140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Ереже

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 28/1 қаулысы. Павлодар облысының
Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 4336 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы
29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410
Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен
белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн
ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 28/1 қаулысымен
бекітілген

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар
облысының аумағындағы денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары
жоқ.
3. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де
нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік
мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы
бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан
азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің
мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және
штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй.
10. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі — жұма сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде — «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде – государственное учреждение «Управление здравоохранения Павлодарской области»
12. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы
Павлодар облысының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
құрылтай құжаты болып табылады.
14. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін
қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік
субъектілерімен «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Егер «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық
актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен
алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы —
халық денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік
саясатты жүргізу.
17. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің
мақсаты азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру, адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілік принципі
болып табылады.
18. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні
азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша
денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру, Павлодар
облысының тұрғындарына дәрілік көмек көрсетудің тиімділігі болып табылады.
19. Міндеттері:
1) денсаулық сақтау саласында өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске
асыруды қамтамасыз ету;
3) облыс санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесіп, Павлодар облысы
тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған
іс-шараларды өткізу;
4) азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және облыстық бағдарламаларды
іске асыруда қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау;
5) медициналық және фармацевтикалық кадрларға деген қажеттілікті анықтау, жоғары және
орта білімі бар мамандарды даярлауды және біліктілікті арттыруды жоспарлау;
6) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің
сақталуын қамтамасыз ету;
7) саланы қоғам қажеттілігіне жауап беретін білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
8) денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін жоғарылату;
9) донорлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы тұлғаларды күтіп-бағуға
бақылауды жүзеге асырады;
3) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың
іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды
ұйымдастырады;
5) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен олардың қаржылық және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін
дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;
6) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін
үйлестіреді;
7) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
8) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес
медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды
жүзеге асырады;
9) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған
медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға
қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
11) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады
;
12) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол
жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;
13) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот
шешімін орындауға жәрдемдеседі;
14) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді
жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;
15) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау
саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет
түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының
сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
16) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді
жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;
17) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік
аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың
ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
18) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді
мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық
білімі бар мамандарды оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
19) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды
өткізеді;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының
орындалуын қамтамасыз етеді;
22) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса
алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен
қамтамасыз етеді;
23) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады
және жүзеге асырады;
24) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;
25) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық
және фармацевтикалық қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
26) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік
заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды
:
амбулаториялық деңгейде — уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде — дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;
27) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес
жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі
жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;
28) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
29) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
30) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
31) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;
32) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және
медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
33) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен оларды
қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;
34) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен
қалыптастыруды ұйымдастырады;
35) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін
аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
36) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес
қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
37) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай
отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
38) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік
құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;
39) ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары қызметінің мәні мен мақсаттарын анықтайды
;
40) ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарының мүлкін пайдалануын және сақталуын
бақылауды жүзеге асырады;
41) қызметкерлерді басқарудың жалпы жүйесін қалыптастыру мақсатында, өз құзыретінде »
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды жүзеге асырады;
42) жаппай ақпарат құралдары арқылы қоғамдықпен байланысты орнатып, дамытады;
43) ішк бақылауды жүзеге асыру:
«Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекеменің жұмыс сапасын және
тиімділігін арттыру мақсатында басқарма қызметтері;
ұйымдардың жүргізуіндегі қаржы-шаруашылық қызметі;
44) облыс әкімімен, әкімдікпен қарастырылған актілер жағдайында, мемкелеттік заңды
тұлғалар құқықтарының субъект өкілеттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қатысты
үлестерімен және акционерлік қоғамның мемлекеттік акциялар пакетімен, басқа да нормативтік
құқытық актілермен қолдану және иелену құқығын жүзеге асыру, сонымен қатар ұқсас, органдардың
тиісті салалары құзыреті шешімдерді қабылдауға қатысу.
21. Құқықтары мен міндеттері:
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген
міндеттерді орындау және осы Ережемен көзделген өкілеттілікті іске асыру үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) облыс әкімдігінің және облыс әкімінің қарауына азаматтардың денсаулығын сақтау және
салауатты өмір салтын қалыптастыру, Павлодар облысы тұрғындарына дәрілік көмек көрсетуді
ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім
бойынша белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрауға
және алуға;
3) олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да
атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
4) барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ
сот және құқық қорғау органдарында «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің мүддесін білдіруге;
5) өзінің құзіреті шеңберінде шарттар, келісімдер жасауға;
6) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарының құрылымы бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
7) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарында байқау кеңестерін құру бойынша ұсыныс
енгізуге, байқау кеңесі мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізуге, байқау кеңесі құрамын
қалыптастырып, бекітуге, олардың қызметін бағалауды жүзеге асыруға құқылы.
8) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-құқытық актілерді қолдану;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын
мүдделерін және құқытарын сақтау;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігінің,
ел Басының, сонымен қатар Павлодар облысы маслихатының, әкімдігінің тапсырмаларын уақытылы және
сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты »
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің
орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
23. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші
басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші
басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен
босатылатын орынбасарлары бар.
25. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының
өкілеттіктері:
1) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын
ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;
2) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге
өзгерістер енгізу туралы жобаларды облыс әкімдігінің бекітуіне ұсынады, оның құрылымы және
штаты бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық
бөлімшелері туралы Ережені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек
көрсетуді, оларды тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
6) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
қызметкерлерін іссапарға жібереді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;
8) өз орынбасарларының міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ «Павлодар облысының
денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, облыс
ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының
денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және
қызметінен босатады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері және облыс ведомстволық бағынысты медицина
ұйымдарының басшылары орындауға міндетті бұйрық шығарады және нұсқаулар береді;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда
және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;
12) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының қатысуымен «Павлодар облысының
денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңестерін өткізеді;
13) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын
әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысының
перспективті және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
15) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларын қызметке тағайындайды, Қазақстан
Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте оларды аттестациядан өткізеді;
16) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының орынбасарларын, олардың
басшыларының ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және облыс
ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларымен еңбек шарттарын жасайды;
17) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
қызметкерлерін және Павлодар облысы ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарының басшыларын
тәртіптік жауапқа тарту жөніндегі мәселелерді қарайды және тәртіптік жауапқа тартады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған
кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны
алмастыратын тұлға орындайды.
26. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық
мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы
өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті
саладағы уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі
мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және
ұжымдық шартына сәйкес белгіленеді.
4. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан
Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі
болуы мүмкін.
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған
меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздер есебінен қалыптастырылады.
30. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген
мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне
бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған
өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
32. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте
қалады.
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – КМҚК):
«Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» КМҚК;
«Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМҚК;
«Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК;
«Павлодар ауданының поликлиникасы» КМҚК;
«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК;
«Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы» КМҚК;
«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК
«Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК;
«Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК;
«Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМҚК;
«Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК;
«Павлодар қаласының № 3 емханасы» КМҚК;
«Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы» КМҚК.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):
1) ШЖҚ «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК;
2) ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК;
3) ШЖҚ «Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» КМК;
4) ШЖҚ «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК;
5) ШЖҚ «Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК;
6) ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК;
7) ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталық» КМК;
8) ШЖҚ «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК;
9) ШЖҚ «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК;
10) ШЖҚ «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК;
11) ШЖҚ «Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» КМК;
12) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 1 емханасы» КМК;
13) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 2 емханасы» КМК;
14) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 4 емханасы» КМК;
15) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 5 емханасы» КМК;
16) ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК;
17) ШЖҚ «Екібастұз перзентханасы» КМК;
18) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 1 емханасы» КМК;
19) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» КМК;
20) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» КМК;
21) ШЖҚ «Екібастұз қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем станциясы» КМК;
22) ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК;
23) ШЖҚ «Железин орталық аудандық ауруханасы» КМК;
24) ШЖҚ «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМК;
25) ШЖҚ «Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы» КМК;
26) ШЖҚ «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» КМК;
27) ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМК;
28) ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК;
29) ШЖҚ «Качиры орталық аудандық ауруханасы» КМК;
30) ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК;
31) ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК;
32) ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК;
33) ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК.
3. Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ):
1) «Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ;
2) «Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ММ;
3) «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ;
4) «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа