Тіркеу бөлімі 64-39-09

«Оңалту кезіндегі мейірбикенің рөлі. Инсультқа шалдыққан науқастарға күтім жасау» тақырыбына мейірбикелік конференция

14.09.2018

BEDFAF0C-B333-40DC-BA93-B4613BEB7E08ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы« КМК-да«Оңалту кезіндегі мейірбикенің рөлі. Инсультқа шалдыққан науқастарға күтім жасау» тақырыбынамейірбикелік конференция өтті.

Оңалту – бұл жарақат немесе сырқат нәтижесінде жоғалтылған функцияларды қайта қалпына келтіруге бағытталған іс – шаралар кешені. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау модернизациясы жүрек – қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу бойынша бағдарламалардың дамуын жобалайды. Осыған байланысты инсультты науқастарды оңалту актуальды кезең болып табылады. Мәселенің актуальдылығы келесідей қорытындыланады: инсульт алған науқастардың 80% — да асқынудың (тірек – қимыл, сөйлеу бұзылыстары, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, психикалық, когнитивті бұзылыстар) жеткілікті мөлшерібайқалған. Мәселенің мұндай аспектісі мысалы, науқастардың мүгедектілігі туралы сөз болғанда инсульттан кейінгі мүгедектілік барлық мүгедектілік себептерінің ішінде бірінші орынға ие. Инсульт өлім себептерінің ішінде үшінші орында және дүниежүзінің көптеген индустриалды мемлекеттеріндегі мүгедектіліктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу.

Мейірбике күн сайын науқастың проблемалары  меноның мүмкіндіктеріне бағалау жүргізеді. Әр мақсатқа оны орындау жөнінде жоспар жасалуы тиіс. Күтім жоспары ішінде сәйкестендірілген және аурудың жағдайы түйін-демеленген (бар және болар), күтім мақсаты (қысқамерзімді және ұзақмерзімді) көрсетілген, жоспарланған іс әрекеттер көрсетілген, күтімді орындау туралы мәліметтер мен өткізілген жұмыстардың бағалануы бар мейірбикелік үдерістің картасы толтырылады.

Қазіргі күтім принциптеріне – қауіпсіздік, құпиялылық, инфекциялық қауіпсіздігі, тәуелсіздігі, адамның сезім көріністеріне құрмет және этика және деонтология сақтау кіреді.

Пациентті оңалту бағдарламасында мейірбике тек қана дәрігерлердің нұсқауларын орындаушы емес, сонымен қатар әр бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін маман болып табылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер таңертеңгі конференцияларға қатысады, осында олар науқастардың жай-күйі жөнінде және оңалту бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат алады.Мейірбике науқас түскен сәттен бастап, шыққанға дейіноңалту процесінің байланыстырушы буыны болып табылады.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа