Жылылық, көктем, махаббат пен гүлдер мерекесі.

07.03.2018

8 Наурыз — бұл халықаралық әйелдер мерекесі.

Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күні — 8 Наурыз мемлекеттік мереке және демалыс күні болып табылады. Осы күні барлық әйелдер махаббат пен жылы көңілмен қоршалған. Тамаша көктем мерекесі Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз қарсаңында 2018 жылдың 7 наурызында ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК-ның акт залында салтанатты мерекелік іс-шара жүргізілді. Акт залы мерекеге сай шарлармен, гүлдермен рәсімделді, салтанатты іс-шараны ер адам дәрігерлер (мемлекеттік және орыс) музыкалық қойылымдардың сүйемелденуімен 2 тілде жүргізді. Мерекелік іс-шара барысында ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК-ның бас дәрігері М.М.Салимбаева денсаулық, сәттілік және береке ізгі тілектермен барлық әйелдер ұжымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. №2 емхананың ұжым атынан барлық сүйікті, нәзік, әсем әйелдерін осы көктем мерекесімен құттықтаймыз! Осы 8 наурыз күні, сіздерге тамаша көңіл күй сыйласын, барлық дара армандарыңыздың орындалуына тілектеспіз! Ол тек қана қуаныш әкелетін жаңа бастаулардың басы болсын! Сіздерге әрдайым шынайы қошемет пен жылы сөздерді тілейміз!

IMG_2011[1] IMG_2010[1] IMG_2012[1]





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа