Тіркеу бөлімі 32-98-76

2018 жылғы 30 қыркүйекке өсу қорытындысымен Павлодар облысындағы АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай

11.10.2018

1

2018 жылғы 30 қыркүйекке өсу қорытындысымен Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында 2831 жағдай АИТВ-жұқпасы тіркелді (100 мың тұрғынға көрсеткіш бойынша, қайтыс болғандардың есебімен –100 мыңға 240,8). Қалалар бойынша анықталды: Павлодар – 2165 жағдай (100 мыңға, өлгендердің есебімен 382,1), Екібастұз – 151 (100 мыңға 72,1), Ақсу – 328 жағдай (100 мыңға 292,2, өлгендердің есебімен). Облыс аудандары бойынша: Ақтоғай – 8 жағдай (100 мыңға 47,5, өлгендердің есебімен), Баянауыл – 12 (100 мыңға 26,6), Железин – 22 (100 мыңға 106,4), Ертіс – 19 (100 мыңға 77,4), Қашыр – 19 (100 мыңға 78,6), Лебяжі – 13 (100 мыңға 62,9), Май – 5 (100 мыңға 37,5), Павлодар – 53 (100 мыңға 138,2), Успен – 12 (100 мыңға 66,0), Шарбақты – 24 жағдай (100 мыңға 75,4, өлгендердің есебімен). Барлығы, Қазақстан азаматтары арасында «ЖИТС» диагнозы 479 емделушіге қойылды, олардан 378-і қайтыс болды.

Берілу жолдары: көктамыр ішілік, инъекциялық есірткілерді қабылдаған кезде – 1654 жағдай (58,4%), гетеросексуалды қатынас кезінде жыныстық жолмен – 1091 (38,5%), гомосексуалды қатынас кезінде жыныстық жолмен – 17 (0,6%), тігінен – 13 (0,5%), ауруханада (жұқтыру орны Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералды (медициналық емес манипуляция) – 2 (0,1%), анықталмаған – 53 (1,9%) жағдай.

Жыныс бойынша: 1783 еркек (63%), 1048 әйел (37%).

Жас құрамы бойынша: 0-14 жас – 18 адам (0,6%), 15-19 жас – 192 (6,8%), 20-29 жас – 1162 (41,0%), 30-39 жас – 932 (32,9%), 40-49 жас – 366 (12,9%), 50-59 жас – 129 (4,6%), 60 және одан асқан жастағы – 33 адам (1,1%).

Әлеуметтік-кәсіптік санаты бойынша: жұмыс істемейтіндер – 1550 адам (54,8%), жұмыс істейтіндер – 873 (30,8%), мектеп оқушылары мен студенттері – 68 (2,4%), мектепке дейінгі жастағы балалар – 12 (0,4%), зейнеткерлер – 24 (0,8%), сотталғандар – 113 (4,0%), тергеуге қамалғандар – 191 адам (6,7%).

2018 жылдың 9 айына АИТВ/ЖИТС бойынша

эпидемиологиялық жағдай

2018 жылдың 9 айына Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасы бойынша 155 жағдай тіркелді, қарқынды көрсеткіш 20,5 (100 мыңға). Қалалар бойынша: Павлодар – 112 жағдай (100 мыңға 31,2), Екібастұз – 9 (100 мыңға 5,9), Ақсу – 12 жағдай (100 мыңға – 17,0). Ақтоғай ауданында – 2 жағдай (100 мыңға 15,8), Баянауыл – 2 (100 мыңға 7,6), Железин – 5 (100 мыңға 31,3), Ертіс – 1 (100 мыңға 6,0), Қашыр – 5 (100 мыңға 24,6), Май – 1 (100 мыңға 9,4), Павлодар – 1 (100 мыңға 3,8), Шарбақты ауданында – 5 жағдай (100 мыңға 25,1).

Берілу жолдары: көктамыр ішілік, инъекциялық есірткілерді қабылдаған кезде – 47 жағдай (30,3%), гетеросексуалды қатынас кезінде жыныстық жолмен – 98 (63,2%), тігінен – 1 (0,6%), анықталмаған – 9 жағдай (5,8%).

Жыныс бойынша: 87 еркек (56,1%), 68әйел (43,9%).

Жас құрамы бойынша: 0-1 жас – 1 адам (0,6%), 11-14 жас – 1 (0,6%), 20-29 жас – 32 (20,6%), 30-39 жас – 60 (38,7%), 40-49 жас – 40 (25,8%), 50-59 жас – 16 (10,3%), 60 және одан асқан жастағы – 5 адам (3,2%).

Әлеуметтік-кәсіптік санаты бойынша: жұмыс істемейтіндер – 91 адам (58,7%), жұмыс істейтіндер – 54 (34,8%), мектепке дейінгі жастағы балалар – 1 (0,6%) мектеп оқушылары – 1 (0,6%), студенттер – 1 (0,6%), зейнеткерлер – 3 (1,9%), тергеуге қамалғандар – 4 адам (2,6%).

 

ЖИТС ОО директоры                                       Ж.Тентекпаев

 

 

 

 

Орынд.: Хасенова Г.Ж.

Сидоров С.Ю.

Тел.:329879

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа