Тіркеу бөлімі 61-62-14

5667f6f7c679e

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталық» КМК ресми сайтына қош келдіңіздер.   

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына сүйене отырып, адам әлеуеті деңгейін көтерудің басты бағыты – қолжетімді медициналық қызметтің  жоғары және сапалы болуына  негізделеміз.

Адамзат денсаулығының ынтымақтастық жауапкершілік принциптері – мемлекет саясаты, денсаулық сақтау саласы және халық тұрмысы сияқты басты мәселелер болып табылады.

ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталық» КМК міндеті: 

Медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, дәрігерлік ету тәжірибесін қолдана отырып, емделушілер өмірінің сапасын жақсартуға әсер ету.

Мақсаты – емделушілерге қызмет көрсету және клиникалық жұмыстың сапасы бойынша Республикадағы медициналық орталықтардың алдыңғы қатарында болу.

Негізгі міндеттер:

  1. Диагностика және емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсету;
  2. Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету;
  3. Корпоративтік мәдениет және ұйым мәртебесінің кадрлық стратегиясын қалыптастыру арқылы кадрларды даярлау;
  4. Бәсекелестікке қабілеттілігін ескерумен, аталмыш медициналық қызмет көрсетулерді нарық деңгейінде ұстауға мүмкіндік бере отырып, өндірістік шығындарды өтеудің түрлі кіріс жолдарымен қаржылық құралдардың тұрақты және толық мөлшерде түсуін қамтамасыз ету.

Негізгі құндылықтары

  1. Біліктілігі жоғары, жан-жақты, қайырымды медицина қызметкерлерінің көмек көрсетуі.
  2. Қызметкерлердің әрдайым кәсіби өсуіне және тұлға ретінде қалыптасуына себеп болатын корпоративтік мәдениет құру.
  3. Мейірімділік — әр емделушінің күнделікті қажеттілігін бағалау үшін жоғары сапалы қызмет көрсету.
  4. Құрметтеу – емделушілерге деген сыйластық пен ілтипатты сездіру.
  5. Тұтастық — атаулы принциптер мен жоғары стандарттарды сақтай отырып, емделушілер мен Павлодар облыстық диагностикалық орталығының ұжымы арасында жоғары деңгейлі сенім мен тәртіпті сақтау.

Мекен-жайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ак.Марғұлан көшесі, 120

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7182) 61-87-84,  e-mail: kgp_phv_odc@rambler.ru

Call-орталығы: қабылдауға жазылуға арналған телефондар нөмірлері

66-09-16

66-09-14

                                                                                                                    61-62-14

 

Үстел анықтамасы: 61-62-11

ҰОСА қатысушылары және ардаргерлеріне арналған тіркеу орны: қабылдауға жазылуға және дәрігерді үйге шақыруға арналған телефондар нөмірлері – 61-62-13; 61-62-12

Сенім телефоны – 61-62-69

Пациенттерді қолдау қызметінің телефоны – 61-62-67

main_4Павлодар облыстық диагностикалық орталығы үш ғимаратта жалпы 7104 шаршы метр аумағында орналасқан. Диагностикалық орталықтың құрамында 7 бөлімше бар: Ересектерге және балаларға кеңес беру бөлімшелері, клиникалық-диагностикалық зертхана, функционалды диагностика және ультра дыбыстық зерттеу бөлімшесі, сәулелі диагностика бөлімшесі, эндоскопиялық бөлімшесі, ҰОС ардагерлеріне арналған күндізгі стационарда 20 керуеті бар емханалық бөлімшесі, цитоморфологиялық тексеру бөлімшесі.

2016 жылғы жалпы штаттық лауазым саны – 230,25 штаттық бірлікті құрайды.  Оның ішінде, 60,5 дәрігерлік лауазымдар, 82 орта медициналық қызметкерлері, 31,25 кіші медициналық қызметкерлері.

Ересектерге кеңес беру бөлімшесінде 19 мамандық бойынша, балаларға кеңес беру бөлімшесінде 10 мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі.

Кадрлар біліктілігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіледі, 2011-2015 жылдар аралығында 82 дәрігер және 119 орта медициналық қызметкерлер оқуын жүргізді.

«ПОДО» ШЖҚ-надғы КМК-да 2 медициналық ғылым докторы, 1 медициналық ғылым кандидаты және 11 бас штаттан тыс мамандар жұмыс істейді.

Орталық қуаттылығы ауысымына 450 келулерге есептелген. Соның ішінде:  Ересектерге кеңес беру бөлімшесі – 200 келулер, балаларға кеңес беру бөлімшесі – 50 келулер, ҰОС қатысушылары және ардагерлеріне арналған емханалық бөлімшесі – 200 келулер.

 

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа