Тіркеу бөлімі 39-07-97

dkz_1       enbek_1_kk    

Емделушінің жеке кабинеті

Дәрігер қабылдауына жазылу (EGOV)

 

Қабылдау бөлмесінің телефоны/факсі: 8(7182)67-31-48

e-mail: pol1_pvl@bk.ru

Тіркеу орны телефоны: 39-07-97

Жазылуға арналған телефон: 39-07-97

Дәрігерді үйге шақыру: 39-07-97

Терапевт дәрігерге жазылу: 39-07-97

Арнайы мамандарға жазылу: 39-07-97

Әйелдер консультациясы: 67-30-96, 67-31-72

Балалар консультациясы (Иса Байзақов к-сі 151/2): 67-49-16,  67-49-93, 67-50-20

Пациенттерге қолдау көрсету: 67-32-68

бас дәрігердің ЕАЖ жөніндегі орынбасары – Алиева Рымжан Гаусильевна

бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары – Брыкова Раушан Кабиевна

Бас дәрігердің Whats App нөмірі 87075609498  

Ақпарат тек хабарлама түрінде қабылданады!

 

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

Сіздерді сайтымызда қошаметтеуге қуаныштымыз!

ШЖҚ «Павлодар қаласының № 1 емханасы» КМК ересек тұрғындар мен балаларға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, яғни өзіне бастапқы медициналық санитариялық көмекті енгізетін, амбулаторлық-емханалық көмек түрін ұсынатын облысымыздың үлкен емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі болып табылады.

Миссиясы

Алдын алу — сауықтыру — емдеу

Мақсаты

Қазақстан Республикасы Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қағидаттарына негізделіп, сапалы медициналық көмек қол жетімділігі мен алғашқы медициналық-санитарлық және кеңес беру -диагностикалық көмек көрсету уақыттылығын қамтамасыз ету жолымен халық денсаулығын жақсартуға бағытталған, медициналық қызметтер көрсету сапасын және халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін бұдан әрі дамыту мен нығайтуға үлес қосу.

Міндеттері

  • Кәсіпорынды басқаруды жетілдіру;

  • Ұйымдардағы денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін одан әрі дамыту;

  • Ана, сәби және бала өлімі мен әлеуметтік маңызы бар ауру көрсеткішін төмендету;

  • Ауруханаға жатқызу деңгейін төмендету және емхана, жедел жәрдем мен стационар арасындағы медициналық көмекті көрсету сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің орындалуын қамтамасыз ету;

  • Ана және баланы қорғау;

  • Медициналық көмек қол жетімділігін жоғарлату;

  • Кадрлық қамтылуды және дәрігерлер мен медбибілер құрамының біліктілік деңгейін жоғарлату;

  • Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан науқастарға, тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту;

  • Жұқпалы және жұқпалы емес ауру деңгейін төмендету;

  • Медициналық көмекті үздіксіз жетілдіру мақсатымен медициналық көмек сапасын басқару бойынша қызмет жұмысын, клиникалық аудит жүйесін, медициналық-экономикалық тариф пен медициналық көмек сапасының сыртқы және ішкі индикаторларымен анықталған емдеу үрдісін бағалау жұмысын жақсарту;

  • Салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды гигиеналық оқыту;

  • Инновациялық технологияларды және алдын алудың, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.

Біздің ұйымның негізгі құндылықтары

  • Нәтиже сапасын жоғарлату мақсатымен диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін және инновациялық технологияларды енгізу.

  • Емдеу-диагностикалық үрдістегі барлық қол жетімді медициналық құралдарды игеру дағдысын жетілдіру.

  • Кәсіби өсу мен бәсекеге қабілеттілігімізді жоғарлату мақсатымен ұйымның ғылыми-білімділік қызметінің дамуына ықпал ету.

  • Дәрігерлік қайырымдылықтың, жанашырлық пен науқас адамға көмек көрсету тілегі сияқты дәстүрлі қағидаларды сақтау.

  • Қызметкерлер әрекетіндегі шындық, адалдық, жауапкершілік, тәртіп және жоғары кәсіби әдептілік қағидаларын басшылыққа алу.

Біздің ұйым мәдениеті

Медициналық ұйым мәдениеті мен рухын онда жұмыс істейтін адамдар, олардың оптимизмі, науқасқа деген махаббаты, өз ісінің керектігіне сенімділігі анықтайды.

Құндылықтар мәдениет ядросы болып табылады. Ұйымның негізін салушылары және анағұрлым беделді мүшелері қосылатын және декламациялайтын құндылықтар басты буынға айналады, оған қызметкерлердің ауызбірлігі тәуелді болады, көзқарастар мен әрекеттер бірлігі қалыптасалы, демек, ұйымның тиімді мақсатқа жетуі қамтамасыз етіледі (Михельсон-Ткач В.Л.).

Біздің қызметкерлер ұжымы:

  • адам денсаулығын қалпына келтіру және азабын жеңілдетудің жалпы мақсатына жетудегі мүдделер бірлігі;

  • қызметкерлердің өз еңбек міндеттемелерін сапалы және кәсіби орындауға талпынуы;

  • кәсіби-еңбек қызметі үдерісінде өздігінен білім алу және жеке бас өсуін ынталандыру;

  • Қызметкер үлесі мен оған сыйақы төлеу арасында әділ байланыс орныту;

  • ұйымымыздың ұжымында әрбір маманды қолдау және сенім басымдылығын жасау болатын біздің ұйым мәдениетін қалыптастыратын болады.

ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК 140008, Павлодар қаласы, Ломов к-сі 49 pol1_pvl@bk.ru «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерге ақы төлеу Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша 2015 жылғы 30 желтоқсанда №10 шарт жасағанын хабарлайды.

239 бағдарламасының әкімшісі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;

036 бағдарламасы – жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету;

100 бағдарламасы – мамандырылған көмек көрсету;

медициналық көмек түрі және нысаны – білікті, мамандырылған, стационарды алмастырушы көмек;

159 ерекшелік – басқа қызмет пен жұмысты төлеу.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК жыныстық-жас мөлшерлік ерекшелікке сәйкес келесі ауру түрлерін анықтау үшін тіркелген тұрғындарды ТЕГІН скринингтік тексерістен өтуге шақырады:

1.Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруы

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

2.Қант диабеті

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

3.Глаукома

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

4.Сүт безінің қатерлі және қатерсіз жаңа өскіні

30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер

5.Жатыр мойнының қатерлі және қатерсіз жаңа өскіні

30, 34, 35, 38, 39, 42, 44, 46, 49, 50, 54, 55, 58, 59, 62, 64, 66, 70 жастағы әйелдер

6. Тоқ ішек пен тоқ ішектің ісік алды және ісік аурулары

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Ломов к-сі 49 мекенжайы бойынша жүгінуге болады:
дәрігерге дейінгі кабинет – 105 к., 
әйелдер қарау кабинеті – 106А
сағат 8.00-ден-18.00-ге дейін.

39-07-97 телефоны бойынша ақпарат алуға болады





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа