Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің мына түрлерін көрсетеді:

— стационарлық және көшпелі жағдайларда қан дайындау,  оның құрамдас бөліктерін қайта өңдеу және сақтау;

— Облыстың МҰ гемотрансфузиондық құрамдас бөліктермен және препараттармен қамтамасыз ету;

— АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтау үшін стандартты эритроциттерді өндіру;

— донордың қанын зертханалық диагностикалау (жалпы клиникалық, биохимиялық, иммуногематологиялық зерттеулер, адамның иммуно тапшылық вирусін 1,2 АИТВ диагностикалау, вирустік В.С. гепатиттер, мерез).

— медицина ұйымдарына гемотрансфузиология мәселелері жөнінде консультативтік көмек көрсету.

— қан қызметі бойынша медицина ұйымдары үшін кадрларды даярлау және жетілдіру.

Қанның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру кезінде инновациялық технологияларды қолдану:

— плазманы вирустік активтеу;
— қанды және оның құрамдас бөліктерін лейко сүзгілеу;
— СЗП карантинизациялау;
— төмен температура кезінде эритроциттерді криоконсервациялау (электрлік тоңазытқыштар жағдайында -86 °С);
— донорлық қанды трансмиссиялық инфекцияларға диагностикалау ИХЛА, ПЦР

— Иммуносерологиядағы гель технологиясы.

Кадрлық әлеуеті:

— 100% сертификацияланған дәрігерлер, санаттылығы – 61%.

-100% сертификацияланған орташа медицина қызметкерлері, санаттылығы — -83%.

Заңды мекенжайы: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК.

2015 жылғы 6 сәуірдегі № 15006159 лицензия.
140003 Павлодар қаласы,   Естай көшесі,79 , (8-7182) 32-49-16 қабылдау бөлімі,

Е-mail : ock_admin@list.ru

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа