140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Қызметінің мәні, мақсаттары, функциялары

қызметінің мәні, мақсаттары, функциялары

1. Мыналар:

1) азаматтардың денсаулығын қорғау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысу, облыс тұрғындарына дәрiдәрмектiк көмек көрсетудi ұйымдастыру;

2) облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары-мен бірлесіп, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық әлауқатын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды өткiзу;

3) азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларды іске асырудағы салааралық үйлестiрудi, қоғамдық ұйымдармен және бiрлестiктермен өзара ісқимыл жасауды жүзеге асыру;

4) медициналық және фармацевтикалық кадрларға деген қажеттiлiктi анықтау, жоғары және орта медициналық бiлiмдi мамандар даярлауды және бiлiктiлiктерiн арттыруды жоспарлау Департамент қызметінің мақсаттары болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Департамент қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) халық денсаулығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнаманы іске асыру жөніндегі меншік нысандарына қарамастан, емдеу-алдын алу мекемелерінің, кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру;

2) халық денсаулығының жай-күйiн талдау, азаматтар денсаулығын қорғаудың басымдықты бағыттары бойынша бағдарламалар әзiрлеу;

3) денсаулық сақтау ұйымдары желiсiн дамыту және оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;

4) салауатты өмiр салтын насихаттауды, медициналық және гигиеналық бiлiм берудi ұйымдастыру;

5) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы “Мемлекеттiк сатып алулар туралы” Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын емдеуалдын алу мекемелерiнiң санитарлық автокөлiктерге, медициналық жабдықтарға, дәрiдәрмектерге, сондайақ жалға алу жөнiндегi шетелдiк кредиттердi пайдалануға деген қажеттiлiгiн анықтау;

6) республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен сатып алынған және iзгiлiк жолымен келiп түскен дәрiлiк заттардың үнемдi пай-далануына бақылау жасау;

7) төтенше жағдайларда (жаппай ауруларда, тiлсiз қияпаттарда, апаттарда) емдеуалдын алу шараларымен ең жоғары көлемде қамтамасыз етуді бақылау;

8) қоғамдық ұйымдармен және бiрлестiктермен халық денсаулығын сақтау, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң әлеуметтiк құқықтарын қорғау, олардың қызметiн қолдау және көтермелеу мәселелерi бойынша өзара іс-қимыл жасау;

9) қалалар және аудандар әкiмдерiмен келiсе отырып, облыс денсаулық сақтау жүйесiнiң басшы кадрларын iрiктеудi және орналастыруды iске асыру;

10) облыс емдеу-алдын алу ұйымдарына олардың қызметтерiнiң негiзгi бағыттары бойынша ұйымдастырушылық және әдiстемелiк көмек көрсету;

11) облыс денсаулық сақтау бюджетiн жоспарлау және оны облыс медицина ұйымдары бойынша бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

12) денсаулық сақтау iсiн дамытудың перспективтiк, индикативтiк және стратегиялық жоспарларын, тұжырымдамаларды, бизнес-жоспарларды, өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу;

13) облыс медицина ұйымдары арасында мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру;

14) облыс денсаулық сақтау медицина ұйымдарының қаржы, еңбек және материалдық ресурстарын тиiмдi пайдалану қызметiне талдау жасауды жүзеге асыру;

15) Департаментте және оның ведомствоға бағынысты құрылымдарында денсаулық сақтау мәселелерi жөніндегі азаматтар ұсыныстарыны, өтiнiштерiнiң, шағымдарының уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;

16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес республикалық мәнi бар ұйымдар, сондай-ақ қызметi бiр облыстан тыс таралатын жеке және заңды тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтердi санамағанда, медициналық қызметтi, дәрiлiк заттарды дайындау және бөлшек саудамен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;

17) кадрлардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

18) денсаулық сақтау департаментiнде және ведомствоға бағыныс-ты құрылымдарда денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi сыныстарды, өтiнiштердi, шағымдарды уақытылы қарау.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Департамент мыналарға:

1) ведомстволық бағыныстағы мекемелерде басқару құрылымы, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жататын орын жүйесiнiң құрылымы мен көлемi, қуаттылығы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;

2) бағдарламаларды әзiрлеу және орындау, кадрлардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде облыс кәсiпорындарымен және мекемелерiмен заңнамада белгiленген тәртiпте шарттар жасасуға;

3) ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен мекемелер үшiн мiндеттi түрде орындалатын шешiмдер қабылдауға;

4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, кәсiпорындардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан денсаулық сақтау саласының мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа