Павлодарлық эпидемиологтарға арналған семинар

2017 жылғы 19.05

 IMG_3286  Облыс медицина ұйымдарындағы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға жауапты дәрігерлерге арналған семинарды Павлодар ЖИТС ОО өткізді.

Семинарда эпидемиологтар алдында тұрғындарды клиникалық және эпидемиологиялық айғақтары бойынша тестілеуді дәлелдеу талдауларымен, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «90*90*90» бағдарламасы бойынша ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Ғ.Ж. Хасенова баяндама жасады. Баяндама жасаушының көрсетілген материалы слайдтарға құрылған.

Эпидемиолог-дәрігер Ә.М. Асылханова сәйкес ҚР ДСМ-нің 06.03.2013 жылғы №128 «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» және 23.11.2010 жылғы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»  бұйрықтарына өзгеріс енгізілетін, ҚР ДСМ-нің осы жылғы Бұйрықтарын талқылады.

Семинарға қатысушы дәрігерлерге ақпараттық білім беру жаднамалары, үлестіруші материалдары таратылды. Облысымыздың барлық медициналық ұйымдарына Павлодар ЖИТС орталығымен жоғарыда аталған нормативтік құжаттарды тарату іске асырылды. Семинар ұйымдастырушылары медицина қызметкерлерінің барлық сауалдарына жауап берді.

Роза Апаева

Телефон регистратуры: 32-98-76
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа