Жіті ішек инфекцияларынан алдын алу бойынша айлық шеңберінде семинар өтті

2017 жылғы 19.05

2017 жылғы 18 мамырда эпидемиолог дәрігер М.Т.Рахимова мәжіліс залында емхана қызметкерлері үшін «Жіті ішек инфекциялары» тақырыбында семинар өткізді. Жіті ішек инфекциялары қазіргі заманның және қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті проблемасы болып табылады. Жіті ішек инфекцияларымен келтірілетін залал орасан және өзіне медициналық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарды қамтиды. Жіті ішек инфекцияларымен ауыру еңбек қабілеттілігінен айырылуға әкеледі, ұзақ емделу мен оңалуды қажет етеді. Өзін-өзі емдеу, уақтылы медицина мамандарына жүгінбеу елеулі асқынулармен аяқталады.
Жіті ішек инфекциялары тек жоғары сырқаттанушылық, жағдайлардың жиілігімен ғана емес, сонымен қатар жоғары өлім-жітіммен сипатталады. Негізгі берілу механизмі – нәжісті-оральді, азық-түлік арқылы, су және қатынастық-тұрмыстық жолмен беріледі. Ішек инфекциясын жұқтыруына тазалыққа жатпайтын өмір сүру жағдайлары, жеке бас гигиенасын сақтамау, ішімдік ішу, сақтау немесе дайындау ережелерін бұзумен дайындалған азық-түліктерді пайдалану ықпал етеді.

ДДСҰ сарапшыларымен қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы ұсынылды:

1-қағида: азық-түлікті тазалықта сақтаңыз
2-қағида: шикі азық-түлік өнімдерін жылумен өңделген азық-түліктен бөліп алыңыз
3-қағида: азық-түлікті мұқият жылумен өңдеуден өткізіңіз
4-қағида: жылумен өңдеу қажетті температурада жүргізіледі
5-қағида: қауіпсіз суды және қауіпсіз шикі өнімдерді пайдаланыңыз.

IMG_8508-18-05-17-22-24     IMG_8506-18-05-17-22-24

 

 

Телефон регистратуры: 66-23-40
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа