c

 


2018 жылға емханаларға тіркеу науқандарының қорытындылары

 

 

Тіркелунауқанышеңберіндеемханалардытңдауқұқығына 300 астамқазақстандықпайдаланаалды. Бұлөткенжылменсалыстырғандаекіесежоғары, тұрғындардыңтіркелубойыншанауқанғадегенқызығушылығыныңартқаныбайқалады, жәнежалпыемханалардыеркінтаңдауқұқықтарытуралы.

2017 жылытегінмедициналықкөмектіңкепілдікөлемішегіндемедициналыққызметтердікөрсетугеүміткер, денсаулықсақтаусубъектілерініңмәліметтербазасыалғашретқалыптасты.

Павлодар облысыбойыншаденсаулықсақтаусубъектілерініңмәліметтербазасы, 2018 жылымедициналыққызметтердікөрсетугеүміттенетін, 83 медициналықұйымөтінімберді, оныңішінде 39 (47%)  жекемедициналықұйымболыптабылады.

Тұрғындарды тіркеу науқанына 29 медициналық ұйым қатысты, оның ішінде 9 жеке меншік, 5-уі жаңа жеткізуші қызметтер болып табылады.

Тіркеу науқаны нәтижелері бойынша Павлодар облысында емханаларға 777 760 адам тіркелінген, оның ішінде 23 394 адам еркін таңдау құқығын пайдаланды.

Ең маңыздысы, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындарға медициналық қызметтер тіркелу науқанының нәтижелері бойынша ұсынылатын болады (яғни сіз ағымдағы жылы медициналық қызметтерді қазіргі емханадан алуды жалғастырасыз).

Егер азамат қызмет алу үшін емханасын өзгеруді қаламаған жағдайда, қазақстандықтарды мекенжайы бойынша автоматты түрде қызмет көрсету үшін тіркейді. Азаматтар өздерінің қай емханаға тіркелгендері жайлы е-gov.kz порталында немесе Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) соnnection point кеңесшілеріне жүгіне алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас міндеті – медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау субъектілері арасында медициналық қызметтер көлемдерін таңдау және орналастыру жөніндегі республикалық және өңірлік комиссия жұмысын бастады. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, пациентке бағытталған қауымдастықтар, беделді сарапшылар және т.б.

Комиссия жұмыстарының нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Сіз нақты ақпаратты Фонда – fms.kz, сайтында Facebook, instagram — @fms.kz әлеуметтік желілерінденемесе Call-center 1414 телефоны бойынша ала аласыз.


 

Медициналық қызметтерге өз құқығыңды біл

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен Сіздің, фармацевтикалық қызметтерді жеткізуші ретінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тіркелінген, әр дәріханаға жеткізілетін, дәрілік заттар тізімінің құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған сапалы медициналық көмекке жолыңыз ашылады. Сіз тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қарастырылған қызметтер үшін барлық төлем түрлерінен босатылатын боласыз. Денсаулық сақтау жүйесінің сақтандыру үлгісінде орталық буын пациент болып табылады. Қазақстанның барлық сақтандырылған тұрғындары, өздерінің кірістері мен беделдеріне сай, жарналар төлей отыра, өздеріне қажетті медициналық көмектің бірыңғай пакетін ала алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған тұлғалар үшін келесі қызметтердің жиынтығы көрсетіледі: амбулаториялық-емханалық көмек: қабылдау және кеңес беру,  алдын алу, диагностикалау, емдеу; стационар алмастырушы көмек, стационарлық көмек; емдеу-және сауықтыру, паллиативтік көмек және медбикелік күтім, жоғары технологиялық қызметтер, кейбір дәрілік заттармен қамтылу.

Барлық азаматтар үшін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс, базалық қызметтер жиынтығы тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен шектеледі, нақтырақ айтсақ: әлеуметтік-маңызды ауруларды емдеу, екпелер, жедел жәрдем, санитарлық авиация, шұғыл көмек.

         Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді алу үшін өз құқығыңыз туралы ауқымды ақпаратты Сіз Фонда – fms.kz, Facebook, instagram — @fms.kz әлеуметтік желілерде, немесе Call-center 1414 телефоны бойынша таба аласыз

 


 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына

жарналар мен төлемдер

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстан азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұрып жатқан шетел және азаматтығы жоқ тұлғаларға, жынысына, жасына, әлеуметтік беделіне, тұрғылықты жеріне және кірістеріне қарамастан, медициналық және дәрі-дәрмек көмекке қол жетімділігі теңдігін кепілдендіреді.

Қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жарналар мен төлемдері болған кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірибені есепке ала отыра және мемлекет, қызмет ұсынушы және әр адамның жеке жауапкершілігі негізінде әзірленген. Соныдай-ақ мемлекет экономикалық тұрғыдан белсенсіз азаматтарға жарналарды іске асыратын болады. Қызмет ұсынушылар – жалдамалы қызметкерлер үшін. Салық органдарында тіркелінген қызметкерлер мен өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап қызмет ұсынушылар өздерінің қызметкерлерінің пайдасына, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық түрдегі шарттар бойынша кірістер алатын, жеке тұлғалар  өздерінің пайдасына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер мен (немесе) жарналарды аудара бастайды.

Қызметкерлері үшін қызмет ұсынушылар төлемді,  келесі кірістерді төлеу айына дейін, әр айдың 25-не дейін жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлермен өз пайдасына жарналарды аудару өздігінен айдың 25-не дейін, келесі есепке, кешіктірмей іске асырылады.

Азаматтық-құқықтық түрдегі шарттар бойынша кірістер алатын, жеке тұлғалардың жарналары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын аударылады. Жарналардың аударымдары бойынша міндеттеме осындай тұлғаның салық агенттігіне жүктелген.

Есептелінгендер (ұсталынғандар)  аударымдар және (немесе) жарналар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебіне Мемлекеттік корпорациямен әрі қарай аударылатын банктік операциялардың жеке түрлерін іске асыратын, банктер немесе ұйымдар арқылы аударылады.

Аударымдар және жарналар келесі реквизиттер бойынша іске асырылады:

Алушы – «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет»;

Бин бенефициара 160440007161

ИИК KZ92009MEDS368609103

БИК GCVPKZ2A

КНП 121 бастап 128 аралығында (төлем тағайындауға қарай)      

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шетелдерге медициналық көмек көрсету туралы ауқымды ақпаратты Сіз Фонда – fms.kz, Facebook, instagram — @fms.kz әлеуметтік желілерде, немесе Call-center 1414 телефоны бойынша таба аласыз


 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі шетелдіктер

 

Медициналық сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс ұсынушының және азаматтың жауапкершілігі қағидасына негізделеді.

Шетелдіктер және оның отбасы мүшелері (бірге тұрып жатқан күйеуі (әйелі) және балалары) және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ қандастар, құқықтарға ие және Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүктеледі.

Шетел азаматтары 2017 жылғы 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасын табатын, медициналық санитарлық көмек кқрсететін, денсаулық сақтау объектілеріне азаматтардың тіркелуі жөніндегі науқан кезінде емханаға еш кедергіссіз тіркелуді іске асыра алады. Емхана қызметкерлері жоғарыда аталған тұлғалардан өтінішті қабылдап, тіркеуді іске асыруға міндетті. Тек бір емханаға тіркелуге болады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған санаттағы азаматтар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, жарналар мөлшеріне қарамастан, қажетті көлемде медициналық көмекті алуға құқылы.

МӘМС пакеті бойынша қызметтерді алу үшін, МӘМС Қорына ай сайын «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы аударымдар және (немесе) жарналар түссе болғаны.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шетелдерге медициналық көмек көрсету туралы ауқымды ақпаратты Сіз Фонда – fms.kz, Facebook, instagram — @fms.kz әлеуметтік желілерде, немесе Call-center 1414 телефоны бойынша таба аласыз.


 

Емхананы таңда

 

2017 жылғы 15 қыркүйектен бастап, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін, денсаулық сақтау субъектілеріне азаматтарды тіркеу жөніндегі науқан басталды, ол 2017 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартылады. Науқанды өткізу кезеңінде азаматтар мемлекеттік немесе жеке клиникаларды таңдай алу мүмкіндігіне ие болады, 2018 жылы сол жерде қызмет алады.

Егер Сіз тіркелінген емхана Сізге ұнайтын болса, Сізге науқан кезінде қайтадан тіркелу қажет емес.

Тұрғындардың білуі тиіс, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер, тек қана денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасында тіркелінген, денсаулық сақтау ұйымдарының арасында тіркеу науқаны өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасы Фонда – fms.kz. сайтында орналасқан.

Азаматтарды емханаға тіркеу тұрақты немесе уақытша тұру орны бойынша, жұмысы, оқуы, дәрігерді, медициналық ұйымдарды бір әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде, еркін таңдау құқығын есепке алумен іске асырылады.

Таңдалған емханаға екі тәсілмен тіркелуге болады. Емханаға жеке басын растайтын құжаттармен келу керек және тіркеу орында бас дәрігердің атына еркін нысанда тіркеу туралы өтініш жазу керек, немесе «Электронды үкімет» (еgov.kz) веб-порталы арқылы сұрау салу керек

Азамат өз отбасының мүшелерін де олардың жоқ кезінде де тіркей алады. Оған ол үшін емхананың бас дәрігері атына жазған олардың жазбаша нысандағы өтініштері, сондай-ақ тіркелінетін барлық отбасыларының жеке куәліктерін ұсынса болғаны.

Егер тіркелінетін адамның жас шамасы 18-ден кіші болса, онда тіркейтін тұлғаның жеке куәлігі және оның заңды өкілінің (ата-аналар немесе қамқоршылар) құжаттары, сондай-ақ өкілдің өтініші болған жағдайда оны тіркеуге болады.

Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, тіркеу науқаны кезеңінде тіркелуді еш кедергіссіз іске асыра алады.

Айтып өту керек, егер азамат таңдап алған емхананың қызмет көрсететін аумағында тұрмайтын болса, және дәрігерді үйге шақырту қызметінен бас тартпауға келісім бермеген кезде, онда емхана оны тіркеуден бас тартуға құқылы. Сонымен қатар, емханада тіркелінгендар саны артқан жағдайда да бас тарта алады.

Сіз тіркеу науқаны туралы толығырақ ақпаратты сайтта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Facebook, instagram — @fms.kz — әлеуметтік желілеріндегі біздің парақшаларда табуға болады не бірыңғай Call-center 1414 телефоны арқылы кеңес алуға болады.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа