140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, 2-ші Южная 51 көшесі, қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (7182) 60-50-66 , тіркеу орнының телефоны: 8 (7182) 60-51-07, 78-38-06, 60-63-30, 62-44-47
Тіркеу бөлімі 60-63-30

«Қазақстанның жаңа тұлғалары»

10.10.2018

  «Қазақстанның жаңа тұлғалары»

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бұл міндеттерді шешуге жаңа жол. Болашаққа деген көзқарас — бұл қоғамдық сананың жаңғыруы, біздің әсем Қазақстан Республикамыз үшін еріксіз мақтан етесің. Ұлан-байтақ жазықтары мен бай табиғи әсемдігі бар өлкеде өз Отаны үшін жауапты рухы күшті адамдар тұрады. Бірақ ең көбісі біздің Президентіміз өз мақаласында елдің жаңа болашағын салатын жас ұрпаққа үлкен үміт артып отырғаны жанымызға жақын.

      «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 06 қазанда «Астана» республикалық ТА бойынша 20.45с-та «Қазақстанның жаңа тұлғалары» тақырыбындағы бейнефильм көрсетілді. ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның дәрігерлері: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы балалар дәрігер-хирургы Рамазанов Ерлан Амангелдіұлы және денсаулық сақтау ардагерлері м.ғ.д., балалар дәрігер травматолог-ортопеді Нұрланов Серік Қапанұлы мен 49 жылдан астам жалпы медициналық стажы бар балалар дәрігер анестезиолог-реаниматологы Васильева Ольга Петровна «Астана» ТА-ның қызметкерлерімен ұйымдастырылған бейнефильмнің түсіріліміне қатысты.

Бейнефильмді түсіру мақсаты бұл – өз ақылымен, қолымен және дарынымен заманауи Қазақстанды туғызатын тұлғалардың шынайы келбетін көрсету. Бейнефильмдегі кейіпкерлер – нақты адамдар, Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері. Мүмкін сіздер оларды білетін шығарсыздар. Ал енді одан жақсы білерсіз. Міне, осындай адамдар, олардың өмірге деген көзқарастары мен олардың азаматтық ұстанымы жастарға үлгі болды.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа