Тіркеу бөлімі 21-6-20

54efe9514189c

Қош келдіңіздер ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК

Лебяжі аудандық ауруханасының құрылу уақыты шамамен 1939 жыл. 1957 жылға дейін Лебяжі аудандық ауруханасы емдеу-алдын алу жұмыстарымен шұғылданды және Лебяжі еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесі атқару Комитетінің денсаулық сақтау бөліміне бағынды.

Аудан медицина мекемелерін Лебяжі еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесінің атқару комитеті басқарды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 6 тамыздағы №539 қаулысы және Павлодар облыстық атқару комитетінң 1957 жылғы 28 тамыздағы № 487/17 шешімі негізінде емдеу жұмыстарын, денсаулық сақтау саласын ауылдық жерлерде мамандандырылған және жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін аудандық денсаулық сақтау бөлімдері 1957 жылы таратылды.

Лебяжі аудандық денсаулық сақтау бөлімі тараған соң, аудандық медицина мекемелерін басқару Лебяжі аудандық ауруханасына жүктелді, содан бері ол орталық аудандық аурухана деп аталды.

Лебяжі орталық аудандық ауруханасы аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу мекемесі, сонымен қатар аудандағы барлық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік және шұғыл басқаруды қамтамасыз ететін орталық және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыратын мекеме болып саналады.

Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттері:

—        Аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық медициналық көмекті тиісті көлемде қамтамасыз ету;

—        Жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басқару, аудан денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін бақылау;

—        Медицина мекемелерінің желісін жетілдіру және осы бағыттағы іс-шараларды жоспарлы түрде дамыту;

—        Аудан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

—        Аудан халқына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, аурушаңдықты, мүгедектікті, ауруханадағы өлім-жітімді, балалар арасындағы және жалпы өлім-жітімді азайтуға, жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

—        Аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерінің өз міндеттерін атқаруда кең көлемде және мерзімінде науқастарды анықтаудың және алдын алудың заманауи әдістері мен тәсілдерін енгізу.

         Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін медициналық көмектің түрлері:

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек — адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:

1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;
2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды;
3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;
4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсетеді.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебiнен ұсынылады және барынша дәлелденген тиiмдiлiгi бар профилактикалық, диагностикалық және емдiк медициналық қызметтер көрсетудi қамтиды.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне (бұдан әрi — ТМККК) мыналар кiредi:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол:
медициналық-санитариялық алғашқы көмектi (бұдан әрi — МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейiндi мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмектi (бұдан әрi — КДК) қамтиды;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шектi көлемi) шеңберiнде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша — жолдаманың болу-болмауына қарамастан берiлетiн стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халық санаттары үшiн паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi.

Жедел медициналық көмек нысанындағы ТМККК тiзбесi мыналарды қамтиды:
1) шұғыл айғақтары бойынша медициналық көмек көрсету және дәрiлiк формулярларға сәйкес дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету;
2) науқастарды медициналық айғақтары бойынша медициналық ұйымдарға жеткiзу;
3) бұқаралық iс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.
Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға МСАК, КДК түрiнде ұсынылады және мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;
2) MСАК маманының және (немесе) бейiндi мамандардың медициналық айғақтары және жолдамасы бойынша 18 жасқа толмаған балаларға, жүктi әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» иегерлерiне, атаулы әлеуметтiк көмек алатындарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, инфекциялық, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратындарға (бұдан әрi — әлеуметтiк қорғалмаған топтар) көрсетiлетiн полимеразды тiзбектi реакция негiзiнде диагностикалауды, иммунофенотиптелудi, компьютерлiк және магниттi-резонансты томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулердi қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуiштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдаланып хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар (бұдан әрi — медициналық қызметтер);
4) медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейiнгi балаларға физиотерапиялық емшаралар;
5) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тiс жұлуды қоса алғанда, 18 жасқа дейiнгi балаларға және жүктi әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа), қыздыру және химиялық қатайтылған композиттiк материалдардан жасалған пломба салу;
6) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi iс-шаралар:
салауатты өмiр салтын насихаттау және тамақтану;
тұрғындарды гигиеналық оқыту, отбасын, ана болуды, әке болуды  және балалықты қорғау;
халыққа қауiпсiз сумен жабдықтау және ұтымды тамақтану жөнiнде түсiндiру жұмыстары;
7) белгiлi бiр аурулары (жай-күйi) бар азаматтардың жекелеген санаттарын уәкiлеттi орган бекiтетiн дәрiлiк заттармен мамандандырылған емдiк өнiмдер тiзбесiне сәйкес тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз етуге сәйкес дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету;
8) уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексерiп-қарау;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес инфекциялық және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егудi жүргiзу;
10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар.
Стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда) медициналық айғақтар бойынша дәрiлiк фармулярларға сәйкес дәрiмен қамтамасыз ету;
4) медициналық айғақтар бойынша қан мен оның компоненттерiнiң препараттарымен қамтамасыз ету;
5) тиiстi күтiм жасауды және тамақтануды қамтамасыз ету;
6) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;
7) паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi.
  Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;
2) медициналық айғақтары бойынша бiр күн iшiнде 4-тен 8 сағатқа дейiн медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда), дәрiлiк формулярларға сәйкес дәрiмен қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: индекс 140700, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй. Қабылдау бөлмесінің телефоны: (871839) 21643  akkysrb@mail.ru




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа