main_36

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК — халықтың барлық топтарына бастапқы медициналықсанитарлық көмек беретін және білікті, мамандандырылған, амбулаторлық– емханалық медициналық көмек көрсететін емдеу – диагностикалау мекемесі.

Байланысу ақпараты:
Мекенжайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп к-сі 42г
Бас дәрігер қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 7187 34-25-26
Электронды пошта: pol3_ekb@mail.ru
Орналасқан жері  Google картасында

Емхана әкімшілігі:
Бас дәрігер — Сакенова Күләндә Сагынтаевна
Бас дәрігердің ЕАЖ жөніндегі орынбасары — Сәуле Арминовна Аязбаева
Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары — Тоғжан Қапашевна Қабылтаева

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК 1957 жылы ашылған бірінші қалалық аурухананың орнына республикалық бюджет қаражатынан салынған.
Республикалық бюджеттен құрылысқа 400 млн.теңге, сонымен қатар медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 102 млн.теңге бөлінген.
Денсаулық сақтауды реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК өзінің қызметін 03.01.2007 жылы бастады, күніне 830 келушілерге арналған, оның ішінде ересектер 480, балалар-350. Бекітілген ауылдық аймақтармен бірге қызмет көрсету радиусы -90 км құрайды.

Емхана ересектер мен балаларға амбулаторлық емханалық медициналық көмекті негізгі мамандықтар бойынша көрсетеді: ТМККК шеңберінде Екібастұз өңірінің балалар қауымына, жүктілер мен әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға шұғыл хирургиялық  стоматологиялық көмек, сонымен қатар күндізгі стационар түрінде 25 төсек-орынды стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде акушерлік-гинекологиялық бағытта -10 және терапиялық -15 төсек –орын.

Емханаға бекітілген тұрғындар саны 50352 адамды құрайды. Оның ішінде қалалық тұрғындар -42793 және ауылдық -7559.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа