2017ж. 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні «Депрессия: қане сөйлесейік!»

2017 жылғы 19.04

4 фото психолог

ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру аясында, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының және ҚР ДСМ психикалық денсаулығы Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен 2017 жылғы 7 сәуірде республика өңірлерінде «Депрессия: қане сөйлесейік!» атты ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні өткізілді.

1 фото психолог 2 фото психолог

ШЖҚ «Екібастұз қ. № 2 емханасы» КМК  Дүниежүзілік денсаулық күні аясында іс-шаралар өткізілді:

— емхананың медицина қызметкерлері үшін депрессияның алдын алу мәселелері бойынша 2 семинар өткізілді , онда қызметкерлер психологиялық денсаулықты қалай сақтау керек, кәсіби күюден қалай сақтану керек және тек оң эмоциялар тақырыптары бойынша психологтардан  ақыл-кеңестер алды:

  1. 2017ж.04.04. – Психолог С.Т. Үсеиновамен отбасылық денсаулық орталығы қызметкерлері үшін келесі тақырыптар бойынша семинар-тренинг өткізілді: «Депрессияның алдын алу. Ересектер мен балалардың психологиялық денсаулығын қалай сақтау керек?», жаттығулар: «Миллионер резеңкесі». 26 адам қамтылды.
  2. 2017ж.04.05. – Психолог С.Т. Үсеиновамен мамандандырылған бөлімше қызметкерлері үшін келесі тақырыптар бойынша   семинар-тренинг өткізілді: «Депрессияның алдын алу», жаттығулар: «Орындық»

3 фото психолог

«Миллионер резеңкесі», жабығуға тест: «Ұрысу және айқайлау». 17 адам қамтылды.

7 сәуірде  » «Депрессия: қане сөйлесейік!»атты  ұранымен ашық есік күні өткізілді, мұнда 29 адам психологтың кеңесін және депрессияның алдын алу туралы  қажетті ақпараттар алды.

5 фото психолог

Сәуірдің 3 мен 7 күндері аралығындағы апта ішінде денсаулық мектептерінде бейнероликтер трансляциялау арқылы және ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылумен, психологтардың кеңес беруімен семинар тренингтер ұйымдастырылды.

СӨС үйлестіруші дәрігері  Мусина С.А.

Телефон регистратуры: 34-71-75
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа