140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі,16, тел/факс 8 (7182) 65-70-05,ересектер емханасы 8 (7182) 65-70-22, балалар емханасы (87182) 65-70-18, диспетчерлік қызметінің телефондары: 73-43-43,73-44-44

«Екпе алып, өзің мен өз жақындарыңды қорға»

2017 жылғы 10.08

Print

Екпе салу — күл ауруынан қорғау.

 

Күл ауруы кең таралған, ауыр сырқат болып табылады. Күл ауруы облыста соңғы рет 2001 жылы тіркелген. Бірақ жағдай көптеген елдерде одан да қолайсыз болып қалуда. Сау бактерия тасымалдаушылардың саны азаймай отыр. Жыл сайын әлемде күл ауруынан шамамен 5 мың адам өлімге ұшырайды.

Жұқпа науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескен кезде ауаға түскен бактериялар арқылы таралады. Аңқа, мұрын, үстіңгі тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығына түскен дифтерия таяқшасы көбейеді де, бір уақытта ерекше у – дифтериялық уытты бөледі. У жүрек, тамыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Күл ауруына шалдыққандар да, сондай-ақ «дені сау» тасымалдаушылар да тұрғындар арасында дифтерия таяқшасын тасымалдайды. Міне, сондықтан ауруға шалдыққандар науқастармен қарым қатынаста болғанын естеріне түсіре алмайды, себебі «дені сау» тасымалдаушылар денсаулығына шағымданбайды.

Күл ауруы жүрек бұлшық етінің, тыныс алу бұлшық еті мен диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет жүйкесі, мойын, дене және аяқ қол бұлшық еттерінің сал болуына әкеп соғатын асқынуларды тудырады.

Балалар мен ересектерді күл ауруынан сақтаудың жалғыз тиімді жолы  вакциналау болып табылады. Вакциналау бала кезінен басталып, 60 жасқа дейін жалғасады. Алғашқы екпелер 2,3,4 және 18 ай жасында басталады. Одан әрі екпе 6,12,16 жасында және әрбір 10 жылдан кейін егіледі.

Көп жылғы тәжірибе егілудің еселігі мен екпелер арасындағы аралықтың сақталу қажеттілігін растайды. Аталған шарттар сақталған жағдайда адам ағзасы күл ауруына шалдықпайды және тұрақты иммунитет қалыптасады.

Дұрыс егілген адамдар күл ауруымен ауырмайды. Егілген адамдардың иммунитеті төмендеп, немесе кезекті егілуді өткізіп алуымен байланысты жұқпаның жұқтырылу мүмкіндігі бірлі-жарым. Бірақ ауырса да ауру асқынусыз өтеді, өлім-жітімге ұшыратпайды.

«Екпе алып, өзің мен өз жақындарыңды қорға»

Эта запись также доступна на: Русский

Телефон регистратуры: 73-44-44
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа