140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысының телемедицина орталықтары

Павлодар облысының телемедицина орталықтарының жұмысы

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар өмірдің барлық салаларына заңды түрде енуде. Бұл, әрине денсаулық сақтау жүйесін де айналып өткен жоқ.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар прогрессі халыққа медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру үшін жаңа бағыт базасын – телемедицинаны құрды. Телеконсультациялар (бейнеконференция қоса алғанда) бүгінгі күні барлық жерде жоспарлы және шұғыл жағдайларда өткізіледі, соның ішінде төтенше жағдайларда.

Қашықтықтан диагностика және емдеуге ұсынымдар беру дәрігерлер көрсететін жедел және күнделікті медициналық көмекке пайдаланады. Үлкен қалалалардан шалғайда орналасқан аудандарда сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі телемедицина жетістіктерінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Ұлттық телемедицина желісі ҚР ДСМ «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы ұтқыр және телемедицинаны дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылды.

Халыққа жоғары білікті және мамандандырылған емдеу-тәжірибелік көмек көрсетудің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінде 2009 жылдан бастап ШЖҚ «Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» МКК санитарлық авиация бөлімшесі жанында және Май, Шарбақты, Баянауыл, Лебяжі, Ертіс, Железин аудандарының орталық аудандық ауруханаларында және 2013 жылдың қараша айынан бастап Екібастұз, Ақсу қалаларының қалалық ауруханалары, Павлодар қаласының №2 ауруханасы базаларының телемедициналық орталықтары жұмыс істейді, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Кашыр және Ақтоғай орталық аудандық ауруханаларында телемедициналық жабдықтары демеушілер есебінен орнатылды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен телемедицина байланысы бойынша облыстық штаттан мамандардың консультация беру кестесі және өткізу мониторингіне жауапты тұлғалар бекітілді.

Облыс телемедициналық орталықтар жұмысын талдау барысында өткізу санының артқаны байқалады. 2015 жылы 1082 (2014 ж.- 973), телемедициналық консультациялар мен бейнеконференцбайланыс өткізілді, 2016 жылы І жарты жылдықта -510.

2015 жылы Астана, Алматы қалаларының республикалық ғылыми орталықтары мамандарыменө- 95 (2014 ж.-151).бейнеконференцбайланыс өткізілді.

Аудандық ауруханаларда кардиолог (205), невролог (102), пульмонолог (75), хирург (64) және басқа мамандар айтарлықтай сұранысқа ие.

Телемедицинаның тартымды жетістігі аудандық денсаулық орталықтарына аз шығынмен жоғары білікті және мамандандырылған консультациялық көмек көрсетуге қол жеткізу, дәрігерлерді клиникалық оқыту болып табылады.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа