Тіркеу бөлімі 66-23-40

Халықаралық мейірбикелер күнімен!

16.05.2018

IMG_1957

12 мамыр күні дүние жүзінің 100 елінде Халықаралық мейірбикелер күні мерекеленеді. Бұл мереке медбикелер ісін қалыптастырушы ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл туған күні аталып өтіледі.

Мереке қарсаңында, 2018 жылғы 11 мамырда ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК мәжіліс залында медбикелерді құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті, онда оларға жылы сөздер мен тілектер айтылды. Бас дәрігер А.У.Туребаев, бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары Р.К.Брыкова, кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Б.Кучерук, бас медбике Л.Л.Запунная құттықтау сөздерін айтты. Өз сөздерінде барлық медбикелерге олардың сабырлығы мен ауыр еңбегі, қайырымдылығы, кәсібилігі, жұмыстағы үздік көрсеткіштері үшін үлкен алғыстарын білдіріп, құттықтады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК кәсіподақ комитеті атынан емхананың әр бөлімшесіне тәтті торт сыйлық ретінде берілді.




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа