Тіркеу бөлімі 32-98-76

Павлодардағы «Нөлдік кемсіту» акциясы

13.03.2018

Ноль дискриминацииПавлодар өнеркәсіптік кәсіпорындарында, «Халық радиосында» облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының мамандарымен ұйымдастырылған «Нөлдік кемсіту» акциясы өткізілді.

          Дәрігерлер шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жаңа мереке – наурыздың бірі күні мерекеленетін «Нөлдік кемсіту» күні туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Ол қоғам назарын АИТВ және ЖИТС-пен ауратын адамдар проблемаларына аударуға арналған. Кәсіпорын қызметкерлерінің белсенділігі ЖИТС ОО эпидемиолог-дәрігерлерімен әңгімеде байқалды. Олар АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарды кемсіту бойынша сұрақтар қойды.

Бұл күні ЖИТС орталығының мамандары Ж.Байдаурова, Е.Жүнісбеков және І.Төлеуова павлодарлық «Халықрадиосының» тікелей эфиріндегі бағдарламаға қатысты. Бағдарламада мамандар мемлекеттік және орыс тілдерінде облыс тұрғындарының АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға деген қарым-қатынас туралы сұрақтарына жауап берді.

 

Роза Апаева





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа