Тіркеу бөлімі 9-13-51
Пациенттерге қолдау көрсету қызметі туралы хабарлама
        ШЖҚ «Баянауыл аудандық орталық ауруханасы» КМК, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ  (Ішкі бақылау қызметі) құрылды.
         ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және Ішкі бақылау қызметі функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
       Осыған байланысты, егер Сіздер:
-мелициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
-медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
-сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселеге кез болсаңыз, СІЗ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ және ішкі бақылау қызметіне жолығуға құқылысыз.
    Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады.
      Сіз өзіңіздің шағымыңызды, аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп, медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымға арналған жәшікке қалдыра аласыз немесе медициналық ұйымның сайтына қалдыра аласыз.
      ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ, Сіздің шағымыңызды күнтізбелік бес күннен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарау нэтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
ШЖҚ  «Баянауыл аудандық орталық ауруханасы» ҚМК
Мекен жайымыз: Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Жалантөс батыр  көшесі 1
           телефон:  8 (71840) 9-13-51;
                     8 (71840) 9-08-15;
              Факс:  8 (71840)9-13-51;
Құрметті пациенттер!
ШЖҚ «Баянауыл аудандық орталық аурухана» КМК пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау құрылды
Медициналық қызмет көрсету барасында сіздің құқығыныз бұзылған жағдайда тікелей шағымдана аласыздар.
ШЖҚ «Баянауыл аудандық орталық аурухана» КМК
Бас дәрігер Арынов Серикжан Арынұлы
Қабылдау уақыты күн сайын сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.
ШЖҚ «Баянауыл аудандық орталық аурухана» КМК сайты
Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау басшысы
Ішкі аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары
Темирбекова Жанар Амангельдікызы
Сенім телефоны:8 71840-9-08-1




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа