140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Басқарма басшысы

Өмірбаян


Ораз Сәрсенғалиұлы Мұқашев

Ораз Сәрсенғалиұлы Мұқашев

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

1963 жылы ҚР ШҚО Бородулихинск ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1986 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын емдік ісі мамандығы бойынша үздік бітірген. 1986-1987 жылдары Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2010ж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.

2016ж. Инновациялық Еуразия университеті, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.


Еңбек өтілі:

— 1987.01.08. – 1996.24.01жж., Семей қ., «Орталық қалалық ауруханасы» хирург дәрігері;

— 1996.05.02. – 1997.05.05жж., Павлодар қ., «№2 қалалық ауруханасы» хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі;

— 1997.05.05. — 1998.02.04 жж., Павлодар қ., «№2 қалалық ауруханасы» хирургиялық бөлімшесінің аға ординатор дәрігері;

— 1998.02.04. — 1999.14.12жж., Павлодар қ., «№2 қалалық ауруханасы» хирургиялық бөлімшесінің шұғыл көмектің хирург дәрігері;

— 2000.01.02. -2007.23.05жж., Павлодар қ., «Ғ.Сұлтанов ат. облыстық ауруханасы» хирургиялық бөлімшенің дәрігері;

— 2007. 23.05.- 2007. 29.08. жж., Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті мм, Екібастұз қаласы бойынша емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы;

— 2007.29.08. -2007.24.09. жж., Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті мм, Екібастұз қаласы бойынша емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бас маманы;

— 2007.24.09. -2007.11.12. жж., Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті мм, тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау және емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің хирургі;

— 2007.11.12.- 2008.21.07.жж, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті мм, емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы;

— 2008.21.07. -2009.28.01.жж, Павлодар қ., «№2 қалалық ауруханасы»КМҚК бас дәрігерінің міндетін атқарушы;

— 2009.28.01. -2012.21.11.жж., ШЖҚ «№2 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері;

— 2012.22.11. -2013.21.02.жж, ШЖҚ «Павлодар қаласы Аймақтық кардиохирургиялық орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы;

— 2013.21.02. – 2014.02.12. жж., ШЖҚ «Павлодар қаласы Аймақтық кардиохирургиялық орталығы» РМК директоры;

— 2014.03.12..- 06.02.2015.жж, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» РМК директорының міндеттерін атқарушы;

— 2015ж.06.02.– осы уақыт аралығында, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» РМК директоры.


Біліктілігін арттыру:

— 2010ж., «Кәсіпорындарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау»;

— 2010ж., «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар басқармасы»;

— 2012ж., «Корпоративтік басқару» директорлар институты, Алматы қ.;

— 2013ж., «Денсаулық сақтау менеджменті»; Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты;

— 2013ж., «Заманауи клиникасының басқармасы. Корея тәжірбиесі», Сеул қ., (Оңтүстік Корея);

— 2013ж., Азаматтық қорғаныс аясында біліктілігін арттыру;

— 2014ж., «Израиль денсаулық сақтау жүйесі. Озық тәжірибе . Инновациялар», Тель-Авив қ.;

— 2014ж., «Англия денсаулық сақтау жүйесі. Лондан үлгісі бойынша медициналық мекемелерді тиімді басқару», Лондон қ., (Англия);

— 2016ж., «Корпоративтік басқару. Медициналық ұйымдар басшыларының басқару құзыреттілігі, ШЖҚ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК.

 «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары санаты бар.


Наградалары:

1) «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 2008ж.;

2) «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтой медалі, 2012ж.;

3) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі

3) Қазақстан Республикасы Президетінің құрмет грамотасы, 2013ж.;

4) «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 2014ж.;

5) «Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтқаны үшін» құрмет медалі, «Халықаралық Әлем Қоры» ҚҚ басқармасы, 2014ж. Павлодар облысының Қордың әлемдік қызметінде көп жыл белсенді қатысқандығы үшін.


Отбасы жағдайы: үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа