Тіркеу бөлімі 32-98-76

Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен 28.02.2018 жылға арналған АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

16.04.2018

116f8c47-6697-43c1-bbf3-e24fb5985928.jpg.thumbnail

Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2018 жылғы ақпанның 28-не Қазақстан азаматтарының арасында АИТВ-жұқпасының 2708 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 232,5). Павлодар – 2074 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 368,5), Екібастұз – 146 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 73,4), Ақсу – 319 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 285,1). Облыс аудандарында: Ақтоғай – 6 жағдай (31,7), Баянауыл – 10 (22,8), Железин – 20 (93,9), Ертіс – 18 (71,5), Қашыр – 14 (58,9), Лебяжье – 13 (62,9),  Май – 4 (28,1), Павлодар – 52 (149,7), Успен – 12 (66,0), Щарбақты – 20 жағдай (60,3). Жинақтай алғанда, Қазақстан азаматтары арасында ЖИТС диагнозы 465 науқасқа қойылды, олардың ішінде ЖИТС-тан 360 адам қайтыс болды.

Жұғу жолдары және себептері: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 1612 (59,5%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 1016 (37,5%), гомосексуалды қатынас кезіндегі жыныстық – 17 (0,6%), тік жолмен – 13 (0,5%), аурухана ішілік (жұқпаны жұқтыру орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0 %), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 2 (0,1%), белгісіз жолмен – 47 жағдайда (1,7 %).

Жынысы бойынша: ер адамдар – 1711 (63,2%), әйелдер – 997 (36,8%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 17 адам (0,5%), 15-19 жас аралығында – 192 (7,1%),  20-29 жас аралығында – 1138 (42%), 30-39 жас аралығында – 882 (32,6%), 40-49 жас аралығында – 336 (12,4%), 50-59 жас аралығында – 115 (4,2%), 60-69 жас аралығында – 28 адам (1%).

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 1481 адам (54,7%), жұмыс істейтіндер – 827 (30,5%), мектеп оқушылары мен студенттер – 67 (2,5%), мектепке дейінгі балалар – 12 (0,4%), зейнеткерлер – 21 (0,8%), сотталғандар – 113 (4,2%), тергеудегі тұтқындалғандар – 187 (6,9%).

2018 жылдың ақпан айы ішіндегі АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдайы.     2018 жылғы ақпан айы ішінде Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 32 жағдайы тіркелді. Қарқынды көрсеткіш 4,2 (100 мың адамға шаққанда). Павлодар қаласында – 21 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 5,8), Екібастұз – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 2,6), Ақсу – 3 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 4,2). Железин ауданында – 3 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 18,8), Шарбақты ауданында – 1 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 5,0).

Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 5 (15,6%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 23 (71,9%), тік жолмен – 1  (3,1%), белгісіз жолмен – 3 (9,4%).

Жынысы бойынша: ер адамдар – 15 (46,9%), әйелдер – 17 (53,1%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-1 жас – 1 (3,1%), 20-29 жас – 8 (25%),  30-39 жас – 10 (31,3%), 40-49 жас – 10 адам (31,3%), 50-59 жас – 2 (6,3%), 60 және одан  жоғары жас аралығында – 1 (3,1%) адам.

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 22 адам (68,8%), жұмыс істейтіндер – 8 (25%), студенттер – 1 (3,1%), мектепке дейінгі балалар – 1 (3,1%).

 

          ЖИТС ОО-ның директоры                                   Ж. Тентекпаев

 

Орынд.: Ғ.Ж. Хасенова, С.Ю.Сидоров

Тел.329879




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа