Тіркеу бөлімі 33-61-64

 

Сайтымызға қош келдіңіздер!

 КМК «Павлодар облыстық наркологиядық диспансер»ШЖҚ

Мекенжайы: 140006 Павлодар қ. Ростовская к-сі, 50
Қабылдау бөлмесінің телефоны/факсы: 33-61-58
Тіркеу орны телефоны: 33-61-64
Электрондық мекенжайы: 506303@mail.ru, galaktikaxyz@mail.ru
Емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары: 33-61-60

Наркологиялық негізгі мақсаттары:
— Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) пайдаланатын ауруларға сапалы медициналық көмек көрсету;

— облыс тұрғындар арасында ПБЗ пайдаланатын аурулардың тиімді одақтасу мен  беталысының кері дамуы;

— ұзақ және тұрақты уақытша оңалуына жетуімен ПБЗ тәелділердің медициналық-әлеуметтік оңалтуы;

— алкогольден мас болудың орташа деңгейіндегітұлғалардың уақытша бейімделу мен уытсыздандыруы;

— ПБЗ пайдаланатын адамдарды есепке мен алдын алу бақылауына алу;

КМК «ПОНД» ШЖҚ қызметінің негізгі бағыттары:

— облыс тұрғындарына мамандандырылған наркологиялық консультатвтік-диагностикалық көмек көрсету;

— ПБЗ пайдаланатын және оларға тәуелді тұлғаларға, диагностика мен емдеудің хаттамалары бойынша мамандандырылған стационарлық көмек көрсету;

— есіркіге тәуелділердің медициналық-әлеуметтк, психологиялық оңалтуы;

— медициналық көмектің тиімді ұйымдастыру нысандарын, алдын алудың жаңа әдістерін, есрткіге тәуелділердің диагностика мен емдеуін әзірлеу мен енгізу;

— наркологиялық бұзылыстардан аурушандық пен өлім-жітімі талдауы және ПБЗ пайдаланудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шараларын әзірлеу;

— ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (медициналық кеңестер мәжілістерін,  өндірістік кеңестерді, семинарларды  ұйымдастырып өткізу, облыс аудандарына куратор дәрігерлер іс-сапарларын жүзеге асыру);

— бекітілген медициналық құжаттаманы енгізу, статистикалық есептерді жасау, тиісті органдарына шұғыл және статистикалық ақпаратты ұсыну;

— жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу;

— ПБЗ пайдаланудың алдын алу мәселелері бойынша басқа ЕААҰ өзара іс-қимыл жасау.

Тарихи анықтама

1979 жылы 1 қазан айынан бастап Павлодар облыстық халық депутаттары атқару комитетінің шешімі бойынша 200 төсекке Қалалық наркологиялық диспансері ашылды, қайсы «Павлодаржилстрой» тресі жатақханасының ғимаратында Ростовская к-сі,50 орналасқан. 1979 12.12. Қалалық днесаулық сақтау бөлімі бұйрығымен «Павлодар трактор жасаушылары зауытының» негізінде қосымша 100 наркологиялық төсек ашылды, ал 1980 жылы қыркүйек айынан бастап диспансердің төсек қуаты 400-ге дейін жеткізілді.

1980 жылы қаңтар айынан барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың және құрылыс ұйымдапрынңжанында, үлкен көлік шаруашылықтарының жанында наркопунктері құрылыд, ПТЖЗ мен ПАЗ – наркокабинеттер.

1981 жылы қазан айында, Павлодар облыстық компартия бюросының және Павлодар облыстық халық депутаттары атқару комитетінің қаулысымен Қалалық нарколгиялық диспансерінің жанында созылмалы маскүнемдікпен ауруларды мәжбүрлеп емдеуге арналған 50 төсекке аранайы наркологиялық бөлімше ашылды.

Облыс ауруларына медициналық көмекті жақсарту  және Казақстан денсаулық сақтау министрлігі алқасының қалысын орындау мақсатында 1982 жылы 1 қаңтардан бастап Қалалық наркологиялық диспансері негізінде 400 төсекке стационарымен Облыстық наркологиялық диспансері құрылды.

Медициналық куәландыру жөніндегі жұмысын жақсарту үшін, 1983 жылы 1 шілде айынан бастапоблыстық наркологиялық диспансері жанында нарколгиялық сараптамаларды жүргізу үшін аранйы медициналық комиссия құрылды, қайсы мынадай міселелерді шешті:

— ЕЕМ мәжбурлеп емдеуге жіберу туралы

— арнайы нарклогиялық бөлімшеге ауыр ілеспелі ауруармен созылмалы

маскүнемдікпен ауруларды мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы

— қылмыстық жауакершілікке тартылған тұлғаларды куәландыру туралы

— автокөлікпен жүруге рұқсат беру туралы мәселені шешу үшін 3 жыл бойы және

одан аса науқастың уақытша оңалу жағдайындағы созылмалы маскүнемдікпен                    ауруларды куәландыру туралы.

«Павлодар трактор жасаушылары зауыты» әкімшілігінің ғимаратты жалға лау туралы шарттың ұзартуына келспеуіне байланысты, 1989 жылы 15 ақпан айынан бастап 100 төсекке 1-ші наркологиялық бөлімше жабылды.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 07. 04. Жарлығын орындау бойынша, Павлодар облыстық денсаулық сақтаау бөлімі бұйрығымен 1996 жылы 1 маусымнан бастап Облыстық наркологиялық диспансері «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесі» қазыналық коммуналыдық мемлекеттік кәсәпорны болып қайта құрылды.

1997 жылы 1 қазан айынан бастап МЕААМ жанында жасөспірімдерге арналған қосымша бөлімшесі Әлеуметтік қайта бейімделу орталығы ашылды (Фрунзе к-сі, 89).

1988 жылы тамыз айында қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты төсек қоры 210-ға дейін қысқартылды, 1999 жылы, осы себебі бойынша,тағы 30 төсек.

2000 жылы 7 тамыз айында 1-ші наркологиялық бөлімше негізінде ерікті емдеуге арналған 15 төсекке бөлімше ашылды, қайсы 2001 жылы 27 маусым айынан 40 төсекке дейін кеңейтіліп ЖЖМА аумағында орналысты.

2001 жылы 14 тамыз айынан «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесі» КҚМК  «Тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу жөніндегі орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпоры болып қайта аталды.

2002 жылы 10 тамыз айынан 1-ші наркологиялық бөлімше 40 төсекке Тәуелді аурулармен ауратындардың медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы болып қайта ұйымдастырылды.

2003 жылы 3 наурыз айынан ТАААЕОО поликлиникалық бөлімшесінде50 төсекке күндіз стационары ашылды, оның ішінде Әлеуметтк қайта бейімделу орталығы негізінде жасөспірімдерге арналған 10 төсекке.

2004 жылы қаңтар айынан мәжбүрлеп емдеуге арналаған төсек саны 220-ға дейін көбейді.

2009 жылы 1 қаңтар айынан Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысын орындау бойынша «Тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу жөніндегі орталығы» «Павлдар облыстық тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу орталығы» болып қайта аталды, құрылым бөлімшелер атаулары да өзгерді:

тәуелді ауруалрмен ауратындардың медициналық-әлеуметтік оңалту оталығы – медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесіне

поликлиникалық бөлімше – поликлиникалық наркологиялық бөлімшеге

әлеуметтік қайта бейімделу орталығы – кәмелетке толмағандарға арналған поликлиникалық наркологиялық бөлімшеге

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіне медайықтырғыштарды тапсыру бөлігінде, 2010 жылы 1 қараша айынан ПОТАААЕО негізінде Уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталықтары (Павлодар, Ақсу ққ.) ашылды.

Қазіргі уақытта Павлодар облыстық тәуелді аурулардың алдын  алу және емдеу орталығы ұсынады:

— мәжбүрлеп емдеуге арналған стационарлық бөлімшемен (2) – 220- төсекке

— медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесімен – 40 төсекке

— поликлиникалық наркологиялық бөлімшемен – күніне 55 қабылдауға

— кәмелетке толмағандарға арналған поликлиникалық наркологиялық бөлімшемен

— күндізгі стационармен – 20 төсекке, олардың ішінде жасөспірімдерге арналған – 2

уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталықтарымен (Павлодар, Ақсу ҚҚ.)




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа