Тіркеу бөлімі 34-71-75

Мониторинг – бұл тексеріс емес немесе пациенттердің құқықтарын қалай қамтамасыз ету керек

10.08.2018

 

 

Азаматтардың қол жетімді, сапалы және тиімді медициналық көмек алу құқығын жүзеге асыру мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ныңПавлодар облысы бойынша филиалымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге көрсетілетін  медициналық қызметтердің сапасына үнемі мониторингі жүзеге асырылады.

Мониторинг — бұл тексеріс болып табылмайды және тек пациенттің қызығушылығымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мониторинг нәтижелері сарапшылар жүргізген жұмыстардың қорытындыларына байланысты медициналық ұйымдардың қаржыландыру көлеміне де әсер етеді.

Егер мониторингілеудің нәтижесіндемедициналық көмектің көрсетілуінде бақылаудың бұзылуы анықталса, медициналық ұйымдарға айыппұлдық ықпалшаралар салынады.

Қордың филиалының директоры Айдар Ситказинов былай деді: «Бүгінгі таңда Павлодар облысында Қордың жеткізушілері 65 медициналық ұйымның 40-ы жекеменшік болып табылады. 2018 жылдың 6 айында медициналық көмек көрсетудің медициналық қызмет көрсету талаптарына және медициналық стандарттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау үшін 56 жоспарлы,  6 мақсатты мониторингілеу жүргізілді. Жалпы,  мониторингілеумен 62 денсаулық сақтау ұйымы бақыланды».

Жалпы алғанда, Қор жалпы сомасы 133,0 млн. теңгеге медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктерді анықтады. Республика бойынша бұл сома 2,7 млрд. теңгені құрайды.

Медициналық қызметтің сапасын мониторингілеу нәтижелері бойынша шығарылған қаражаттар қосымша қаржыландыруды қажет ететін медициналық ұйымдарға қайта бөлінеді және жіберіледі.

 

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа