«Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-нда 2017 жылғы 13 сәуірде «Ардағым-ардагерім» науқанына арналған іс-шара өтті.

2017 жылғы 18.04

Науқан мақсаты – жас ұрпақта азаматтылық және патриоттық сезімді қалыптастыру және тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс балалары – олар бізбен бірге өмір сүреді. Олар өткен жол біздің бойымызды тек қана оларға деген құрмет пен мақтанышты оятады, біз осындай қаһармандармен бірге өмір сүрудеміз.

Облыстық қан орталығының қызметкерлері ҰОС-ның ардагері Сергей Васильевич Булинмен кездесті. Біз Сергей Васильевичпен Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада ҰОС ардагерлеріне арналған ауруханада кездестік, бұл жерде біздің ардагерлеріміз ем мен оңалтуды алады. Ол әңгімелесу барысында өзі туралы біраз айтып өтті, ол 1921 жылдың 29 мамырындап Рязан облысы, Горловская ауданы, Львовка ауылында шаруашылық отбасында дүнегие келген. 1940 жылы Курская облысы, Старый Оскол қаласындағы Геологиялық Гидро-Геофизикалық техникумды бітірді. Украинаға Криворожский Геоло-Разведочный Трестке жұмысқа жіберілді. 1941 жылдың маусым айында әскерге шақырды, Запорожье қаласына Авиациялық полкке жолдады, «Красная Звезда», «1 дәрежедегі Отан соғысы» ордені бар.

Қызметкерлер ұлы отан соғысының тыл еңбеккері Ангелина Георгиевна Копосовамен кездесті. Ангелина Георгиевна 1933 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келді. Қиын жағдайларда жұмыс істеуге тура келді, ел үшін соғыстағы аға-аталарымыз үшін уақытқа қарамай, өздерін аямай-ақ күні-түні жұмыс істеді. Ангелина Георгиевна Тың игеру үшін медальмен марапатталды, сонымен қатар, Қан қызметіндегі көпжылдық адал еңбегі үшін наградаға ие, Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына және 70-жылдығына орай медальдармен марапатталды.

Облыстық қан орталығының әкімшілігі материалдық көмек көрсетті. Облыстық қан орталығының ұжымы ардагерлерге мықты денсаулық, ашық аспан, ұзақ ғұмыр тіледі.

20170413_105954                                 20170413_112719

Телефон регистратуры: 32-48-32
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа