Павлодар радиосының эфирінде МӘМС бойынша түсінік беру

2017 жылғы 11.08

DSCN3431

Облыстық радиосының эфирінде Павлодар облыстық ЖИСТ-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының директоры
Ж.М. Тентекпаевтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелерін түсіндіру бойынша бағдарлама өтті.

Облыстық радионың эфирінде медициналық мекеменің басшысы ЖИТС орталығында халық арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізу үшін жедел топтың құрылғаны жайлы мәлімдеді. Дәрігерлер арнайы білім алып, қазіргі кезде ұйымдарда семинар-тренингтер өткізуде.

Павлодарлықтардың сұрақтарына жауап бере отырып,
Ж.М. Тентекпаев азаматтардың арасында қорға жарнаны төлеуден босатылатын 14 категориясын бөліп көрсетті. Тікелей эфирдің қонағы жынысқа, жасқа, әлеуметтік дәрежеге, тұратын мекенжайына және табысына қарамастан, МӘМС барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке бірдей ие болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол ҚР азаматтарымен және шетел азаматтарымен медициналық көмекті алған кезде төлемдердің қалай жүзеге асырылатыны туралы да айтты. Емделушінің медициналық сақтандырылуының барын медициналық қызметкерлер қалай анықтайды деген сұраққа ЖИТС ОО директоры Ж.М. Тентекпаев медициналық ұйымның қызметкерлері мәліметтердің бірыңғай электронды базасына адамның ЖСН енгізу жеткілікті болады деп жауап берді. Егер аударымдар жүзеге асырылса, онда медициналық ұйымға кеңес сұрап келген емделуші сақтандырумен ұсынылатын барлық қызмет түрлеріне құқылы болады. Аударымдар болмаған жағдайда емделушіге медициналық көмектің кепілдікті көлемі көрсетіліп, қалған шығындарды ол өзі өтейді.

Тікелей эфир кезінде «Денсаулық» бағдарламасына Павлодар облысындағы қалалар және аудандар тұрғындары өздерінің сұрақтарымен хабарласты. Барлықтары толық жауап алды.

Роза Апаева

 

Телефон регистратуры: 32-98-76
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа