу  бітірді;

-2011 жылы Алматы қаласында ТЖ және АҚ саласы бойынша басқарушы құрамның біліктілігін жетілдіру курсын оқып бітірді;

-2011 жылы “ Болашақтың госпиталы ” атты  2-ші Халықаралық форумына қатысты;

-2012 жылы “Қазақстан Республикасындағы  денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдері ” тақырыбы бойынша оқу бітірді.

— 2013 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбы бойынша Алматы қ. оқытудан өттім.

-2014 жылы «Кәсіпорындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау» бойынша курсын өттім.

-2015 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбы бойынша Павлодар қ. оқытудан өттім.

«Қоғамдық денсаулық сақтау ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгісімен марапатталды.


by-un-kui-1

Бай-Юн-Куй Татьяна Германовна

«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК директоры

1964 жылғы 27 қыркүйекте Павлодар облысының  Екібастұз қаласында туған,  ұлты — орыс.

1988 жылы мамандығы — «Емдеу ісі», біліктілігі — емдеуші дәрігер бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған.

1988-1989 жылдар аралығында Екібастұз қаласының қалалық ауруханасында дәрігер-хирург ретінде  жылдық  интернатурадан өткен.

Институтты  тәмамадаған соң  арнайы пәндер оқытушысы ретінде Екібастұз  медициналық    училищесіне жіберілді.

1989-1996 жылдар аралығында Екібастұз  медициналық    училищесінде хирургия пәнінің оқытушысы ретінде  қызмет көрсетті.

1996 жылының  26 маусымында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1996 жылғы  14 маусымдағы №282 бұйрығымен Екібастұз медициналық училищесі  медициналық колледж болып өзгертілді.

1999жылғы    16 наурызда  Екібастұз медициналық училищесі «Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК болып ауысты.

2000 жылдың  04 сәуірінен бастап   бөлім меңгерушісі болып қызмет көрсетті;

2005 жылдың  01 қыркүйегі мен 2012 жыл аралығында  — директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2012 жылдың  08 қарашасы — директордың  тәжірибе  ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.

2013 жылдың  27 маусымынан бастап Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бұйрығымен   «Екібастұз медицинкий колледжі»  КМҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2013 жылғы 27 желтоқсанда  «Екібастұз медициналық колледжі»  КМҚК директоры қызметіне тағайындалып,  бүгінгі  күнге дейін директор қызметін табысты  жалғастыруда.

 2010 жылы арнайы пәндер оқытушысы ретінде жоғары санатқа қол жеткізді;

2015 жылы — жоғары санатты растады.

Мынадай біліктілігін арттыру курстарынан өтті:

2009 жылы   СММУ Павлодар филиалы жанында өткен «Избранные вопросы хирургии»;

Павлодар  қаласы, 2011жыл «Управление развитием пространства в образовательном учреждении»;

-Көкшетау қаласы, 2011 жыл «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерді даярлау жөніндегі  өзекті мәселелер  (профессорлық және педагогикалық құрамдарға арналған)»;

— Астана қаласы,  2012 жылы  «Актуальные проблемы и новые парадигмы в развитии сестринского дела в отечественной и международной практике» атты  алғашқы  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;

-2013 жылы — ҚР білім және ғылым министрлігі «Білім берудегі инновациялар» атты білім берудің I Форумына қатысты;

-2014 жылы   Павлодар  қаласы  «Особенности государственного регулирования системы бухгалтерского учета, финансовой отчетности и госзакупок в государственных учреждениях»;

-2014 жылы   Павлодар  қаласы  «Кадровый документооборот в государственных предприятиях и хозяйственных субъектах»;

-2015 жылы   «Медициналық білім берудің ұлттық орталығы»  ЖШС: «Актуальные вопросы здравоохранения» тақырыбы бойынша;

-2015жылы Екібастұз қаласы  «Оказание неотложной помощи при непроходимости верхних дыхательных путей. Оказание неотложной помощи при остановке сердца. Диагностика острого коронарного синдрома».

 «Жыл оқытушысы», «Ең үздік ОӘК» конкурсына  қатысты, 2011-2012 оқу жылдары  «УМК-картинка» номинациясында   жеңімпаз атанды.

Жоғары санаттағы хирург дәрігер,  операциялық блог меңгерушісі К.С.Такировпен рецензияланған    «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша «Хирургические заболевания органов брюшной полости», «Учебное пособие для практических занятий по хирургическим болезням», «Практические стандарты  по  хирургии» атты әдістемеліктерін әзірледі.

2016 жылы колледж студенттері  жастар арасында өткен  «Мой вклад в ЭКСПО-2017» техникалық шығармашылық байқауына  қатысып, I орынды иеленді.

2011 жылы   «Мастопатия және оның алдын-алу» тақырыбымен  Алматы қаласында өткен    Республикалық  ғылыми- практикалық конференциясына қатысты. 4 курс  студенті А. Божаканова жұмысын табысты қорғап, грамота және бағалы сыйлықпен марапатталды.

2012 жылы   «Медициналық  колледждерге арналған ең үздік оқу-әдістемелік әдебиет» атты  республикалық  конкурсына, халықаралық  «Студенттің   ғылыми-практикалық жұмысы – кәсіби даму ресурсы» атты  ғылыми-практикалық конференциясына, 2015 жылы   «Дуалдық оқыту жүйесі- бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау негізі» атты  ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

2002 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің      алғыс хатымен марапатталды;

2009жылы  — Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты;

2009 жылы- Павлодар  облысы    денсаулық сақтау Басқармасының Мақтау  грамотасы;

2009 жылы — Павлодар облысы  денсаулық сақтау   Департаментінің   Құрмет  грамотасы;

2010 жылы — «Нұр Отан»  ҰП   ЕҚФ-ның  алғыс хаты;

2011 жылы —  Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет  грамотасы;

2016 жылы — Павлодар облыстық  «Денсаулық сақтау басқармасының» Құрмет  грамотасы;

2015 жылы — «Гордость экономики» ордені

2015 жылы « Белсенді жұмысы үшін»Екібастұз қаласы мәслихатының   медалімен   наградталды;

2016 жылы – Астана қаласы,  ҚР білім және ғылым Құрмет  грамотасы.

2017жылы —   Ұстаздар күніне орай Екібастұз қаласы әкімімен  «Екібастұзға 60 жыл»  Мерейтойлық медалімен марапатталды.


buldibayev

Бұлдыбаев Бейбіт Түсіпұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» КМК бас дәрігері

1956 жылы 18 ақпан Павлодар қаласы, Лебяжі ауданында, Тегістік ауылында туған, білімі жоғары, 1978 жылы педиатрия мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіріп педиатр дәрігері біліктілігі берілді.

1978 жылдан бастап 1979 жылға дейін Павлодар облыстық  балалар  ауруханасының базасында педиатрия мамандығы ойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны бітіргеннен кейін, 1989 жылдан бастап 1983 жылға дейін Павлолар облысы Май ауданы Спутниковская учаскелік ауруханасының ас дәрігері болып жұмыс істеді.

1983 жылдан бастап 1984 жылға дейін Облыстық  балалар ауруханасында хирург дәрігері. 1984 -1987 ж. Балалар облыстық ауруханасының хирург дәрігері.

1984 жылдан бастап  1987 жылға дейін Павлодар облысы Екібастұз қ. Медициналық бірлестігінің хирург дәрігері.

1987 -1996 ж.ж. Екібастұз қ. Медициналық бірлестігінің балалар хирургиясының, травматология мен ортопедиясының меңгерушісі.

1996-1999 ж.ж.   – Павлодар облысы МСБ Қоры Екібастұз филиалының директоры.

1999-2004  ж.ж.   – «Медициналық орталық» мекемесінің және «Малайсары» ЖШС бас директоры.

2004-2005 ж.ж. –«Екібастұз  туберкулезге қарсы ауруханасы» ММ бас дәрігері.

2005-2011ж.ж. «Павлодар қ.  облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ бас дәрігері».

2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін Астана қ. «Туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК  бас дәрігері.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін Астана қ. әкімдігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» ЖШС  директоры.

2016 жылдың мамыр айынан бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Медицинадағы жалпы жұмыс өтілі 37 жыл.

2012 жылы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру  мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.

Адал еңбек еткені үшін алғыс хаттар мен грамоталары бар.

2010 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың үздігі» медалімен марапатталды.

2011 жылы  Қазақстан Респуликасында халық денсаулығын қорғау ісі бойынша ерекше  қызметтер үшін «Алтын дәрігер» омрау белгісі марапатталды.

2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағында ерекше еңбек сіңіргені үшін грамотамен марапатталды.

2015 жылдан бастап Оксфорд ақадемиялық Одағының мүшесі.

Үйленген.

Әйелі Нұрғалиева Жаңыл Джанабайқызы 11.08.1978 жылы туған. Екі баласы бар. Қызы Бұлдыбаева Әсел Бейбітқызы 25.02.1978 жылы туған, қызы Бұлдыбаева Әлия Бейбітқызы 03.05.1985 жылы туған.


byrataeva

Бұратаева Гүлнар Бағдатқызы

ШЖҚ «Екібастұз қаласының перзентханасы» КМК бас дәрігері

1966 жылдың 01 қаңтарында Семей облысы, Аякөз қаласында, қызметшілер отбасында дүниеге келді.

Орта мектепті аяқтаған соң, Семей мемлекеттік медициналық институтына түсіп,  1990 жылы емдеуші дәрігер біліктілігін берілумен емдеу ісі мамандығын аяқтады.

— 1990 жылдан  бастап 1991 жылға дейін  Екібастұз қаласындағы перзентханада  акушерия мен гинекология бойынша интернатурадан өтті;

— 1991жылдан бастап  1993жылға дейін «ПТЗ » ӨҚ-ның  медсанитарлық бөлімінде  акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 1993 жылдан бастап  1998 жылға дейін Павлодар қаласындағы, 1-ші қалалық аурахананың акушерлік- обсервационды бөлімінде акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 1998 жылдан бастап  2003 жылға дейін  Павлодар қаласындағы  облыстық перзентханада акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 2003 жылдан бастап   2009 жылға дейін «Облыстық перинатальдық  орталығы»  МККК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;

—  2009 жылдан бастап  2010 жылға дейін  Павлодар облыстық перзентханада акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;

— 2010 жылдан бастап  2012 жылға дейін  ШЖҚ «№1-ші Павлодар  облыстық   перинатальдық  орталығы » КМК-да  бас дәрігердің емдеу ісі  жөніндегі орынбасарының  міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;

— 2012 жылдан бастап 2016 жылдың  21 қаңтарына дейін  ШЖҚ «№1-ші  Павлодар облыстық перинатальдық  орталығы » КМК-да  бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары  болып  жұмыс істеді;

— 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 29 наурызына дейін ШЖҚ « Екібастұз  перзентханасы» КМК-да бас дәрігердің міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;

— 2016 жылдың 30 наурызынан  бастап осы күнге дейін ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-ның бас дәрігердің лауазымын атқарып келеді;

«Акушерия және гинекология » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен  куәлігім  және « Жалпы  денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен маман сертификатым  бар.

2017 жылы Инновациялық Евразиялық университетінің Менеджмент мамандығы магистратураны аяқтады.

Еңбек қызметімдегі жылдары « Өмір сыйлайтын алтын алақан», номинациясының сыйлығымен, перинаталдық орталық басшысының, денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, құрметті грамоталармен марапатталдым.

Акушерия және гинекология бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама өткізу құқығына екі рет аккредителді.


durzhanov

Әділ Әділбекұлы Дюржанов

ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК бас дәрігердің м.а.

1981 жылы Павлодар қаласында туды. Ұлты – қазақ.

 2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семипалатинск мемлекеттік медициналық академиясын үздік бітірдім. 2007 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша ойдағыдай интернатураны аяқтады.

2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жүрек-тамыр хирургиясы» мамандығы бойынша А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының клиникалық ординатурасында дайындықтан өтті.

27.08.2009 ж.-24.01.2013 ж. – жүрек-қантамыр хирург дәрігері, «№2 Павлодар қалалық аурухана»;

24.01.2013 ж.-15.07.2013 ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық» РМК;

15.07.2013 ж.-02.12.2014 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары;

03.12.2014ж.-24.02.2015ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндеттері жүктелуімен;

25.02.2015 ж.-01.06.2015 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым;

02.06.2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК кардиохирургиялық клиникасының бас дәрігері (директордың орынбасары).

12.09.2017 ж. бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМКдиректорының міндеттерін атқарады.

Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелде (Израиль, Италия, Нидерланды, Австрия) әртүрлі конференциялар, съездер, симпозиумдар, семинарларға бірнеше рет қатыстым. Кардиохирургия және эндоваскулярлы хирургия бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарды ұйымдастырдым және қатыстым.

Ғылыми-клиникалық журналдарда және медициналық басылымдарда мақалалар мен тезистерімнің жарияланымдары бар.

А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының ізденушісі бола тұра, «Жүрек-тамыр отадан соң отадан кейінгі хилотораксты емдеудің нәтижелері» тақырыбы бойынша диссертацияны ойдағыдай қорғадым және 2013 жылғы 8 ақпанда медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.

2012 жылы Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиохирургі болып тағайындалдым.

2013 жылдың 22 қарашасында «Кардиохирургия» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.

Қоғамдық жұмысты орындай отыра, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының төрағасымын.

«Жылдың ұйымдастырушы дәрігері» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2012ж.;

Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2012 жыл;

Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2013 жыл;

«2015 жылдың маманы» Ұлттық сертификатымен наградталдым;

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ПҚФ «Нұр Отан» партиясының Алғысын алдым, 2016 жыл;

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2016 жыл;

Тұңғыш Президент күніне орай ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК Алғыс хатымен марапатталдым, 2016 жыл.

Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеуде


yerzhanov-1

Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері

1975 жылдың 21 тамызында Екібастұз қаласында, дәрігерлер отбасында дүниеге келді.

 1992 жылы №10 орта мектептің 11 сыныбын бітіріп,  Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына  түсіп, 1998 жылы  емдеу ісі бойынша аяқтадым. Институтты аяқтаған соң «Екібастұз қалалық ауруханасы» КҚМК-на, неврология бөліміне дәрігер ординатор ретінде  қабылдандым.  2002 жылы  «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КҚМК дәрігер невропатолог  лауазымына  ауысты.

2007 жылдың тамыз айынан бастап  Екібастұз қаласының емдеу профилактикалық жұмыс координатор бөлімінің бас маманы.

2009 жылдың қыркүйек айында «Психоневрологиялық диспансер»ММ-нің  бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2013 жылдың  тамыз айынан бастап «Екібастұз қаласының №3 емханасы» бас дәрігері қызметін атқарды.

2014 жылдың  қазан айынан  2016 жылдың  қазан айы аралығында  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері. 2016 жылдың қазан айынан бастап  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК КДК бөлімінің меңгерушісі. 2017 жылдың  қаңтар айынан мамыр айы аралығында    ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК  бас дәрігердің міндетін атқарып,  2017 жылдың  мамыр айынан бастап бас дәрігер қызметіне тағайындалды.


esimova

Жанат Кұттұмбетқызы Есімова

«Павлодар облыстық тіс емханасы» КМҚК бас дәрігері

1965 жылы 06 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Павлодар педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық академиясы.

Жанат Кұттұмбетқызы – жоғары санатты «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» дәрігері, аккредитталған тәуелсіз сарапшы, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматолог-дәрігері, тәжірибелі, жұмыс өтілі мол, жоғары санатты стоматолог дәрігер, шыдамдылығы, жасампаздығы, талпынысы мол, жоғары кәсіпқой, заманауи басшы.

Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен сапалы стоматологиялық қызмет көрсету бойынша мақсатты тиімді жұмыстар іске асырылып жатыр.

Жанат Кұттұмбетқызы емханада жұмыс істеу үшін оңтайлы шешім қабылдайды, емхананың материалды-техникалық базасын жақсартып, балалар мен ересектерге сапалы стоматологиялық көмек көрсету үшін инновациялық технологияларды енгізумен айналысады. Әлеуметтік серіктестікті кеңейту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асырып отыр.

Біліктігін арттыру курстарына қатыса отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жоғарлатуға үнемі тырысады, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға белсене қатысады.

Тіс жегін алдын алу бойынша іс-шараларды танып-білуге және оны істеуге қатысады. 110 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15-і халықаралық маңызы бар шығарылымдар. Тісті емдеу стоматологиясы аясындағы патенттері (2012ж. 17 ақпандағы №25530, 2012ж. 02 тамыздағы №26038, 2012ж. 25 желтоқсандағы №26557, 2013ж. 18 желтоқсандағы №27861) және стоматология аясындағы авторлық өнертапқыштары (2013ж. 17 қазандағы №84434, №84432, №84825) бар.

Жанат Кұттұмбетқызы құралдармен тексеру әдістерін жетік меңгерген. Оның басшылығымен заманауи және дәл диагностика жүргізіледі.  «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Стоматология қызметінің үздігі», «За заслуги в медицинской сфере», «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс белгілерімен бірнеше рет марапатталған .

Жанат Кұттұмбетқызы басқарып отырған емхана 2016 жылы «Лучшее предприятие Республики Казахстан» атанған. Осы көрсеткіш ең үздік көрсеткіштердің бірі және ол «Лидер отрасли» ұлттық сертификатымен, медалімен расталған.

Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал еткені үшін, емхана қызметінің даму көрсеткіштері жоғары болғаны бойынша 2016 жылы «ГОРДОСТЬ МЕДИЦИНЫ» мәртебесін иеленген және «ВЕЛИКОЕ НАСЛЕДИЕ ГИППОКРАТА» медалін алған.

Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен емхананың қызметкерлері облыстық конкурстарға, жарыстарға белсене қатысып, «сборная Стоматология» командасы Облыстық турслетте (1 орынды), волейболдан ерлер құрамы командасы (1 орынды), кіші-футболдан өткен облыстық спартакиадада (2 орынды) иеленген.

Павлодар облысының стоматологиялық қызметі жоғарғы бағаға ие. Кепілдеме көлемінде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде 18-жасқа дейінгі барлық балалар, жүкті әйелдер және мүгедектер қамтамасыз етілген. 800 астам оқушысы бар барлық мектептерде стационарлы стоматологиялық бөлмелер ашылып, ол жерде оқушылар ауыз қуысын жоспарлы түрде сауықтыра алады. Туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек көрсетілді. Шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы стоматологиялық қондырғыда стоматологиялық көмек көрсетіліп отыр. Медициналық колледжпен орнатылған тығыз байланыс профилактикалық іс-шараларға оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік береді. Емхана заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Марапаттамалары:

2001ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы

2007ж. – Павлодар қаласы мәслихатының Құрмет грамотасы.

2011ж. – Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

2012ж. – ҚР Денсаулық сақтау Министерлігінің Алғыс хаты.

2013ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы.

2014ж. — «Отличник стоматологической службы» төс белігісі.

2014ж. – ҚР Денсаулық сақтау министерлігің Алғыс хаты.

2014ж.- «ЕКАС» ОО Прездинетінің грамотасы.

2014ж.- ДККМФД басшысының Алғыс хаты.

2015ж. — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.

2015ж. – «БО-НА» ЖШС-ы директорының Алғыс хаты.

2016ж. — «За заслуги в медицинской сфере» ордені.

2016ж. — «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс ордені мен Құрмет грамотасы.

2017ж. — №23 ЖОББ мектеп директорының Алғыс хаты.

2017ж. – Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хаты.


zhaparbekov

Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы

ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері

«Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

Білімі — жоғары.

1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған, емдеу дәрігері біліктілігі тағайындалған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, Бакалавр академиялық дәрежесі бар менеджер біліктілігі тағайындалған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда-саттық унисерситеті Астана қ.- экономика және бизнес магистрі 2016 ж.

Біліктілікті арттыру курстарын өткен:

2010ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 234с.

2012ж. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару», 54с.

2012ж. «Денсаулық сақтау менеджменті. Кадрлық ресурстарды басқару», 54с.

2016ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 216 с.

Қызмет еткен жылдарында мынадай наградалар берілді:

Железин ауданы әкімінің мақтау қағазы,

ҚР Президентінің алғыс хаты,

Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының мақтау қағазы, 2005ж.

Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподақ облыстық филиалы төрағасының мақтау қағазы, 2010ж.

«Павлодар облысына 75 жыл» медалімен марапатталған, 2012ж.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған;

«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2014ж.

Жұмыс тәжірибесі :

1994-1997жж. — Екібастұз қаласының тубдиспансерінде фтизиатр-дәрігер қызметін атқарған;

1998-2001жж. — Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер, фтизиатр-дәрігер;

2001-2003жж. — «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМКК, медикаментозды түзеу бөлімінің меңгерушісі;

2003-2006жж. — Железин ОАА МҚКК бас дәрігері;

2006-2008жж. — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының АМСК пен инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары;

2008-2015жж. — «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық» ММ-нің бас дәрігері;

2015 ж. қазіргі уақытқа дейін «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.


zhaparkhanova

Жапарханова Жұмагүл Жұмашқызы

«Павлодарское аулының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК басшысының міндетін атқарушысы

Білімі: жоғары — медициналық

1975 -1981 ж.ж.– Семей мемлекеттік медициналық институты, «Педиатрия» мамандығы бойынша.

Еңбек қызметі:

1982 жыдан 1987 жылға дейін – Ермак аудандық ауруханасының педиатр дәрігері

1987-1998 жж. – Павлодарское ауылы дәрігерлік амбулаториясының учаскелік педиатр дәрігері.

1998–2006 жж. – «Денсаулық» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы ЖШС-нің аға дәрігері.

2007–2011 жж. – «Павлодарское ауылының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК аға дәрігері.

2011-2013 жж. – «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМҚК учаскелік педиатр дәрігері.

02.2013 ж. – 11.2013 ж. – Павлодарское ауылдық ДА жалпы тәжірибе дәрігері.

2013 жылдың қарашасынан қазіргі кезге дейін – Павлодарское ДА аға дәрігері.


imanbekov

Кахан Орынбекұлы Иманбеков

«Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК бас дәрігері

1973 жылдың 1қаңтарында  Алматы қаласында дүниеге келді.

Мектепті бітіргенен кейін 1989 жылдың 15.09. — 1990 ж. 12.09. аралығында еңбек жолын ҚОКА  зарарсыздандыру бөлімі санитары қызметінен бастады.

1990 жылдың 04.08. Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатр факультетіне түсіп, 1996 жылдың 01.07.бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Алматы қ. «Сұңқар» медициналық орталығына педиатр дәрігері қызметіне қабылданған.

Біліктілігін қайта өзгеруіне байланысты және психотерапевт-нарколог дәрігері біліктілігін игергеннен кейін 1997жылдың 30.12«Сұңқар» медициналық орталығының нарколог-психотерапевт дәрігері.

2002 ж. 03.05. «Тау Сұңқар» медициналық орталығында нарколог-психиатр дәрігері.

2004 жылдың 08.08.-нен —  2008жылдың 12.12. аралығында  «Тау Сұңқар» ЖШС-гі  медициналық орталығында экономика мәселесі бойынша директордың орынбасары.

2009 жылдың 06. қаңтарынан  бастап 2009 жылдың 12 тамыз аралығында – Астана қ. «Психикалық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығы»ММ ұсынылатын медициналық қызметтер сапасын бақылау бойынша орынбасары.

2009ж. 13 тамызынан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінің» бас дәрігері етіп тағайындалған. 2008 жылы Алматы қ., Экономика және құқық академиясына оқуға түсіп 2010 ж. 21.06. «финансы» мамандығын оқып бітірді.

Мамандық бойынша жалпы өтілі: 21 жыл, атқаратын қызметі бойынша өтілімі  8 жыл.

«Денсаулық сақтаудың  ұйымдастырушы дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы  біліктілік санаттағы сертификаты — 2015ж.21.08.,  «Психиатр дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаттағы сертификаты — 2016ж. 19.05.,  «Сот психологиялық-психиатриялық сараптама» мамандығы бойынша біліктілік сертификаты бар.  Медицина ғылымдарының кандидаты (ҚР білім және ғылым Министрлігі саласында бақылау бойынша Комитетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №3 хаттамасы).

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан  тыс бас психиатры болып табылады.


kabulov

Кабулов Каирлы Сартаевич

«Павлодар қаласының №3 емханансы» КМҚК бас дәрігері

Туған жылы:  29.10.1966 ж.

Жасы: 50 жас

Отбасылық жағдайы: үйленген

Еңбек өтілі: 23 жыл 4 ай.

Жынысы: ер

Білімі: жоғары — медициналық

1984 жылдың қыркүйегі – 1992 жылдың маусымы–«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтындағы оқу.

2005 ж. ақпан – 2005 ж. желтоқсан –  «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджер» Алматы қ. ҚДЖМ.

2017 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді-Инновациялық Евразия университеті.

Еңбек қызметі:

1992 жылдан 1993 жыл аралығы –Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапевт-дәрігері.

1993-2001 ж.ж. — Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Спартак учаскелік ауруханасының бас дәрігері.

05.2001–10.2001 ж.ж.. — Павлодар қ. «Гиппократ» МО ЖШС-нің атқарушы директоры

2001–2002 ж.ж. -Павлодар қаласындағы «Павлодар облыстық бейімдеу орталығы» ММ-нің терапевт-дәрігері.

2002–2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Лицензиялау және дәрімен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

02.2006–10.2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.

2006 – 2007 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы

2007-2010 ж.ж. -. «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ-де бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары

2010-2012 ж.ж. — «Ақсу қаласынын емханасы» ККМК-нің бас дәрігері

2012-2013 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің бас дәрігері

2013-2015 ж.ж.  — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің директоры

2015-2016 ж.ж.  ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК-нің бас дәрігері

2016 ж. шілде– қ/к дейін — ШХҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-ның бас дәрігері

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы жоғары біліктілік категориясы бар.

Марапаттар:

«Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2011 ж.;

 «Ақсу қаласына 50 жыл» төсбелгісі-2011 ж.;

 «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі-2014 ж.;

 «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі


kabiltaev

Кабылтаев  Садибек  Жанбиртаевич

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері

1964 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1980 жылы Павлодар қаласының мектеп интернатының 10 классын аяқтады және сол жылы Семей медициналық институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1986 мен 1987 жылдар аралығында Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін осы ауруханаға травмпункт травматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды.

1988 жылғы қаңтар айы мен 1998 жылғы маусым айы аралығында Екібастұз қ. қалалық ауруханасының балалар хирургиялық бөлімшесінде хирург дәрігері болып еңбек етті.

1998 жылғы маусым айы мен 2007 жылғы мамыр айы аралығында Екібастұз қ. № 2 емханасы бас дәрігері лауазымын атқарды; 2007 жылғы мамыр айынан бастап 2014 жылғы қараша айына дейін Екібастұз қ. №1 емханасы бас дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2014 жылғы 17 қарашадан бастап Екібастұз қ. №2 емханасы бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2015 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Ақырғы бес жыл ішінде келесі циклдар бойынша біліктілігін жоғарылатты:

2017 жылғы 29 мамыр мен 02 маусым аралығында – «Нысанның кешенді қауіпсіздігі» «ҚазМЗУ Университеті» АҚ-да

2016 жылғы 01.09. бен 2016 жылғы 29.09. аралығында —  «Денсаулық сақтау менеджменті» 216 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2016 жылғы 04.28. мен  04.30. аралығында  «ҚР еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері» 18 сағ. Астана Өрлеу

2014ж.02.12. мен 2014ж.12.12.  аралығында «Денсаулық сақтау мекемелерінің ТЖ дайындығы және тәуекелдерді басқару»  ҚазМУНО 108 сағ.

2014ж.10.20.мен 2014ж.10.24. аралығында «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржыландыру жағдайында амбулаториялық-емханалық ұйымды басқару ерекшеліктері » АГИУВ филиалы, Астана қаласы 54 сағ.

2013ж.09.02 мен 2013ж.12. аралығында  «Денсаулық сақтау менеджменті»  қайта даярлықтан өтті 864 сағ. ПФ ММУ Семей қ.

2012ж.09.03 пен 2012ж.12.21.аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»-  қайта даярлықтан өтті 864 сағ. РМК «ДДРО» Астана қ.

Адал еңбегі үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

 2013 жылы «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды.

2007 жылы  «Белсеңді еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

2003 жылы Павлодар облысының 65-жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2002 жылы Екібастұз қаласы мәслихатының Құрмет Грамотасымен және «Күміс белгісімен» марапатталды.

2002 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2000 жылы медицина қызметкерлері күніне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10-жылдығына Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 2000 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Екібастұз қаласы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.


kazbekov

Казбеков Байбллат Казбекұлы

«Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері

1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы Май ауданы майтүбек ауылында туған. 1983 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Институты бітіргеннен кейін Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.

1983-1988 жылдары Май орталық аудандық ауруханада хирург болып қызмет жасады. 1988-1991 жылдар аралығында «Строитель» медсанчаста хирург болып жұмыс жасады. 1991-1993 жылдары Алматы қаласында Кл және ЭХ ғлыми зерттеу институтында клиникалық ординатурадан өтті. 1998-2000 жылдар аралығында Султанов атындағы облыстық ауруханасының емханасысы бойынша ба дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Май орталық аудандық аурухана КМК ШЖҚ» бас дәрігері.

Негізгі квалификациясы- хирург- дәрігер, хирургия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары квалификациялық санаты бар, медицина ғылымының кандидаты.  Хирургия бойынша ашқан жаңалықтары және ғылыми еңбектері бар. Білімін үнемі жетілдіріп тұрады, теоретикалық білім мен практикалық дағдысы бар.

Еңселі еңбегі үшін алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. 2005 жылы «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Невада- Семей Антиядролық қозғалысына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтталды.


kairbayeva

Гульназ Макановна Каирбаеваның

«Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері

1973 жылы туған, ұлты: қазақ,

Білімі – жоғары

Мамандығы –  емдеу ісі

1991-1997ж.ж.  Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясы, емдеу факультеті (ЖБ-0015948 үздік диплом)

2004-2006ж.ж.  Инновациялық Еуразия университеті, экономика факультеті Павлодар қаласы (ЖББ-0020383 үздік диплом)

2016-2017ж.ж.   Инновациялық Еуразия университеті, Менеджмент және бизнес факультеті, Павлодар қаласы. Экономика және бизнес магистрі (Диплом ЖООК-М-0129781)

Г.М. Каирбаева 1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек қызметін Павлодар қаласының жедел жәрдем станция дәрігері лауазымынан бастады.

2003-2008  ж.ж.  КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері;

2008 ж. — КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің меңгерушісі;

2008-2010 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 3 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;

2010-2014 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 1 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;

05.01.-09.02.2015 ж. – КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы;

09.02.2015 ж.- КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігері;

2006 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша  1  біліктілік санаты бар.

Адал еңбегі үшін алғыс хаттары мен мадақтамалары бар:

  • 2011 жылы: ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты
  • 2015 жылы: Облыстық «Нұр-Отан» партиясының мадақтамасы.
  • 2016 жылы: Павлодар ауданы әкімінің мадақтамасы.
  • 2016 жылы: Павлодар облыстық «Нұр-Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаты.
  • 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай медальмен наградталды.

Аудандық мәслихат депутаты.

Тұрмыс құрған, екі ұл баласын тәрбиелеп отыр.


kasenova

Касенова Әсем Төлегенқызы

«Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК бас дәрігері

Асем Толенгенқызы Касенова 13 тамызда 1974 жылы  мұғалімдер отбасында дүниеге келді, тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр. 1994ж.-2000 ж. Ақмола мемлекеттік академиясы, мамандығы бойынша дәрігер-педиатр, жалпы практиканы бітірді. 2001 ж. — 2002 ж. дәрігер КМҚК  «Ертіс ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы» жұмысын атқарды, 2002ж-2006ж. «Солярис» Хосписта дәрігер мамандығы болып жұмыс істеді, 2006-2008ж.ж. Павлодар қ., дәрігер бактериолог ММ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» жұмыс атқарды. 2009-2014ж.ж. Павлодар қ., СЭОО «Солярис» директор болып қызмет атқарды,»КМҚК Павлодар облысының паллиативтік көмек» ауруханасында 2016 жылдан бастан бас дәрігер қызметтің атқарады


kasimova

Касимова Бақыт Кабидулақызы

ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1965 жылы 19 қыркүйек айында Павлодар қаласында туған.

1982 жылы Екібастұз ауданының Карасук ауылынын орта мектебін тәмамдады.

1982 -1988 жылдарда Семей Мемлекеттік Медициналық Институтында емдеу факултетінде оқыды.

1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Петропавл қаласына институтты бітіргеннен кейін интернатураға жіберілді.  1991 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатураны бітірді. 1992 жылдан 1999 жылға дейін «Экибастузэнерго медицина-санитарлық бөлімініңакушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар қаласының емдеу профилактикалық орталығы «Химиялық зауыт» АҚ  акушер гинеколог дәрігері;

2002 жылдан 2003 жылға дейін Ленинск ауылының дәрігерлік амбулаториясында акушер-гинеколог дәрігері;

2003 жылдан 2004 жылға дейін Павлодар қаласының № 1 поликлиникасының акушер –гинеколог дәрігері;

2004 жылдан 2005 жылға дейін Павлодар ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы;

2005 жылдан 2008 жылдары  Павлодар облысының Денсаулық  сақтау басқармасында бас маман;

2008 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар қаласы № 2 Емханасында бас дәрігердің МКСБҚ(медициналық көмектің сапасын басқару қызметі) бойынша орынбасары;

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Щербақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасайды;

2015жылы — қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена жене денсаулық ұйымы  мамандығы бойынша  жоғарғы квалификациялық   категориясын қорғады;

2015  жылы -Инновациоялық Еуразия  университетінде  мемлекеттік және жергілікті басқару  магистры академиялық дәрежесі  мамандығы бойынша магистратураны бітірді.


kuzekov

Күзеков Ардақ Мүбәракұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның директоры

Ардақ Мүбәракұлы Күзеков1964 жылғы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында туған.

Орта мектепті 1981 жылы бітіргеннен кейін «Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына Педиатрия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1987 жылы тәмамдаған.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша 2003 жылы бітірді, біліктілігі «Экономист».

2016 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия Университетінің магистратурасын тәмамдады, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

Павлодар қ. балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы негізіндегі интернатурадан өткеннен кейін, 1988 ж-дан бастап 1991 ж-ға дейін Баянауыл ОАА-да (ОАА-ның балалар бөлімшесінің меңгерушісі, аудан педиатры болып) жұмыс істеді.

1993 жылы «Фтизиопедиатрия» мамандығы бойынша туберкулез Қазақ ҒЗИ-дағы клиникалық ординатураны бітірді. Кейін Павлодар ДЖФ педиатрия кафедрасының ассистенті ретінде жұмыс істеді. 1996-дан бастап 1999 жыл бойынша ММСҚ (кейін МҚТО) Павлодар облыстық бөлімшесінде түрлі лауазымдарда (бөлім бастығы, директор орынбасарының м.а.) қызмет атқарды.

1999 жылдың желтоқсанында «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК бас дәрігері етіп тағайындалып, сол жерде 2009 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді.

2009 жылдың желтоқсанынан бастап 2012 жылдың қаңтары бойынша Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2013 жылғы 5 маусымнан бастап осы уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК бас дәрігері лауазымында жұмыс істейді.

Жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы (2014 жылғы қыркүйек).

Бір қатар мамандандыруы бар, соның ішінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша.

2005-2006 ж.ж. Астана қаласында «Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджменттің өзекті мәселелері» атты циклі бойынша 6-айлық мамандандырудан өтіп, «Денсаулық сақтау менеджері» біліктілігін алды.

А.М. Күзеков 1-ші (2001 жылғы қазан) мен 2-ші (2006 жылғы қыркүйек) Қазақстан Республикасының балалар дәрігерлері Съезінің делегаты болды.

Мінсіз атқарған жұмысы үшін Облыс енсаулық сақтау басқармасының бірқатар алғыстары мен грамоталары бар.

2003 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен марапатталды.

2010 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

2011 жылы ««20-лет Независимости Республики Казахстан» Мерейтойлық медалімен марапатталды.

2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталды.

2015 жылғы мамырда «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен мараптталды.

2015 жылы «25 лет Национальной Медицинской Ассоциации» Мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 жылы «Павлодар облысы денсаулық сақтауының үздік менеджері» номинациясы бойынша «Мамандығы бойынша үздік» конкурсының жеңімпазы болды.

2016 жылғы маусымда «Лучший по профессии 2016 года» республикалық конкурсында «Лучший менеджер-организатор здравооохранения» номинациясында 3-орын алды.

Ардақ Мүбәракұлы Күзеков облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері, облыс емдеу-алдын алу мекемелерінің басшылары, бүкіл медициналық қоғамы арасында үлкен абыройға ие.


kusainova

Құсаинова Риза Ниғманқызы

ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1961 жылғы 28 мамырында Новосібір облысы, Чановский ауданы, Чаны станциясында дүниеге келді.

1968 жылы Ертіс № 3 орта мектебіне оқуға түсті, ал 1978 жылы бітірдім.

1979 жылы Семей мемлекеттік университетінің педиатрия факультетіне түсті.

1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Семей қаласында интернатура.

1991 жылдан бастап Ертіс аудандық аурухананың учаскелік педиатры болып жұмыс істеді,

1993 жылы аудандық педиатры болып тағайындалды,

осы лауазымда 1999 жылға дейін қызмет атқарды.

1999 жылдың қараша айында Ертіс аудандық аурухананың аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.

2003 жылдан бастап инфекционист дәрігері ретінде қызмет атқарды, 2012 жылдың қарашасында Ертіс орталық аудандық аурухананың бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды.

2015 жылдың ақпан айында ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

Ертіс ОАА бүкіл еңбек жолында бірнеше рет, Ертіс ауданы әкімінің көпжылдық, жемісті және адал еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды, Павлодар облысы әкімінің Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалімен марапатталды.

Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2016 жылы VI шақырылымда аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.


mukashev

Мукашев Максат Токмухамбетович

ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры 

Павлодар облысы Май ауданы Май ауылында 1963 жылы 02 қазанда туған.

Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу   ісі» мамандығы бойынша бітірді.

 Институтты аяқтаған соң 1984 жылы травматология бойынша Павлодар қ. Сұлтанов ат. Облыстық аурухана базасында интернатурадан өтті.

1985 жылғы 07 тамыздан бастап Ермак орталық қалалық аурханасының травматология бөлімшесіне травматолог дәрігер ретінде қабылданды.

1994 жылғы 01 қарашадан бастап травматология бөлімшесінің ординатор аға дәрігері қызметіне ауыстырылды.

2004 жылғы 16 тамыздан бастап Ақсу орталық ауруханнасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы.

2009 жылдың 30 наурызынан бастап Ақсу орталық ауруханасының бас дәрігері.

2010 жылдың 11 наурызынан Ақсу орталық ауруханасыныңтравматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне қабылданды.

2011 жылдың 04 мамырынан бастап «Евразия» МО клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.

2013 жылдың 20 наурызынан бастап ШЖҚ «Ақсу қаласының емханасы»КМК – ның бас дәрігері.

2013 жылдың 31 қазанынан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның бас дәрігері.

2015 жылдан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры.

Травматолог-ортопед дәрігері жоғары санаты бар.

Марапатталған: Қаазақстан Конституциясының 10-жылдығына мерекелік медаль,2005ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»

төсбелгісі,2007ж., 2001ж. Ақсу қаласының 50-жылдығына мерекелік медаль, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі,2011ж., ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына мерекелік медаль,2011ж.Павлодар облысының 75-жылдығы құрметіне мерекелік медаль,2012ж.

Ақсу қалалық мәслихат депутаты.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.


musin

Дәулетбек Серікұлы Мусин

«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері

Дәулетбек Серікұлы Мусин, 1971ж. 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянаул ауылында дүниеге келді.

1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының   емдеу факультетін, “Емдеу ісі” мамандығы бойынша, 2006 жылы —  Алматы экономика және статистика академиясын, есептеу және аудит бакалавры, 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін магистратураны бітірді.

Еңбек жолымды 1997 жылы Сұлтанов ат. Облыстық ауруханада невропатолог дәрігері ретінде бастады, 2003жылы Сұлтанов ат. Облыстық аурухананың шұғыл жоспарлы-консультативтік көмек (санитарлық авиация) бөлімшесінің меңгерушісі болып, 2005жылға дейін қызмет етті.

2005 жылы Ақмола облыстық психоневрологиялық  диспансері бас дәрігерінің емдеу бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының №2емханасында невропатолог дәрігері болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2010жылға дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің емдеу — алдын алу жұмысын үйлестіру және тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы болды.

2010 жылы  «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу — алдын алу бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі кезге дейін «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері.

«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санаттағы сертификатым бар, фтизиатр дәрігері.

Үнемі кәсіби деңгейі мен білімімді жетілдіріп отырады. Жұмысында инновациялық технологияларды енгізіп, әріптестеріммен, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.

Павлодар облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен,  «Асар» РСП ҚБ «Нұр Отан» ХДП марапатталды7

2015 жылы Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғау ісінде ерекше қызмет үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ұзақ уақыттан бері газеттермен жұмыс істеді: «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы», олардың беттерінде мақалалары жазылды:  «Клапаны здоровья» (маусым 2014 ж.), «Анализ причин развития распространения туберкулеза» (тамыз 2014 ж.), «Сенің денсаулығың-сенің қолыңда» (наурыз 2015 ж.).

Теледидарлық хабарларда  «Ирбис» ТК, «Қазақстан — Павлодар», «Хабар», «24 КZ», келесі тақырыптармен белсенді қатысты: «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістерін үйрену» (04.08.14 ж.), «Фтизиатриялық қызметтің құрылымын өзгерту туралы» (22.04.14 ж.), «Облыстық ОТҚД жаңа жабдық» (22.05.2015 ж.), «Туберкулездің алдын алу шаралары»  (11.02.14ж.), «Туберкулезді емдеудің инновациялық технологиялары» (22.05.15 ж.)

Қоғамдық өмірде белсенді орын алады.


nyrseitov-1

Нүрсеитов Ерболат Нүрсеитұлы 

«Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері

1968 жылы 04 желтоқсанда Май ауданы Май ауылында дүниеге келді .

Білімі жоғары.

1996 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институті, «Емдеу ісі» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1996-2001 ж.ж. Ақсу аудандық орталық ауруханада анестизиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді.   2001-2015 ж.ж анестизиолог-реаниматолог дәрігері, Май аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2015-2016 ж.ж ШЖҚ «Ақсу аудандық аурухана» КМК стационарының бас дәрігері.       2016 жылы «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері болып тағайындалды.

Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, сондай-ақ облыс әкімінің және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Май ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.


ospanova-2

Айман Қайыркенқызы Оспанова

ШЖҚ «Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы» КМК бас дәрігері

1960 жылы 23 қыркүйекте Павлодар облысы, Павлодар ауданының  Павлодарское ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары – 1986 жылы Семей Мемлекеттік медициналық университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді, оқуын бітіргеннен кейін 1986 жылдың 04 тамызынан 1987 жылдың 01 тамызына дейін Павлодарлық босану үйінің акушерлік және гинекология бойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны аяқтағаннан кейін еңбек жолын 1987 жылы 11 тамыздан бастап Павлодар орталық аудандық ауруханасында акушер – гинеколог дәрігері лауазымында бастады, онда 1990 жылдың 06 тамызына дейін жұмыс істеді. 1990 жылдың 20 тамызынан бастап 1995 жылдың 17 шілдесіне дейін   акушер – гинеколог дәрігері лауазымында қызмет етті, кейін «Павлодар» Целинная темір жолының станциясы ауруханасында емдеу-профилактикалық жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.  1995 жылы 17 шілдеден бастап 1996 жылдың 22 ақпаны аралығында Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасында акушерлік және гинекология бойынша бас дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 1996 жылы 22 ақпаннан бастап 1997 жылдың 04 мамырына дейін Павлодар аудандық орталық ауруханасында акушер-гинеколог дәрігері лауазымында жұмыс істеді. 1997 жылы 12 мамырдан 2003 жылдың 14 ақпанына дейін Павлодар облыстық оңалту орталығында акушер-гинеколог дәрігері болып, кейін қайта аталуына байланысты «Облыстық диагностикалық орталығы» КҚМК-да еңбек етті.  2003 жылдың 14 ақпанынан бастап Павлодар облыстық босану үйінің бас дәрігері лауазымына , кейін атауының өзгеруіне байланысты ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бас дәрігері лауазымына тағайындалды, бүгінгі күнге дейін осында еңбек етуде.

А.Қ.Оспановада  «әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» және «акушер – гинеколог дәрігері» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Нұр Отан партиясының мүшесі, депутаттық фракцияның жетекшісі, Павлодар облыстық маслихаты IV-V-VI шақырылымының депутаты.

Қазақстан Республикасынында халықтың денсаулығын сақтау ісінде ерекше еңбектері үшін, көпжылдық және адал еңбектері үшін марапаттары, алғыстары мен грамоталары бар.

Марапатталды: «Медициналық саладағы еңбектері үшін» орденімен; Мадақтама грамоталарымен:- Қазақстан Республикасы Президентінің; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен, «Денсаулық сақтаудағы еңбегі үшін» медалімен;

«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдарымен; «Белсенді қызметі үшін» Нұр Отан партиясының төсбелгісімен; «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерімен.


ospanova

Гульбарам Каримовна Оспанова

ШЖҚ «Железин орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

1958 жылы 31 мамырда Павлодар облысының Чернорецкий селосында дүниеге келді. Ұлты қазақ. 1965 жылы мектепке барды. Мектепті аяқтаған соң 1975 жылдан 1978 жылға дейін «акушер» мамандығы бойынша Павлодар медициналық училищесінде оқыды.

1978 жылдан бастап Чернорецк ауруханасында акушер болып  жұмыс істеді.

1979 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтына оқуға түстім. 1985 жылы институтты аяқтады.

1986 жылдан 1987 жылға дейін № 1 перзентхана үйінің базасында акушерлік пен гинекология бойынша интернатура өттім. Интернатурадан кейін 1987 жылдан 1989 жылға дейін РФ, Читин облысының Борзин ОАА акушер-гинеколог дәрігері болып қызмет етті.

1989 жылдан 2000 жылға дейін Семей облысында акушер-гинеколог болып қызмет етті.

1997 және 2000 жылдары акушер-гинеколог дәрігерінің 1-ші санатына ие болды.

2000 жылдан 2004 жылға дейін Павлодар қ. медико-генетикалық кеңесінде істедім, содан кейін ІІБ емханасында акушер-гинеколог дәрігері болып істеді.

2004 жылдың мамыр айынан Павлодар облысы Кашыр ауданының Песчаное а. СДА бас дәрігерінің лауазымын атқарды.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Железин ауданының бас дәрігері лауазымын атқары.

2012 жылы денсаулық сақтаудың ұйымдастырушы дәрігерінің 1-ші біліктілік санатыны берілді.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгімен марапатталды.

2016 жылы «Қазақстан Республикасында мәслихаттарды құруына 20-жыл» медальмен марапатталды.


ospanova-3

Айгүл Тұрсынқызы Оспанова

«Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы санаторийі» КМҚК бас дәрігері

Айгүл Тұрсынқызы Оспанова Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген, осы ауылдың  орта жалпы білім беру мектебінде 1972 жылдан 1987 жылға дейін білім алды.

1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1988 жылы педиатрия мамандығы бойынша білім алып шықты.

2016 жылы Инновациялық Евразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

1988 жылддың 1 тамызынан 1992 жылдың 16 наурызына дейін,  педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан кейін, № 1 балалар емханасында педиатр дәрігері болып істеді.

1992 жылдың 16 наурызынан бастап 1994 жылдың 31 қаңтарына дейін 1-інші қалалық аурухананың нәрестелер бөлімшесінде неонатолог дәрігері болып жұмыс істеді.

1994 жылдың 31 қаңтарынан 1997 жылдың 20 қаңтарына дейін қалалық перзентханада нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1997 жылдың 20 қаңтарынан 1998  жылдың 1 маусымына дейін Павлодар қаласының облыстық перзентхананың неонатолог дәрігері болды.

1998 жылдың 20 маусымынан 2002 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қалалсының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінде ординатор дәрігері болып қызмет жасады.

2006 жылдың 5 шілдесінен 2009 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2009 жылдың 2 қыркүйегінен  2010 жылдың 10 наурызына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды.

2010 жылдың 10 наурызынан 14 сәуіріне дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнының бас дәрігері міндеттерін атқарды. Өткізілген конкурс нәтижесінде, Павлолдар облысы денсаулық сақтау басқармасының № 42-ж бұйрығымен 2010 жылдың 14 сәуірінен бастап «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2013 жыдың  25 маусымнан 23 қыркүйекке дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №285/9 Қаулысы негізінде мекеме атауы «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды, осыған орай мемлекеттік мекеме бас дәрігерінің міндетін атқарушысы болып қайта тағайындалды.

2013 жылғы 27 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері болып қызмет етеді, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігерінің 1 санаты және балалар фтизиатры дәрігерінің  біліктілік санатынсыз маман сертификатын бар. Денсаулық саласындағы еңбенк өтілі 29 жыл.


otarbekov

ОТАРБЕКОВ АРМАН ТӨЛЕУСАҒИҰЛЫ

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері

1967 жылы 19 шілдеде туған, білімі жоғары, 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналык институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасында урология бойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны аяқтаған соң, 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасының урологиялық бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді.

2001-2014 жылдар аралығында «Апатты медицина теміржол госпиталы» АҚ филиалының Көкшетау теміржол ауруханасының директоры лауазымын атқарды.

2014 жылғы қарашадан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілім 25 жылды құрайды.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітіргеннен кейін Менеджмент бакалавры біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді.

2016 жылы Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

2012 жылы «Денсаулық сактау ұйымы және әлеуметтік гигиена» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаты берілді.

2014 жылғы 21 ақпаннан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2008 жылы), Қызыл Жартыай Қоғамының 70-жылдығына Құрмет грамотасы, Ақмола жол бөлімшесі «ҚТЖ» АҚ филиалының алғыс хаты (2010),   «Отандык темір жол көлігіндегі қол жеткізген жетістіктері үшін» Құрмет грамотасы (2011), «ЖГМК» АҚ-нан Тәуелсіздік Күніне Құрмет грамотасы (2011), «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2012),  «Нұр Отан» ХДП АОФ-ның алғыс хаты (2012) марапатталды.


razieva

Қарлығаш Манарбекқызы Разиева

ШЖҚ «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері

Қарлығаш Манарбекқызы Разиева 1981 жылғы 10 маусымда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ.

1998 – 2005 жылдары Семей қаласының медициналық академиясының емдеу ісі факультетінде оқыды.

еңбек жолын 2004 жылдан бастады. 2004 жылдан бастап 2005 жылға дейін Семей қаласының орталық облыстық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.

2005-2009 жылдары Успен орталық аурухансында терапевт дәрігер және қоса онколог дәрігер болып қызмет етті.

2009 жылда Ольгин ЕА аға дәрігері болып тағайындалды.

2009 жылғы мамыр айынан бастап 2010 жылғы қаңтар айына дейін Успен орталық аудандық ауруханасының анестезиолог дәрігері болып жұмыс істеді.

2010 жылғы қаңтар айынан бастап «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылғы сәуір айынан бастап маусым айына дейін «Успен ОАА» КМҚК бас дәрігердің міндетін атқарушысы болды.

2010 жылғы қараша айынан бастап күні бүгінге дейін «Успен ОАА» КМҚК бас дәрігері болып қазмет етуде.

2015 жылда магистратураны бітірген соң, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» маманы бойынша магистр дәрежесіне ие болды.

2015 жылдан бастап Галицк ауылдық округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты.

2016 жылда «Қоғамдық денсаулық сақтау» маманы бойынша бірінші біліктілік санатына ие болды.


sakenova

Сакенова Кулянда Сагынтаевна

ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» КМК бас дәрігері

1960 жылы 24 желтоқсанда Павлодар облысы,  Екібастұз ауданы, Екібастұз ауылында дүниеге келді.

1967-1977 жж. Екібастұз а.орта мектебінде білім алды.

1979 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті.

1985 жылы медицина институтының емдеу ісі факультетін терапевт дәрігері біліктілігі бойынша бітірді.

05.08. 1985 — 04. 08. 1986 жылдары Екібастұз мед.ұйымында терапевт мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

04.08. 1986 — 27.11.1989 жылдары Екібастұз көмір мекемесінде цех терапевті қызметін атқарды.

27.11.1989 — 01.10.1993 жылдары —  Сарықамыс ауылының дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері.

21.10.1993 — 01.01.1998 жылдары — Екібастұз көмір мекемесінде цех терапевті қызметін атқардым.

 01.01.1998 —  01.09.2000 жылдары  —  «Медиус» ЖШС терапевт дәрігері.

01.09.2000 — 15.03.2001 жылдары —   №1 емхананың аллерголог —  пульмонолог  дәрігері.

28.03.2001 —  10.04. 2002 жылдары —  «Медиус» ЖШС терапевт дәрігері.

22.04. 2002 —  01.10.2004 жылдары   — Екібастұз қ. денсаулық сақтау қалалық бөлімінің алғашқы мединалық-санитариялық көмек бойынша бас маман.

01.10.2004 — 15.08.2007 жылдары —  «Екібастұз қ.№ 3 емханасы» КМҚК ЕМЖ бойынша бас дәрігердің орынбасары.

15.08.2007 — 17.11.2014 жылдары  — ШЖҚ «Екібастұз қ.№ 2 емханасы» КМК бас дәрігері.

17.11.2014 жылдан нақты уақытқа дейін   —  ШЖҚ «Екібастұз қ.№ 3 емханасы» КМК бас дәрігері

Тұрмыстамын,  ұл тәрбиеледі.


sitkazinovСитказинов Айдар Кинжитаевич

ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері

02.11.1969 ж.т., ұлты – қазақ, үйленген, бір баласы бар.

1988-1990 ж.ж. – КСРО Қарулы күштерінде қызмет;

1990-1996 ж.ж. – Семей мемлекеттік медициналық университеті. Мамандығы – емдеу ісі. Біліктілігі – емдеу дәрігері;

2004-2007 ж.ж. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Мамандығы – қаржы және есеп. Біліктілігі — қаржы;

2013-2014 ж.ж. – Инновациялық Еуразиялық университеті. «Менеджмент» мамандығы бойынша МВА бағдарламасы. Мамандану «Лидер».

2015-2016 жж. – Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті, мамандығы «Медицина».

2014 жыл — Іскери әкімшілдік етудің магистрі;

2016 жыл – Денсаулық сақтау магистрі.

«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша бірініші біліктілік санаты.

1996 жылдан бастап – «Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасы» КМҚК урология бөлімшесінің уролог дәрігері;

2007 жылдан бастап – «Щарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері;

2010 жылдан бастап — «Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасы» КМҚК бас дәрігердің экономика бойынша орынбасары;

2012 жылдан бастап- «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімінің бастығы, бас маман;

2013 жылдан бастап – «Павлодар аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері.

2014 жылдан бастап- «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары;

2016 жылғы 01 сәуірден бастап – ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігердің міндетін атқарушы.

2017 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар қаласының бас дәрігері қызметін атқарамын.

2013 жыл – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» 4 айлық қайта даярлау. АМДЖИ;

2013 жыл – «Заманауи клиниканы басқару. Кореяның тәжірибесі» халықаралық семинар;

2013 жыл – «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру мәселелері», ШЖҚ ДСДРО КМК ПФ;

2014 жыл – «Израильдің денсаулық сақтау жүйесі. Озық тәжірибе. Инновациялар» халықаралық семинар.

2014 жыл — «Англияның денсаулық сақтау жүйесі. Озық тәжірибе. Инновациялар» халықаралық семинар.

2015 жыл – «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жаңғыртуы» Б корпусты әкімшілік қызметтің басшылығына алғашқы рет тағайындалған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың академиясы, Астана қаласы.


sitkazinova

Сейітқазинова Гүлнар Кенжетайқызы

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры

1963 жылы  Павлодар облысының  Баянауыл ауданы, Баянауыл  селосында  дүниеге келген.  Білімі жоғары,  Семей  мемлекеттік  медициналық  институтын, «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының балалар поликлиникасында учаскелік дәрігер-педиатр қызметінде бастады.

1987 жыл мен 2002 жыл аралығында  облыстың балалар қауымына  стационарлық және амбулаториялық  аллергиялық көмек  көрсете отырып,  педиатр-аллерголог болып істеді.

2002 жыл мен 2006 жыл аралығында-Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының  бас педиатры, ал 2007 жылы алғаш құрылған  медико-санитарлық көмек бөлімінің  бас маманы  лауазымына ауыстырылады, амбулаториялық педиатрия және  инновациялық  технологияларға  жетекшілік жасайды.

2008 жылғы  мамыр айынан  2013 жылғы   мамыр айына дейін «Павлодар медициналық ақпараттық-аналитикалық орталығы» КММ директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық- талдау  орталығы» ШЖҚ-ғы  РММ  Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының  бастығы (Астана қ.), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС Инвестициялық жобаларды жоспарлау, бағалау және мониторингі Басқармасының жоспарлау- экономикалық бөлімінің  бастығы (Астана қ.),  ҚР ДСМ  «Республикалық  денсаулық сақтауды  дамыту орталығы»  РМК  Медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру департаменті директорының  орынбасары (Астана қ.)., ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Ана мен баланы қорғау басқармасында бас сарапшы/бас педиатры., ҚР ДСМ  бас  педиатры   қызметін атқара жүріп,  педиатрлық қызметке басшылық жасап, балалар кардиохирургиясын, балалар онкологиясын, балалар сурдологиясын, жаңа туған  балалар ретинопатиясы мен мектеп медицинасы дамыту эәне жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық  актілер жасау ісіне өзінің тікелей үлесін қосты. ҚР ДСМ  РДСДО Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының  басшысы  ретінде Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласына Бірыңғай ұлттық жүйені қолдану  бастауларында  тұрды.

2013 жылғы қыркүйек  айынан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін «Павлодар  қалалық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігері (Павлодар қ.)

2016 жылғы  ақпан   айынан бастап  қазіргі уақытқа дейі Павлодар облысы  денсаулық сақтау  басқармасының  штаттан тыс  балалар Бас реабитологы.

2016 жылғы  ақпан айынан бастап  қазіргі уақытқа дейін  ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушысының жоғары санаты, ұстаздың жоғары  біліктілік  санаты, дәрігер-аллергологтың,  дәрігер-реабитологтың сертификаттары бар.

2006 жылы  2-ші  жоғары   оқу орынын бітіріп,  Инновациялық Еуразиялық  Университеттің  жергілікті және мемлекеттік басқару бакалаврының  үздіктік дипломын  алды.

«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және  бизнес магистрі, ҚР БжҒМ   ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық беретін  Куәлігі бар. «Нұр Отан»  партиясының  мүшесі.

Денсаулық сақтау  саласының  жоғары білікті  маманы  бола жүріп,  білім беру  қызметін  көрсету саласында  қызметін жүзеге асыруда.  Шығармашылықпен істейтін, ұжымын бірыңғай  пікірлестер командасына   топтастыра білетін  іскер басшы.  Ұйымдастырушылық қабілеті мен келешекке жұмыс жасаудың коммуникативтік   дағдылары мен  біліктері  зор.

Наградалары бар: ҚР  Денсаулық сақтау Министрі С. Каирбекованың  Алғыс Хаты,  ҚР  Білім және ғылым  Министрі Е. Сагадиевтің  Құрмет Грамотасы, ҚР ДСӘДМ  «Республикалық денсаулық сақтауды  дамыту орталығы» РМК директоры  М. Кульжановтың  Құрмет Грамотасы;   Облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуына қосқан үлесі үшін  Павлодар облысы  Б. Бакауовтың,   Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Н. Касимовтың, Облыстың білім беру басқармасының  басшысы Б. Бексеитованың  ҚР Құрмет Грамоталары, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.


smagulov

Смағұлов Зейнелқабиден Ынтықбайұлы

«Павлодар облыстық арнайы медициналық қамтамасыз ету базасы» ММ директоры

Зейнелқабиден Ынтықбайұлы 1958 жылы туған.

Білімі жоғары:

—1981 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институты, мамандығы бойынша «Емдеу ісі»

— 2006 жылы  Алматы экономика және статистика академиясы мамандығы бойынша «Қаржы»

Еңбек қызметі:

— 08.1981- 07.1982. ж.ж   аралығында Ғ. Сұлтанов  атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» д әрігер-интерн қызметін атқарды.

—08.1982.- 08.1985. жж. Баянауыл орталық ауруханасында  терапия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды;

— 09.1985 — 10. 1987. ж.ж. Семей мемлекеттік медициналық институтында жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатор қызметін атқарды;

— 11.1987-05.1990 ж.ж. Алма-Ата ННИ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар бруцеллез бөлімшесінде  кіші ғылыми қызметкер болды;

— 05.1990-01.1994 ж.ж. Бас басқармасы, медициналық көмекті ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрлігінің Қазсср дәрігер-инспекторы қызметін атқарды;

— 01.1994-12.1994 ж.ж. Казахская Корпорация денсаулық Сақтау және Медициналық Сақтандыру «Interteach»;қамтамасыз ету бағдарламалар бөлімінің бастығы болды;

— 01.1995-03.1996 жж. Жаңа-Семей аудандық медициналық бірлестігінде бас дәрігер қызметін атқарды.

— 04.1996-09.1997 ж.ж. Семей қаласы темір жол ауруханасында емхана меңгерушісі қызметін атқарды;

-10.1997-12.1999 ж.ж. — Павлодар қаласы жедел медициналық көмек Ауруханасында  бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды,;

— 12.1999-07.2001 ж.ж.- Павлодар қалалық денсаулық сақтау Басқармасының бастығының орынбасары қызметін атқарды;

— 07.2001-03.2010 «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ директоры;

— 03.2010-09.2012 жж. «Ақсу орталық ауруханасы» ШЖҚ бас дәрігері қызметін атқарды;

— 10.2012-12.2014 ж.ж. «Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы» ШЖҚ АҚ және ТЖ штабының бастығы  қызметін атқарды;

-2014 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ директор қызметін атқаруда.

Денсаулық сақтау бірінші санатты ұйымдастырушы дәрігер.

З. Ы. Смағулов ұйымдастырушылық қабілеті 2001 жылы әсіресе меди-циналық қоймалар Павлодар қалалық соттың шешімімен Павлодар  облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасына қайтарылғанда, мекеменің жаңа заңды мекен-жайға көшірілгенде айқын көрінді. Көпжылдық сот пен сот орындаушыларына байланысты ұжым басшылықтың барлық медициналық жабдықтарды шығынсыз өз уақытында перелокация аяқтады.Осы уақыт арасында ол үшін қабілетті, сауатты басқарудың орындалатынын көрсетті.

Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы ұжымында және ұжымдағы басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарда лайықты беделге ие.

Зейнелкабиден Ынтыкбаевич денсаулық сақтау ұйымының желісі келесі тақырыптар бойынша: «Ұйымдастыру ауруханалық халыққа  көмек» бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.  Дамыту проблемалары мен перспективалары», «Тиімді басқару, мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығындағы», «денсаулық сақтауды басқарудың Заманауи мәселелері», «Ұйымдастыру Ерекшеліктері емделушілерді қолдау қызметінің және медициналық ұйымдарда ішкі аудит», «Басшылық құрамы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс»  бейіні бойынша.

2010 жылы  «Нүр Отан» Партия мүшесі болды.

Ақсу қаласысының  50-жылдығында  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  төс белгілерімен марапатталды.


smagulova

Сандуғаш Қалымқызы Смағұлова

«Павлодар облыстық мамандырылған сәбилер үйі» ММ бас дәрігерінің міндетін атқарушысы

Сандуғаш Қалымқызы Смағұлова 1962 жылдың 16 желтоқсанда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Черное ауылында туған.

1979 жылы орта мектепті аяқтады.

1979 жылы орта мектепті аяқтаған соң Семей Мемлекеттік Институтының педиатрия факультетіне түсіп 1985 жылы аяқтады.  Содан кейін Ақсу қаласының орталық қалалық аурухана базасында интернатура өтті.

Институтты аяқтаған соң жолдамамен 1986-1990 ж.ж. аралығында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 40 лет Октября атындағы совхозында қызмет атқарды.

1990 жылдан ФАО «ЖГМК» Павлодар теміржол ауруханасында, 1990-2001 ж.ж. балалар консультациясында учаскелік дәрігер, 2001-2007 ж.ж. Теміржол ауруханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып  қызмет атқарды, 2007 ж. балалар бөлімшесі таратылған соң балалар консультациясына учаскелік педиатр-дәрігер қызметіне ауыстырылды, 2010 жылдан 2013 жылға дейін балалар консультациясының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2013 жылдың қазан айының 7- нен бастап осы уақытқа дейін «Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ-де педиатр-дәрігер қызметін атқарады, ал 2016 жылдың 28 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін бас дәрігердің міндетін атқарады.

Жалпы еңбек өтілі 32 жыл, педиатр-дәрігер мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санатына ие.


smakov

Советхан Базарұлы Смаков

ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық аурухана» КМК басшысы туралы ақпарат

Медицина ғылымдарының кандидаты.

Денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.

Жоғары санатты хирург.

Советхан  Базарұлы Смаков 1958 жылы 13 маусымда Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Талица ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.1983 жылы интернатураны аяқтағаннан соң  № 1 қалалық ауруханада мен Семей қаласының облыстық ауруханасында хирург-дәрігер болып жұмыс істеуді жалғастырды. 1985 жылдан бастап 1987 жылдар бойынша хирургия мамандығы бойынша КСРО МҒА Бүкілодақтық Хирургия Ғылыми орталығының клиникалық ординаторы болып қызмет етті, сонымен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, нәтижесінде 1989 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденуде диссертация қорғап шықты. КСРО-ның өнертабысының бірлескен авторы, ҚР патенттің бірлескен авторы, монографиялардың бірлескен авторы, 50 аса баспа жұмыстарының авторы.

1987-1993ж.ж. дәрігерлерді жетілдірудің Павлодар филиалында хирургия кафедрасында жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі.

1999 жылдан бастап Павлодар қаласының №1  қалалық ауруханасының емдеу ісі бойынша бас дәрігер орынбасары.

2007 жылдан бастап денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.

2009  жылдан бастап Екібастұз қалалық ауруханасының бас дәрігері. Осы жылы кәсіпорының көпжылдық кредиторлық қарызын жойды, материалдық базасын нығайтты,  жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді,  оның ішінде жамбас буынын ішкі протездеуді енгізді.  100 млн.-ға жуық сомаға лизинг бойынша құрылғылар алуды ұйымдастырды. Алғаш рет аурухана тарихында  нейрохирургтарды, тамырлы хирург, гемодиализа дәрігерін дайындады. Инсульт орталығын, «Жасанды бүйрек» бөлімшесін ашты.

2011 жылы есеп және аудит бакалавры мамандығы бойынша Алматы қаласының  экономика мен статистика академиясын тәмамдады. 2012 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының үздік менеждері» номинациясын иеленді.

2013 жылдан бастап Павлодар облысының Денсаулық сақтау басшысының бірінші орынбасары. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын енгізуге қатысты.

2014 жылдың шілдесінен бастап ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері. Екінші жартыжылдықта 2013 жыл үшін 106 млн. теңге көлемінде кәсіпорынның шығынын жойды.   2014-2015  жылдары кәсіпорынның қаржылық жағы оң нәтижеге жетті. Советхан Базарұлы басшылығымен ауруханада қазіргі уақытты заманауи 30-дан аса медициналық қызметтер енгізілді.Оның ішінде : бүйректі лапароскопиялық жолмен алып тастау, бүйрек безін лапароскопиялық жолмен алып тастау, тізе буынының сіңірлерін лапароскопиялық жолмен жаңарту, жамбас буынын ішкіпротездеу, бауыр тамырларының химиоэмболизацияся, жатыр тамырларының эмболизациясы, бас ми тамырларының аневризмасының эмболизациясы.

Көрсетілген және басқа да жаңалықтар Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ғылыми-тәжірибелік орталықтарында білім алуының нәтижесі болды.

2015-2016 жылдардың қорытындысы бойынша кәсіпорын «Сала көшбасшысы» деп танылды.

Марапаттары:

— 2004 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы;

— 2005 жыл — «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;

— 2012 жыл – Екібастұз қ. әкімінің құрмет грамотасы;

— 2012 жыл — Бітімгерлік және қайырымдылық қызметі үшін» медаль.

— 2012 жыл «Павлодар облысының 75 жылдығы» медаль;

— 2012 жыл «Павлодар қаласының денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» ҚР ДСМ құрмет грамотасы;

— 2015 жыл  — Нұр Отан партиясының құрмет грамотасы;

— 2015 жыл — Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медаль – 2015жыл – эндоскопиялық хирургтардың Қазақстандық Ассоциациясының құрмет грамотасы;

— 2015 жылы — «ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» медаль;

— 2016 жылы «Трансплантация бойынша координациялық орталық» мекемесінің алғыс хаты.

— 2016 жыл – Павлодар облысының мәслихаты, алғыс хат;

— 2016 жыл – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы.


soltanov

Муслим Тлектесұлы Солтанов

«Павлодар облыстық қан орталығы» КМК директоры

1973 жылғы 9 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл кентінде дүниеге келді.

Орта білім бер мектебін аяқтаған соң, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академияға «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсті.

Әскери дайындықты оқу орны жанында 2000 жылы өттім, медициналық қызмет лейтенанты атаағына ие.

2000-2001 жылдары Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана негізінде «Хирургия» мамандығы бойынша өттім, одан кейін 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін Облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінде жедел көмектің хирург дәрігері болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап 2007 жылдың қараша айына дейін «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-нда хирург дәрігер болып жұмыс істеді. 2007 жылдың қараша айында «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ны бас дәрігерінің міндеттерін атқарушы лауазымына ауыстыру арқылы тағайындалды, 2007 жылдың желтоқсан айында «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ны бас дәрігері лауазымына бекітілді. Бұл жерде 2011 жылғы 5 қаңтарға дейін жұмыс істеді. 2001 жылдың 6 қаңтарынан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК директорының міндеттерін атқарушы лауазымына тағайындалды. 2001 жылғы 2 маусымнан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен конкурс негізінде «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-ны директоры лауазымына тағайындалды.

2012 жылы «Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті» Павлодар филиалының негізінде «Қоғамдық денсаулық/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта дайындықты өтті. 2015 жылғы маусым айында «Қоғамдық денсаулық/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бірінші біліктілік санат беріле отырып, маман сертификатын алды.


syzdykov

Сыздықов Серім Уақапұлы

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК бас дәрігері

Сыздықов Серім Уақапұлы 1952 жылы Павлодар облысы Ямышево ауылында дүниеге келді.

1976 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады.

Интернатураны аяқтаған соң, 1976 жылдан бастап Павлодар қаласы № 5 емханасында хирург дәрігері болды.

1980 жылдан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында травматология-ортопедия бөлімшесінің дәрігері қызметінде жұмыс атқарды.

1991 жылғы желтоқсан айынан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына ауысты.

1999 жылғы сәуір айында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Әлеуметтік саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Келесі наградаларға ие:

  • «Құрмет» ордені
  • «Қазақстан Конституциясына он жыл» медалі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
  • «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгі
  • «Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгі
  • Ресейдің қоғамдық наградасы «Н.И.Пирогов ордені»

2012 жылдан бастап Павлодар облысы маслихат депутаты болып келеді.

2013 жылдан бастап – Павлодар қаласының Құрметті азаматы.


suleimenov

Сүлейменов Мұрат Құснұллұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық  онкологиялық диспансері» КМК директоры

Туған жылы 12.03 1954 жыл

ұлты қазақ

отбасы жағдайы женат

азаматтығы ҚР

жұмыс өтілі 39 жыл

Еңбек қызметін Қарағандының мемлекеттік медициналық институттың студенті болған кезінен 1974 жылдан бастап, оқуды № 1 қалалық клиникалық аурухананың реанимация және жеделдетілген терапия бөлімшесінде медициналық аға лауазымын жұмыспен біріктірген.

1978 ж. Павлодар қ. №2 қалалық ауруханасы базасында хирургия бойынша интернатура және емдеу факультетін аяқтағаннан кейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерге онколог хирургтың жұмысына кірісті.

1981 ж. диспансер бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауысты. 1983 – 84 ж.ж. онкология және радиология Қазақ ҒЗИ аспирантурада сырттай оқыды.

1985 ж. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды.

1998 ж. тамыз айында конкурстық негізде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департаментті басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, осы лауазымда 2001 ж. желтоқсанға дейін жұмыс істеді. Денсаулық сақтау басқарамасы департаментінде жұмыс істеген уақытты ішінде толық түрде ұйымдастырушы қабілеттін көрсетті. Әріптестерімен бірге облыстық денсаулық сақтау жүйесін сақтай білу, қиындықта, дағдарыс жылдары және істе медициналық қоғамды біріктіру, тұрғындарға медициналық көмекті жақсарту ісінде, денсаулық сақтау басқармасында экономикалық ұстамдарды белсенді енгізді.

2001 ж. желтоқсанынан бастап 2006 ж. қыркүйеке дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.

2006 ж. қыркүйегінен бастап  Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департамент басшысының алдын алу емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2009 ж. қарашадан бастап «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.

2012 ж. қаңтардан бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып қайта тағайындалды.

Оның басшылығымен Қазақстанда онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде қатерлі ісіктің атақты тіркеуші енгізілген болатын, бағдарламалық өнім 1988 жылдан бастап ООД қайта жаңартылған, кейін Семейде, Солтүстік Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстанда Шығыс-Қазақстанда және Талдықорған облысында келесіден енгізілген болатын.

1989 жылы «АСУ-онкология» бағдарламалық өнімді өңдеу жөнінде авторлық куәлікті алған.

1991 ж. «Онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде» халық аралық конференцияның жұмысында қатысты.

2003 жылы ПООД «АСУ-онкология» Республикалық бағдарлама енгізілген, сонымен қатар Австрияда Халықаралық конференцияда (Зальцбург қ.), Голландия (Амстердам қ.)

Оның басшылығымен Павлодар облысында онкологиялық қызмет жақсаруы және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстан кеңнен өткізіледі. Диспансері денсаулық сақтау реформасына тұартандыруға кірді. Жыл сайын емделушілерді емдеу бойынша тапсырыстарды орындайды.

40 ғылыми мақалалардың ғылыми-тәжірибелік жұмыстың, 2 жаңашылдықтың және 6 рационализаторлы ұсыныстардың авторы болып табылады.

«Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білімге ие.

Үнемі өзінің біліктілігін жоғарлатады.

Онколог хирург дәрігердің  —  жоғары санатты біліктілігі, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдастыру дәрігері бойынша бірінші санатты біліктілігі бар.

Жұмыстағы жеткен жетістіктер үшін Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граммотасымен және Денсаулық сақтау ісіне жеке үлесін қосқаны үшін және Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белігісімен және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі»

 2005 ж. «Шапағат» Мемлекеттік медаль марапатпен және «Облыс алдындағы жетістіктері үшін» белгісімен марапатталған.

2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен, Денсаулық сақтау ісінің – менеджері дипломымен марапатталған.

2014 ж. Невада Семейдің 25 жылдық мерей тойы медальімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Қазақстанның данқы» орденімен және «Бірлік» алтын медальмен марапаталған.

2013 жылы диспансер «Қазақстан Лидері» Құрмет атағына ие болған.  (ҚР рейтингі бірінші орын (Алтын)

2014 жылы диспансер «Сала Лидері 2014» атаққа ие болған.  (ҚР рейтингі екінші орын (Алтын)

 2015 жылы «Медицина мақтанышы» атағына ие болған.  (ҚР рейтингі екінші орын (Күміс)

Облыстың штаттан тыс онколог хирургы болып табылады.


tabylbekova

ТАБЫЛБЕКОВА АЙГҮЛ ҚУАТҚЫЗЫ

«Павлодарское ауылының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК басшысының міндетін атқарушысы

1964 жылы 19 сәуірде туған, білімі жоғары, 1987 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

1987 жылдан бастап 1988 жылға дейін Павлодар қаласының ЖМЖА базасында терапия бойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны бітіргеннен соң, 1988 жылдан бастап 1989 жылға дейін Павлодар  орталық аудандық ауруханасында терапевт дәрігері болып жұмыс істеді.

1989 жылдан бастап 1996 жылға дейін Кенжекөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында, №3 қалалық ауруханасында терапевт дәрігері болып жұмыс істеді.

1996 — 2008 жылдар аралығында «Кенжекөл» мекемесі Кенжекөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында терапевт дәрігері лауазымын атқарды.

2008 жылғы мамырдан бастап Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК-ның аға дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

2009 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК-ның аға дәрігері лауазымын атқарды.

2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМҚК-ның «Кенжекөл» бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2012-2016 жылдар аралығында ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2016 жылғы тамызда «Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2015 жылы «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.

Ғылыми-практикалық конференциялардың, оқыту курстардың, шебер кластар мен семинарлардың қатысушы бола отыра, бірнеше рет өз кәсіби деңгейін арттырып отырды. Ғылыми-практикалық медициналық басылымдардағы мына мақалалардың авторы болып табылады: «Ішек дисбактериозын емдеудің пробиотиктері» («Ғылым және денсаулық» №2 2013), «Остеоартроздың емделуі мен диагностикасы» («Импульс» №12 (151) 2013), «Құрт ауруы жайласа»  («Импульс» №1 (152) 2014),  «Экологиялық қолайсыз өңірлердегі халықтың денсаулық жағдайларының аспектілері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық  конференцияға қатысуымен «Бауырды дәрі-дәрмектермен зақымдау» баяндамасы (2014).


tentekpaev

Жаннат Мұсаұлы  Тентекпаев

«Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу мен оған қарсы күрес орталығы» ММ директоры

«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы»  КМҚК директоры.

1967 жылғы 12 мамырда Ақмола облысының, Жақсын ауданы, Қийма ауылында дүниеге келді.

Білімі: жоғары

 -1984 — 1986 жж.  — Семей мемлекеттік медициналық институты.

 -1988 -1992 жж. — Қарағанды мемлекеттік медициналық институты (емдеу ісі)

 -2009 — 2012 жж. — Павлодар мемлекеттік университеті (экономика факультеті)

Еңбек өтілі:

— 1989 ж. — Екібастұз орталық қалалық ауруханасы, медициналық аға;

— 1993 — 1999 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог- ортопед дәрігері;

— 1999 — 2002 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы нейрохирург-дәрігер;

— 2002 — 2005 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог — ортопед;

— 2005 — 2009 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- шұғыл және жоспарлық консультациялық көмек бөлімінің меңгерушісі;

— 2009 — 2010 жж. — Баянауыл орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.;

— 2011 — 2012 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- бас дәрігердің медициналық қызмет, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары;

— 2012 ж.ақпан — Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.

— 2012 жылғы наурыздан бастап 2015 жылғы сәуірге дейін -№1 емхананың бас дәрігері;

-2015 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — « Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК  директоры.

Жалпы еңбек өтілі :24жыл 02ай.

Қосымша білімі:

30.09.2011 — 29.12.2011 ж. — СММА Павлодар филиалы,  «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»  біліктілігін арттыру.

05.05.2012 — 02.06.2012 ж. – СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» біліктілікті арттыру айналымы;

24.09.2012 — 28.09.2012 ж. —  Астана қ. ДСДРО «ШЖҚ мемлекеттік медициналық ұйымдардың операциялық менеджементі» біліктілікті арттыру айналымы;

02.06.2015ж. — Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігердің бірінші санатты категория сертификаты.


tyrakbaeva

Тұрақбаева Фарида Қапарқызы

ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер

Павлодар облысы, Баянаул ауылында 1964 жылы 17 қарашада дүниеге келді. 1981 жылы Павлодар қ. № 14 орта мектебін бітірді.

1981 жылында Қазақстан Коммунистік партиясының Павлодар облыстық комитетінде техникалық хатшы болып істеді.

1982 ж. Семей мемлекеттік Медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсті. Аталған оқуды 1988 ж. аяқтады, Павлодар қ. № 1 ауруханасына акушер-гинекология бойынша дәрігер интерн ретінде қабылданды. 1989 ж. облыстық перзентханаға акушер-гинеколог дірігері қызметіне ауыстырылды. 2003 ж. ҚР «Гедеон Рихтер»  АҚ фарм компаниясында өңірлік медицина өкім ретінде 2008 жылға дейін жұмыс істеді. Жұмыс кезінде акушер-гинеколог дәрігерін қоса атқарды. 2005 және 2006 ж. « Дәрігерлік –дене тәрбиесі диспансері» КМҚК Павлодар қ. емдеу бөлімінде директордың орынбасарының қызметін қоса атқарды.

2006-2008 ж. Алматы қаласында «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008 ж. Алматы қ. «Молекулярлық медицина институтында» ЖШС директор қызметін атқарды. 2009-2013 ж. Павлодар  облысының перзентханасында дәрігер акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 2013 ж. қараша айында Алматы қаласында «Валента –Фарм» АҚ аға медициналық өкім ретінде жұмыс атқарды. Осы уақытта Алматы қ. «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС клиникасында бас дәрігер ретінде қоса жұмыс істеді. 2014 жылдың қарашасынан бастап Семей қ. ММУ ПФ акушерния-гинекология 2 хирургия курс кафедрасында ассистент оқу ісінің меңгерушісі болды.

2016 жылдың ақпанынан бастап ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер болып қызмет атқаруда.


turguldinov

Тұргүлдінов Амрқан Айдарқанұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК бас дәрігері

Амрқан Айдарқанұлы Тұргүлдінов 1961 жылы 01 қараша айында Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Октябрьское ауылында дүниеге келді. Ұлты  – қазақ. Үйленген, екі ұлы бар.

Білімім – жоғары, медициналық. 1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық

институтын тамамдады. Инститтуты бітіргеннен кейін емдеу дәрігері біліктілігіне ие болды. Денсаулық сақтаудағы жоғарғы санатты дәрігер-ұйымдастырушы. 1985 -1986 жж. аралығында Павлодар облыстық ауруханасында «Хирургия» циклы бойынша интернатурадан өтті.

1986-1987 ж.ж. аралығында Қашыр ауданынының ауруханасында хирург-дәрігер ретінде жұмыс атқарды. 1987-1994 ж.ж. аралығында ауыл шаруашылық денсаулық сақтау жұмысы жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары ретінде жұмыс істеді. 1994-2014 ж.ж. аралығында Қашыр аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет атқарды. 2014 жылы  ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігердің  орынбасары лауазымына тағайындалды. 2015-2017 ж.ж. аралығында ШЖҚ «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері қызметін атқарды. 2017 жылдың  қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар областық диагностикалық  орталығы» КМК бас дәрігері болып қызмет атқаруда.

«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие болды


turebayev

Туребаев  Алтай  Уралович

ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері

1963 жылы 4 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылында дүниеге келді. 1980 жылы Ертіс ауданы, Панфилов ауылының орта мектебін бітірген. 1980-1986 жылдары «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтында оқыды, «емдеуші дәрігер» біліктілігі бар. 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесін алды.

1986-1987 жылдар аралығында Жедел медициналық көмек ауруханасы базасы негізінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны өтті.

1987 жылы Облыстық денсаулық сақтау бөлімімен Коминтерн учаскелік ауруханасына  хирург дәрігер ретінде жолданды.

1991 жылы Коминтерн ауылының учаскелік ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.

1996 жылы Ақтоғай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «ТЖ шұғыл медициналық көмектің облыстық орталығы» ММ директорының орынбасары болды.

2009 жылы ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.

2015 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.

1995 жылы Мәслихат депутатына сайланды.

1996 жылы Павлодар облысының мәслихат депутаты болды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды

Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде 25 жыл қызмет атқару кезінде өзін білікті басшы және жоғары білікті ұйымдастырушы ретінде танытты. Басқару процесіне және дұрыс шешім қабылдауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. БМСК қағидаларын жүзеге асыруға қатысады: профилактикалық бағыт, кепілділік, тегін көмек көрсету, жалпы қол жетімділік. Интеллектуалды қабілеті бар, аналитикалық тұрғыда шешім қабылдайды. Мұқияттылық, еңбекқорлық, жинақылық сияқты адами қабілеттері БМСК-ны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.

Отбасылық жағдайы – үйленген.


kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа