140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, 2-ші Южная 51 көшесі, қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (7182) 60-50-66 , тіркеу орнының телефоны: 8 (7182) 60-51-07, 78-38-06, 60-63-30, 62-44-47

DSC01820

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны – Павлодар облысының балаларына стационарлық көмек көрсететін Павлодар облысындағы жалғыз көпбейінді балалар емдеу-алдын алу ұйымы.

Ұйымның қызметі мақсаттары, міндеттері мен жұмыс тәртібі белгіленген Жарғымен, сонымен қатар, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген кешенді жұмыс жоспарымен реттеледі.

Біздің аурухананың миссиясы – нарық экономикасы жағдайында  экономикалық  тиімділікті және медициналық ұйымның залалсыздығын қамтамасыз ету кезінде, облыс балаларына тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде жоғары сапалы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық, стационар алмасымды және консультативтік-диагностикалық медициналық көмек алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қабылданған Миссияға жетуге:

  • біздің пациенттердің және басқа мүдделі тараптардың талаптарын және қанағаттануын тұрақты зерделеумен;
  • медициналық және басқару технологияларын жетілдірумен;
  • біздің қызметтің тұрақты талдауымен, бізбен ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ете алатын мәселелерді анықтаумен және ескертумен;
  • қызметкерлер құрамының біліктілік деңгейін жүйелі арттырумен қамтамасыз етіледі.

Мақсаттары мен міндеттері:

— Павлодар облысының балаларына сапалы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационар алмастыратын медициналық көмек көрсету

—  Тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде балаларға қол жетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету

— Озық жаңа медициналық технологияларды енгізу жолымен стационарлық, стационар алмастыратын және консультативті-диагностикалық көмектің сапасын арттыру

—  Облыстық балалар ауруханасының материалды-техникалық базасын нығайту.

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК Павлодар қаласы, 2-ші Южная көшесі, 51 мекенжайы бойынша орналасқан, телефоны/факс 60-50-66, E-mail: pvlodb@mail.ru

Аурухананың бас дәрігері – Күзеков Ардақ Мүбәракұлы.

Аурухана Павлодар облысының балаларына мамандандырылған амбулаторлы-емханалық (консультативті-диагностикалық), мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық көмек, соның ішінде, қалпына келтіру емін және стационар алмастыратын медициналық көмек көрсетеді. Үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізеді, Павлодар облысының қалаларына және аудандарына шыға отырып, балалардың жоспарлы және шұғыл консультацияларын жүргізеді, Семей медициналық университетінің дәрігерлерді жетілдіру факультетінің, Семей қаласы ММУ ПФ-тің педиатрия курсының және Павлодар медициналық колледжінің клиникалық негізі болып табылады.

Павлодар облыстық балалар ауруханасы 1966 жылдың желтоқсанында құрылды, алғашқы қуаты тыныс алу органдарының жіті және созылмалы ауруларымен, бүйрек, жүрек ауруларымен, қан және жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын балалар емдеуден өткен соматикалық бейіндегі 70 төсек.

Қазіргі уақытта аурухананың төсек қуаты 300 төсекті, содан басқа, 6 жан сақтау төсегін құрайды.

2010 жылдан бастап стационар алмастыратын медициналық көмектің 20 төсегі, неврологиялық және травматологиялық бөлімшелердің құрамындағы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың 10 төсегі жұмыс істейді.

2012 жылғы 12 қазаннан бастап 20 төсекке арналған Балалар амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді.

Аурухананың құрамында келесі мамандандырылған бөлімшелер бар:

  1. Жан сақтау бөлімшесі – 6 төсек
  2. Хирургиялық бөлімше – 45 төсек
  3. Травматологиялық бөлімше – 50 төсек, соның ішінде, 10 нейрохирургиялық төсек, 6 күйік төсегі
  4. Отоларингологиялық бөлімше – 35 төсек, соның ішінде, жақсүйек-бет хирургиясының 10 төсегі
  5. Офтальмологиялық бөлімше – 25 төсек
  6. Неврологиялық бөлімше – 50 төсек
  7. Кардионефрологиялық бөлімше – 45 төсек, соның ішінде, нефрологиялық 17 төсек, кардиологиялық 28 төсек
  8. Соматикалық бөлімше – 50 төсек

Анестезиологиялық-жан сақтау бөлімшесі

Анестезиология – жан сақтау бөлімшесі стационардың 6 төсек-орнына қызмет көрсетеді, шұғыл және жоспарлы анестезиологиялық, сонымен қатар, жан сақтау көмек көрсетеді, бөлімшенің 6 төсек-орнында қарқынды терапия жүргізеді.

Бөлімшедегі телефон: 34-67-36

Стационардағы бар бөлімшелердің бейіні бойынша, қарқынды терапия палаталарында хирургиялық бейіндегі науқастарға абдоминалды, торакалды, урологиялық оперциялардан кейін, травматологиялық, ортопедиялық науқастарға – түзету операцияларынан кейін, нейрохирургиялық науқастарға жіті жарақат бойынша, кардиологиялық, нефрологиялық, гематологиялық, пульмонологиялық, токсикологиялық науқастарға ем жүргізіледі.

Анестезиологиялық көмек аурухананың 5 операциялық бөлмелерінде көрсетіледі: хирургиялық, травматологиялық, аурухананың ЛОР-бөлімшесінде, көз бөлімшесінде, сонымен қатар, бронхографияны жүргізу кезінде эндоскопиялқ кабинетте, рентген-кабинетте.

Бөлімше дәрігерлері санитарлық авиацияның шақыртуы бойынша шығып, облыс аудандарына кеңестік пен тәжірибелік көмек көрсетеді, телефон арқылы кеңестер береді.

Хирургиялық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі — Рамазанов Ерлан Амангелдіұлы

Хирургиялық бөлімше 45 төсек-орынды.

Бөлімшедегі телефон 34-66-43.

Бөлімше құрамына фиброгастродуоденоскопия мен бронхоскопия кабинетінен, цисто- және ректороманоскопия кабинетінен тұратын эндоскопиялық қызмет кіреді.

Облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде тыныс алу органдарының, іш пен көкірек қуысы органдарының патологиясы бар, несеп-жыныстық жүйе органдарының патологиясы бар балалар, онкологиялық аурулар, іріңді-хирургиялық аурулар мен жаңа туылғандардың аурулары тексеріледі және ем алады.

Травматологиялық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі — Нұрланов Серік Қапанұлы, жоғары санаттағы дәрігер, медицина-техника ғылымдарының докторы.

Травматологиялық бөлімше 50 төсек-орынды.

Бөлімше телефоны 34-66-90.

Бөлімше травматология, сүйек-бұлшық ет жүйесі, нейрожарақаттар бойынша шұғыл қызмет, жоспарлы қызмет пен сүйек-бұлшық ет жүйесі жарақаттарының салдарлары бойынша орындайды.

Жүйке жүйесінің туа біткен патологиясы, сүйек-бұлшық ет жүйесінің және буындардың туа біткен ауытқуы кезіндегі ортопедиялық көмек көрсетеді. Бөлімше дәрігерлері Илизаров бойынша СКДО-ны жетік біледі, шұғыл травматология мен ортопедияда кең қолданады. Ішкі остеосинтездің барлық әдістерін біледі және іс жүзінде кең қолданады.

Бөлімше дәрігерлері бала жастағы вертебропатология кезіндегі мануалды терапияның әдістерін біледі.

Офтальмологиялық бөлімше

Көз бөлімшесінде 25 төсек-орын жұмыс істейді.

Бөлімшедегі телефон 34-66-03.

Облыс балаларына стационарлық көмек, консервативті және хирургиялық емді қосқанда жаңа туған кезден бастап 18 жасқа дейін көрсетіледі.

Консервативті ем көру органдарының барлық патология түрлері мен бұзушылықтары кезінде жүргізіледі.

Офтальмопатологиясы бар балалардағы хирургиялық ем қатаң түрде көрсетімдер бойынша, наркоз арқылы жүргізіледі.

Отоларингологиялық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі — Мүтішев Төлеген Мүтішұлы

ЛОР бөлімше 35 төсек-орынды.

Бөлімшедегі телефон 34-64-15.

Бөлімше ЛОР-патологиясы бар балаларға толық көлемде жоспарлы және шұғыл көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықпен толықтай қамтамасыз етілген.

Кардионефрологиялық бөлімше

Бөлімше мегерушісі — Зорина Людмила Станиславовна

Кардионефрологиялық бөлімше 45 төсек-орынға арналған.

Бөлімшедегі телефон 60-50-58.

Бөлімшеде науқастарды емдеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Кардионефрологиялық науқстарға жоспарлы және шұғыл көмек көрсетіледі, науқастар толық көлемде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Барлық клиникалық биохимиялық талдаулар, қосымша зерттеу әдістері жүргізіледі: іш қуысы органдарының, жүректің УДЗ-і, экскреторлы урография, цистоскопия, цистография, электрокардиограмма.

Соматикалық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі — Ким Ольга Анатольевна

Бөлімше қуаттылығы 50 төсек-орын.

Бөлімшедегі телефон 60-50-88.

Жатқызылатын науқастар бейіні: эндокринологиялық патология, гастроэнтерологиялық, гематологиялық, аллергологиялық, пульмонологиялқ, токсикологиялық және онкопатология.

Бөлімшеде соматикалық бейіндегі науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі, шұғыл және жоспарлы науқастар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Ауруларды диагностикалау кезінде зертханалық диагностикалау, рентгенодиагностика, эндоскопиялық және УДЗ- зерттеулер жүргізіледі.

Неврологиялық бөлімше

Бөлімше меңгерушісі — Бараисова Дина Райымбекқызы

Бөлімше 1 айдан 18 жасқа дейінгі балаларға қоса стационарлық көмек көрсету үшін 50 төсек-орынға арналған.

Бөлімшедегі телефон 60-50-96.

Шұғыл және жоспарлы неврологиялық көмек көрсетіледі, шұғыл және жоспарлы науқастар дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Ауруханада физиобөлімше мен массаж кабинеті бар, бұл жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың оңалтуын жүргізуге мүмкіндік береді. Зертханалық диагностика, рентгенодиагностика толық көлемде жүргізіледі. Нейрофизиологиялық зерттеу, атап айтқанда, электроэнцефалография, реоэнцефалография, ерте жастағы балалар үшін – нейросонография жүргізіледі.

Бөлімшеде ОЖЖ перинаталды зақымдалған, сал ауруымен, эписиндроммен және т.с.с ауыратын науқастардың емделуі жүргізіледі. Науқастарды емдегенде Инстенон, Глиатилин жаңа препараттары қолданылады. Депакин, Ламиктал, Топирамат құрысуға қарсы препараттары мен сал ауруды емдегенде Скворцов әдісі бойынша Церебролизин уколы жасалады және тағы басқа.

Кеңестік емхана

Қуаттылығы ауысымына 50 адам.

Тіркеу орнының телефоны 60-51-07, 78-38-06, 60-63-30, 62-44-47.

Қабылдау 19 мамандық бойынша жүргізіледі: педиатр, невропатолог, нефролог, кардиоревматолог, гематолог, онколог, эндокринолог, гастроэнтеролог, аллерголог, отоларинголог, сурдолог, хирург, балалар гинекологы, травматолог-ортопед, офтальмолог, нейрохирург, жақ-сүйек-бет хирургі.

Клиникалық-биохимиялық зертхана

Зертхана «Зертханалық зерттеулердің міндетті минимум тізімімен» қарастырылған, біздің аурухананың бейініне арналған зертханалық зерттеулердің барлық түрін және осы «Тізіммен» қарастырылмаған, бірақ аурухана бөлімшелерінің жұмыс тәжірибесінде қажетті 20-дан астам түрін орындайды.

Атап айтқанда: муковисцидозға тексерілу, нәжістегі трипсинді, сілекей мен тері сұйығындағы хлоридтер мен натрийді анықтау, несептегі оксалаттарды (қымыздық қышқылын), несептегі және қан сарысуындағы ураттарды (несеп қышқылын) анықтау.

Қан сарысуындағы β-липопротеидтерді, сілтілік фосфотазаны анықтау, миелограмманы, лимфотүйіндердің пунктаттарын, ісіктерді зерттеу, жұтқыншақ пен мұрын шырыштысынан жағымдардың трахеоаспиратын цитологиялық және бактериологиялық зерттеу, гематологиялық препараттарды миелопероксидазаға цитохимиялық зерттеу, қан сарысуындағы аустралиялық HbsAg анықтау, қанды гемостазға зерттеу (Баркаган): белсендірілген ішінара протромбинді уақыт, тромбинді уақыт, қан аурулары кезіндегі тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациялық қабілеттілігі, РФМК-тесті – қан плазмасындағы еритін фибринмономерлі кешендерді сандық анықтауға арналған.

Бактериологиялық бөлім бөлімшелердің түрлі бак және серологиялық зерттеулердегі, атап айтқанда, ішек тобына, микрофлораға, зарарсыздыққа, ішек дисбактериозына, менингит, дифтерия тамшы жұқпаларына сияқты қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырады.

Түрлі бактериологиялық сұйықтықтардағы микрофлора зерттеледі.

Бактериологиялық бөліммен барлығы 30-дан астам зерттеу түрлері жүргізіледі. Зертханадағы барлық зерттеулер 16 түр бойынша дұрыстық сапасына бақылау жүргізіліп, сәйкестендірілген әдіс пен 7 түр бойынша ұдайы қалпына келтіру сапасына бақылау бойынша өткізіледі. Сапа бақылауы Германияда, Ресейде және Италияда шығарылған стандартты, эталонды ерітінділердің, бақылау сарысуларының көмегімен жүргізіледі.

Зертханада жоғары санаты бар 2 дәрігер жұмыс істейді.

ОБА зертханасы зерттеудің келесі түрлерін жүргізеді:

— клиникалық

— гематологиялық

— биохимиялық

— цитологиялық

— иммунологиялық

Алмасу бойынша:

— ақуызды

— көміртекті

— май

— су-тұзды

— ферменттерді зерттеу

— ұйымалы және ұюға қарсы жүйенің

— гормондар мен ИФА талдауыштарына

— туберкулез бациллаларының бөлуіне бактериологиялық зерттеу

— бактериоскопия

Зертханада 5 бөлім бар:

— клиникалық

— гематологиялық

— паразитологиялық

— биохимиялық

— бактериологиялық

Сәулелі диагностикалау бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісі — Орсагош Ирина Александровна

Сәулелі диагностикалау бөлімшесіне рентген-кабинет пен УДЗ кабинеті кіреді.

Рентген-кабинет келесі рентген аппараттармен жабдықталған: “Apollo” телебасқармалы РДК,  Италияда жасалған, 2006 жылы шығарылған, көлденең және тік жағдайдағы рентгеноскопия мен рентгенографияға арналған 3 жұмыс орны бар.

Атқарылған жұмыс көлемі – көкірек қуысының, іш қуысының, сүйектер мен буындардың, омыртқаның, мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы мен басқа  рентгенодиагностикалық емшаралар.

Қарама-қарсы құралдарды пайдалана отырып, көктамыр ішіндегі урография, цистография, эзофагогастродуоденоскопия мен графия, ирригоскопия мен ирригография сияқты  рентгенологиялық зерттеулердің арнайы әдістемеліктері кең қолданылады. Сонымен қатар, наркоз арқылы бронхография, ангиография жүргізіледі.

УДЗ кабинеті Жапонияда шығарылған «Алока – 500» аппаратымен, Данияда шығарылған «Хок» аппаратымен жабдықталған. Іш қуысы, несеп-жыныстық жүйе органдарының, жүректің, қалқанша бездің ультрадыбыстық зерттеулерін тәжірибелі дәрігерлер жүргізеді.

Толық тексерілу мен емделу стационардың параклиникалық қызметінің жұмысымен қамтамасыз етіледі: травматологиялық пункт, клиникалық-биохимиялық зертхана, бактериологиялық зертхана, рентгенологиялық кабинет, эндоскопиялық зерттеу кабинеті, ультрадыбыстық тексеру кабинеті, функционалдық диагностика кабинеті, физиотерапевтикалық бөлімше, орталықтандырылған зарарсыздандырылған бөлімше.

Осының барлығы бізге науқастарды келген күні емдеуге жатқызуға ғана емес, оларды сапалы тексеруге, диагноз анықтауға, келіп түскен сәттен бастап емдеуді бастауға да мүмкіндік береді.

Ауруханада күніне 50 адамды қабылдауға арналған консультативтік емхана бар, ол жерде 19 мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі: педиатр, кардиолог, ревматолог, невропатолог, хирург, травматолог-ортопед, гематолог, аллерголог, лор, окулист, гастроэнтеролог, эндокринолог, балалар гинекологы, нефролог, онколог, нейрохирург, жақсүйек-бет хирургі, сурдолог, логопед.

Консультативтік қабылдау бөлімшелердің меңгерушілерімен немесе жоғары және бірінші санаттардағы дәрігерлермен жүзеге асырылады, бұл қызмет көрсетудің, диагностикалаудың және емдеудің аса жоғары сапасына әкеледі. Сонымен қатар, науқастарды облыс шегінен тыс емдеу мекемелеріне емдеуге жатқызу және жіберу мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Ауруханада көрнекі құралдарын пайдалана отырып, науқас балалар мен олардың ата-аналары оқудан өтетін «Диабет» мектебі жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап «диабет – мектебі» жанында «Помпалық мектеп» ұйымдастырылды. Осы мектептердің тиімді жұмысы арқасында соңғы жылдары ауыр асқынулары бар балалардың стационарға келіп түсу жағдайларының саны едәуір төмендеді.

2011 жылдың маусымынан бастап ауруханада бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу жөніндегі облыстық оқу орталығы ұйымдастырылды. Орталықта Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және Павлодар облысы аудандарының емдеу ұйымдарының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері оқытылады. Сабақтарды жоғары және орта медициналық білімі бар оқытылған үйлестірушілер жүргізеді.

Барлығы штатта 405 қызметкер, соның ішінде, 63 дәрігер, 163 медбике, 179 өзге қызметкер. Дәрігерлік кадрлардың санаттылығы 70,4 %-ды (2015 жылы – 66,7 %), ОМҚ санаттылығы – 77,6 %-ды (2015 жылы – 81,0 %) құрайды.

Павлодар облысы балаларының денсаулығын сақтау ісіндегі жеткен табыстары үшін келесі мамандардың наградалары бар:

  • Бас дәрігер А.М. Күзековтың – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі 2003 жылы, «Алтын дәрігер» төс белгісі, 2010 жылы, «20-лет Независимости РК» мерейтойлық медалі, 2011 жылы, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі 2015 жылы.
  • Травматологиялық бөлімшенің меңгерушісі С.Қ. Нұрлановтың – «Отличник здравоохранения» белгісі 2010 жылы, ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 2011 жылы «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі 2011 жылы.
  • Отоларингологиялық бөлімшенің меңгерушісі Т.М. Мүтішевтің – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі 1998 жылы.
  • Соматикалық бөлімшенің меңгерушісі О.А. Кимнің – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі 2011 жылы.

2007 жылы балалар емдеу мекемелері арасындағы «Друг детства» алғашқы ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша облыстық балалар ауруханасы Қазақстан Республикасында «Үздік аурухана» деп танылды.

2008 жылы облыстық емдеу мекемелері арасында жылдың үздік емдеу-алдын алу мекемесі деп танылды.

2009 жылы «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясында 2008 жылдың Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау республикалық қоғамдық байқауының жеңімпазы ретінде ҚР Кәсіподақ Федерациясының грамотасымен наградталды.

2010 жылы денсаулық сақтау және медқызметкерлер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы үлесі үшін Салауатты өмір салтының республикалық орталығының грамотасымен наградталды.

2011 жылдың басқару органдарының, АҚ және ТЖ қызметтерінің және топтарының жұмыс қорытындысы бойынша Облыстық балалар ауруханасы басқа ЕАҰ қатарында І орын алды.

2012 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша Облыстық балалар ауруханасы жылдың үздік емдеу-алдын алу мекемесі деп танылды.

2012 жылы Облыстық балалар ауруханасы Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасындағы Облыстық спартакиадада I орынды алды.

2013 жылы алғаш рет Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасындағы КТК өткізілді, сол жерде ОБА командасы І орынға ие болды.

2015 жылы медицина қызметкері күніне орай Астана қаласында «Үздік дәрігер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау ұйымдастырушы дәрігері», «Үздік медициналық бике», «Үздік фельдшер» атақтарына ие болу конурсы өткізілген болатын. Бұл конкурсқа ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-дан дәрігер – балалар травматолог-ортопеді, нейрохирург Бақытбек Санақбекұлы Текиманов қатысып, «Үздік дәрігер» наградасын еңбегіне лайық алды.

Балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін стационарлық деңгейде алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудің заманауи медициналық технологияларын енгізу айтарлықтай маңызды.

Келесі инновациялық технологиялар енгізілді:

  1. Балаларды тромбоцитопениялық пурпурамен емдеуде G октагам иммуноглобулинді күре тамырдың ішіне енгізу әдісі енгізілді, бұл науқастардың стационарда болу мерзімін 2-3 есе 5-6 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
  2. Қант диабетімен ауыратын балаларды емдеуде инсулиннің тері астындағы үздіксіз инфузия жүйесі – помпа жақсы қолданылып келеді.
  3. Жоғары еріннің, мұрынның, альвеолярлық өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайының даму кемістіктері бар балаларға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жоғары ерін мен мұрын желбезегінің пластикасы – бірмезеттік хейлоринопластика енгізілді.
  4. Балалар жақсүйек-бет хирургиясында самай-астыңғы жақсүйек буынның анкилозын оперативті емдеу, туа біткен даму кемістіктері және жарақаттан кейінгі деформациялар кезіндегі жақсүйек-бет аумағының реконструктивті оперативтік араласулар, жақ-бет аумағының пластикалық хирургиясы: ринопластика, отопластика, тыртық өзгертулерін тілу мен түзету енгізілді.
  5. Офтальмологиялық тәжірибеде лизингке сатып алынған жаңа аппарат офтальмологиялық сканердің қолданылуымен көздің ішкі құрылымдарын және қоршаған тіндерін сканерлеудің екі режимі бар ультрадыбыстық көз зерттеуі қолданылады.
  6. Жаңа туылғандарды тексеру үшін Омега-200 тік емес маңдайлық офтальмоскопында ретинопатияны диагностикалау енгізілді.
  7. Жан сақтау бөлімшесінде ЖӨЖ зияткерлік аппаратарындағы желдетудің жаңа режимдері енгізілген.
  8. Аумақтық анестезияда анестезияның қауіпсіздігі мен сапасын жоғарылататын ұзақ әсерлі жаңа наропин анестетигі қолданылады.
  9. Алғаш рет бүйрек жылауығын лапароскопиялық алып тасау, гидронефроздар кезінде зәрағардың пиелоуретералдық сегментінің лапароскопиялық пластикасы енгізілді.
  10. Нейрохирургиялық науқастарды емдеу кезінде ми жұлынның құрылымдарында ликворды тұйықтайтын оталар, қалпына келтіру және пластикалық оталар енгізілді.
  11. Алғаш рет балалар нейрохирургиялық тәжірибесінде келесі оталар енгізілді: омыртқаның мойын бөлімінің жарақаты кезіндегі аутотрансплантантпен алдыңғы спондилодез, омыртқаның бел бөлімінің жарақаты кезіндегі артқы бекітілумен транспедикулярлық остеосинтез.
  12. ЛОР-ауытқуы бар балаларға медициналық көмекті көрсету Кореяда өндірілген New Millenium Grand Лор-комбайны заманауи жабдығының қолданылуымен жүзеге асырылады.
  13. 2013 жылдың желтоқсанында клиникалық-диагностикалық зертханада балаларға медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, зертханалық жабдықтың жұмыс сапасы туралы объективтік ақпаратты алу үшін сапаны сыртынан бағалау бағдарламасы бойынша Финляндияның «Labgulity Oy» компаниясы өндірген гематологиялық талдауыштың бағалауы жүргізілді. Бақылау нәтижесі ISO 9001:2008 стандартына сәйкес сертификатталған. Бағалау парағы ұқсас талдауыштардың 12 көрсеткіш бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтып көрсетеді.
  14. БАХО-да травматология бөлімшесімен бірлесіп, туа біткен жалпақ-вальгустық майтабандықты Доббс әдісімен емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Асық-қайық тәрізді буынның ара салмағын қалыптандыру мақсатында түзететін гипстік таңғыштар салынады, бұл табандардағы үлкен хирургиялық араласулардан құтылуға мүмкіндік береді. Осы әдісті 3 жастан кіші пациенттерді емдеу үшін енгізу табандардың ауыр жалпақ-вальгустық деформациялары бар балаларға мамандандырылған көмек көрсеудегі елеулі технологиялық серпін болып саналады. Әдіс сақтау сипатымен және жоғары тиімділікпен тартады.
  15. Ювенильді идиопатиялық артритпен ауыратын балаларды емдеу үшін Актемра препаратының енгізілуі.
  16. V, VII, VIII, IX, XII, Ф Виллебрандт ұю жүйесі бойынша анықтау факторларының тұқым қуалау тапшылығын және геморрагиялық ауруларды диагностикалау үшін.
  17. ДВС – синдромын бағалау, антикоагулянттық терапияны бақылау үшін антитромбин – III, Д-Димерді анықтау.
  18. Тромбиндік уақытты анықтау – ұюдың соңғы кезеңі үшін тромбиндік уақытты қысқарту мен ұзарту бойынша фибриногеннің фибринге айналу тесті.
  19. Қабыну жүйесінің маркерін анықтау.
  20. Лор – ауытқуы бар балаларға оперативтік көмек көрсету кезінде мұрын қуыстарындағы және емізік тәрізді өспедегі оталар кезінде эндоскопиялық әдісті қолдану енгізілді.
  21. Іріңді фронтиттер кезінде мұрын-маңдай сағалықты сақтай отырып, кеңсірік арқылы шұғыл және эндоназалдық оталарды жүргізу енгізілді.
  22. Соматикалық бөлімшеде балаларды емдеу кезінде балаларды Хеликобактерді анықтау үшін тыныс алу тесті тексеруі енгізілді.
  23. Дисахаридтік жеткіліксіздікті диагностикалау үшін нәжістегі көмірсуларды тексеру енгізілді.
  24. Хирургиялық тәжірибеде бір ретік эндоскопиялық аспап, монополярлық адаптері бар атравматикалық қысқыш, монополярлық адаптері бар Мериленд диссекциялық қысқышы, пневмоперитонеум үшін Вереш инесі, стандарттық жүздері бар эндоскопиялық қайшы, эндоскопиялық троакарлар сияқты сатып алынды және кең қолданылуда.
  25. Зертханада BD жанасатын-белсенді ланцет сияқты заманауи бір реттік ММБ қолданылады, активация теріге тиіп кеткен және оған басқан кезде ғана болады, лазерлік инемен тесу тереңдігі 1,8 мм егу мүмкіндігін ықшамдайды, зерттеудің түрлі түрлері үшін қақпағы бар BD Microtainer пробиркалары, капиллярлық қанды алуға арналған зарарсыздандырылған Пастера тамшуырлары, Жапонияда өндірілген «Степти» және «Инжекшн Пад» гемостатикалық жабыстырғышы қолданылады.

Облыстық балалар ауруханасы бір рет қолданылатын медициналық бұйымдармен 100 %-ға жабдықталды.

Оталарды жүргізу кезінде (Германияның) «Lohmann-Rauscher», (Египеттің) InciFilm, (АҚШ-тың) Loban өндірген «Опрафлекс» қабықшаларымен ота жасау өрісінің оқшаулауы қолданылады.

Хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру және сақтау үшін Финляндияда өндірілген «SteriCLIN» фирмасының бір реттік зарарсыздандыру қаптамасы енгізілген.

ОБА-да медиицналық аспаптарды ультрадыбыспен үйлестікте жуу және дезинфекциялық құралдарымен өңдеу жолымен зарарсыздандыру алдындағы тазалау процессі жетілдірілген.

Облыстық балалар ауруханасында дезинфекциялық құралдарды алмастыру бағдарламасы табысты жұмыс істеуде, бұл микроағзалардың тұрақты ауруханалық штаммдарының қалыптасуын болдырмауға мүмкіндік туғызады.

2001 жылы ауруханада медициналық кітапхана құрылды. Жазылу компаниясына жыл сайын 500 мыңнан астам кітап бөлінеді.

Іс жүзінде барлық клиникалық пәндер бойынша мамандандырылған қазақстандық және ресейлік медициналық ғылыми журналдардың және газеттердің 30-дан аса атауларына жазылады, бұл дәрігерлерге және медициналық бикелерге медициналық ғылымның соңғы жетістіктерден хабардар болуға мүмкіндік береді.

Біз көрсететін қызметтердің сапасын арттыра отырып, біз біздің аурухананың келесідей көрінуіне тырысамыз: ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК – бұл:

  • заманауи көпбейінді медициналық ұйым;
  • кәсіпқойлардың командасымен басқарылатын;
  • жоғары білікті мамандармен толықтырылған;
  • жоғары технологиялық жабдықтармен жабдқталған;
  • қызмет көрсетудің жоғары деңгейінде сапалы медициналық көмек көрсететін.

Балаларға медициналық көмектің сапасын арттыру аурухананың материалды-техникалық негізін бұдан әрі нығайтумен, медициналық технологиялардың жаңа жетістіктерінің енгізілуімен, медициналық қызметкерлер құрамының үнемі және үздіксіз оқумен қамтамасыз етілуі тиіс.

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның ұжымы сапа саласындағы Саясатты іске асыру, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыру және оның нәтижелі жұмыс істеуі үшін қажетті қорлармен қамтамасыз ету үшін өз мойнына жауапкершілік алады. Біз жоғары сапаға жету және оны қолдау біз жүзеге асыратын қызметті үнемі жетілдіруді талап ететініне сенеміз. Біз уақытқа сай болу үшін және біздің пациенттеріміздің максималды күтуін қанағаттандыру үшін медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрсету үшін үнемі дамып отырамыз.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа