Тіркеу бөлімі 70-43-43

3d-k


4dee02b099e1a

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК

Емхананың миссиясы: Кәсіпорынды, медициналық қызметтер сапасын тиімді басқару, материалдық-техникалық, кәсіби, кадрлық әлеуетті көтеру, емделушіге бағытталған  ұйымды дамыту және медициналық қызметтер спектрін кеңейту жолымен халық денсаулығын жақсарту.

«Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламасын дамыту шеңберінде Павлодар қаласының №4 емханасы «Электронды тіркеу орны» форматында қызмет жасайды:

Дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуы:

Диспетчерлік онлайны

Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі

Cенім телефоны: 65-71-30

  • Мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 16.
  • Қабылдау бөлімінің тел./факсы: 8 (7182) 65-70-05, е-mail:
    pol4pavlodar@gmail.com
  • Диспетчерлік қызметі: дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру: 70-43-43

  • Анықтама қызметі: ересек емханасы — 65-70-22

  • Әйелдерге кеңес беру тіркеу орны: 65-70- 16

           Бас дәрігердің WhatsApp  8 777 868 41 51

Бас дәрігер  — Отарбеков Арман Төлеусағиұлы 65-70-00. Жеке мәселер бойынша қабылдау бейсенбі: сағат 16.00-ден -18.00 дейін

Бас дәрігердің ЕАЖ жөніндегі  орынбасары — Айткенова Алмагүл Мадетқызы 65-70-01. Жеке мәселер бойынша қабылдау күн сайын: сағат 08.00-ден -18.00 дейін

Бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары —  Тұрғанбаева Ботагөз Жасұланқызы 65-70-10. Жеке мәселер бойынша қабылдау күн сайын: сағат 08.00-ден -18.00 дейін

Мекемені күнделікті тексеру:

Бас дәрігер — А.Т.Отарбеков

Бас дәрігердің ЕАЖ жөніндегі  орынбасары — А.М.Айткенова

Бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары —  Б.Ж.Тұрғанбаева

Бас медбике — Г.А.Мусина

Эпидемиолог дәрігер — С.У.Кабжанова

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №4 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (ШЖҚ КМК) – медициналық қызметпен айналасуға мемлекеттік лицензиясы негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, халыққа бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық пен стационар алмастырушылық көмек түрінде білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Барлық медициналық қызметтердің лицензиясы бар.

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК дербес ұйым бола тұра, жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлігі бар.

Емхана 2010 жылдың сәуірінен бастап ашылды, «100 мектеп, 100 аурухана» жоба аясында салынды, 2 ғимаратқа (ересектер және балалар) орналасқан. Емхананың қуаттылығы ауысымына 500 келушіден.

2017 жылғы 01 қаңтарына халыққа қызмет көрсету – тіркелген халықтың 70235 адамын құрайды.

Емханада мына мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі: (терапия, педиатрия, отбасылық денсаулық орталығы, жасөспірім кабинетінің дәрігері, гинекология, неврология, кардиология, фтизиатрия, травматология, хирургия, эндокринология, отоларингология, офтальмология, инфекция, урология,  логопедия,  физиотерапия, психология, УДЗ, зертхана, функционалды  диагностика, сәулелі диагностика).

БМСК ұйымына азаматтардың тіркелу тәртібі

·        БМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылады.

·        Науқан кезеңінде бекітілген халықтың ТМККК* шеңберінде қызмет көрсетілуі келер жылға ТМККК көрсетуге шартты жасасқан жағдайда келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін – ағымдағы жылы бұрынғы тіркелу орны бойынша қызмет көрсетіледі.

·        Емхананың жұмыс істейтін уақытында тіркеу орнына жүгене отырып, бекітілуге өтініш бланкін толтырыңыз(тіркеу орындарында өтініш үлгілері бар)  және өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болуы тиіс.

·        Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

·        Оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

*Тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

* Бастапқы медициналық-санитарлық көмек

Күрделі мәселелер бойынша 65 70 10 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз! ТЕГІН!!!

Скрининг– бұл ауруларды және қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.Көшу   

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның пациенттерді қолдау қызметінің телефоны

65 70 15





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа