Тіркеу бөлімі 32-98-76

Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен 30.06.2018 жылға арналған АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

11.07.2018

116f8c47-6697-43c1-bbf3-e24fb5985928.jpg.thumbnail

Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2018 жылғы маусымның 30-на Қазақстан азаматтарының арасында АИТВ-жұқпасының 2783 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 238,1). Павлодар – 2129 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 376,3), Екібастұз – 149 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 74,7), Ақсу – 325 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 290,8). Облыс аудандарында: Ақтоғай – 6 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 31,7), Баянауыл – 11 (100 мың адамға шаққанда – 26,6), Железин – 21 (100 мың адамға шаққанда – 100,1), Ертіс – 18 (100 мың адамға шаққанда – 71,5), Қашыр – 18 (100 мың адамға шаққанда – 78,6), Лебяжье – 13 (100 мың адамға шаққанда – 62,9),  Май – 5 (100 мың адамға шаққанда – 37,5), Павлодар – 53 (100 мың адамға шаққанда – 138,2), Успен – 12 (100 мың адамға шаққанда – 66,0), Щарбақты – 23 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 70,4). Жинақтай алғанда, Қазақстан азаматтары арасында ЖИТС диагнозы 465 науқасқа қойылды, олардың ішінде ЖИТС-тан 372 адам қайтыс болды.

Жұғу жолдары және себептері: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 1639 (58,9%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 1062 (38,2%), гомосексуалды қатынас кезіндегі жыныстық – 17 (0,6%), тік жолмен – 13 (0,5%), аурухана ішілік (жұқпаны жұқтыру орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 2 (0,1%), белгісіз жолмен – 49 жағдайда (1,8 %).

Жынысы бойынша: ер адамдар – 1750 (62,9%), әйелдер – 1033 (37,1%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 18 адам (0,6%), 15-19 жас аралығында – 192 (6,9%),  20-29 жас аралығында – 1154 (41,5%), 30-39 жас аралығында – 911 (32,7%), 40-49 жас аралығында – 351 (12,6%), 50-59 жас аралығында – 126 (4,5%), 60-69 жас аралығында – 31 адам (1,1%).

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 1526 адам (54,8%), жұмыс істейтіндер – 853 (30,7%), мектеп оқушылары мен студенттер – 68 (2,4%), мектепке дейінгі балалар – 12 (0,4%), зейнеткерлер – 23 (0,8%), сотталғандар – 113 (4,1%), тергеудегі тұтқындалғандар – 188 (6,8%).

2018 жылдың 6 айы ішіндегі АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдайы.     2018 жылдың 6 айы ішінде Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 107 жағдайы тіркелді. Қарқынды көрсеткіш 14,2 (100 мың адамға шаққанда, қайтыс болғандарды есепке алумен). Павлодар қаласында – 76 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 21,2, қайтыс болғандарды есепке алумен), Екібастұз – 7 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 4,6), Ақсу – 9 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 12,7). Баянауыл ауданында – 1 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 3,8, қайтыс болғандарды есепке алумен), Железин ауданында – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 25,0), қашыр ауданында – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 19,6), Май ауданында – 1 (100 мың адамға шаққанда – 9,4),Павлодар ауданында – 1 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 3,8), Шарбақты ауданында – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 20,1, қайтыс болғандарды есепке алумен).

Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 32 (29,9%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 69 (64,5%), тік жолмен – 1  (0,9%), белгісіз жолмен – 5 (4,7%).

Жынысы бойынша: ер адамдар – 54 (50,5%), әйелдер – 53 (49,5%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-1 жас – 1 (0,9%), 11-14 жас – 1 (0,9%), 20-29 жас – 24 (22,4%),  30-39 жас – 39 (36,4%), 40-49 жас – 25 адам (23,4%), 50-59 жас – 13 (12,1%), 60 және одан  жоғары жас аралығында – 4 (3,7%) адам.

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 67 адам (62,6%), жұмыс істейтіндер – 34 (31,8%), мектепке дейінгі балалар – 1 (0,9%), мектеп оқушылары – 1 (0,9%), студенттер – 1 (0,9%), зейнеткерлер – 2 (1,9%), тергеудегі тұтқындалғандар – 1 (0,9%).

 

 

 

          ЖИТС ОО-ның директоры                                   Ж. Тентекпаев

 

 

 

 

Орынд.: Ғ.Ж. Хасенова,

С.Ю.Сидоров

Тел.329879




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа