Тіркеу бөлімі 9-13-51

Емханаларға тіркелу жеңілдетіледі

07.03.2018

 

Қазақстандықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы емханаларға тіркеле алады және сонда тіркелу орны туралы ақпаратты алуға мүмкіндіктері бар. Емханаларға тіркелу мәселелері бойынша жетілдірілген қызмет көрсетулер 2018 жылғы 3-4 тоқсанында қолжетімді болады. Қазір бұл көрсетілетін қызметтер egov.kz арқылы онлайнда немесе тікелей емханаларда көрсетіледі, онда тұрғындар тіркелу кезінде құжаттарды тапсырады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қасымовтың айтуы бойынша: — «Өткен жылы Медициналық сақтандыру қоры алғаш рет медициналық қызмет көрсететін жеткізушілермен, оның ішінде емханалармен жұмыс жасай бастады. Медициналық ұйымдармен жасалған келісім-шарттардың сомасы бекітілген халықтың санын қосқанда,бірнеше факторларға тәуелді. Жеке меншік кері байланыс арналары дамуымен – сайт және әлеуметтік желілер арқылы Қорға азаматтардың тіркелу туралы өтініштердің жалғандылығы жөнінде шағымдар түсе бастады. Олар аз, бірақ олар бар. Бұл жеке жағдайлар Қордың барлық, тіпті адал жеткізушілерінің беделіне әсерін тигізеді. Бұл шағымдармен қазір жұмыс жасалуда. Алайда, біздің ойымызша, мәселенің жүйелік шешімі азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгерту болуы мүмкін, бұл жағдайда емхананың тіркеу орындарымен байланыс алынып тасталынады. Бұл үшін Қор қазіргі уақытта ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеуде».

Қор тіркелу тәртібін өзгертуді жоспарлауда, онда азаматтардың емхананың тіркеу орындарымен байланыс жасалмайды. Барлық құжаттар ХҚКО немесе egov.kz. порталы арқылы қабылданатын болады.

Бұл медициналық ұйымдардың тарапынан тіркеу туралы деректердің бұрмалауын азайтуға мүмкіндік береді, тіркеу орындарының жүктемесін азайтады, азаматтардың тіркелуге негізсіз бас тарту жағдайлар санын ықтимал азайтады.

«Азаматтарды ХҚКО арқылы тіркеу бойынша көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізуді есепке ала отыра, тіркелу қағидасына толықтырулар енгізілуі жоспарлануда, онда  жосықсыз медициналық ұйымдармен өзара әрекет ету тәртібі және медициналық қызметтерді алуға тіркелген пациенттердің құқықтарын қорғау мәселелері сипатталатын болады» — деді Нұрлан Қасымов.

Толық ақпаратты fms.kz – Қор сайтынан таба аласыздар. Кеңесті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалында Естай көшесі, 61-үй, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе 8 (718-2) 37-19-04 телефоны арқылы алуға болады.

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа