Тіркеу бөлімі 33-61-64

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Бес әлеуметтік бастама” жолдауымен танысу және талқылау.

13.03.2018

ШЖҚ “Павлодар облыстық наркологиялық диспансердің” КМК ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Бес әлеуметтік бастама” жолдауымен танысу және талқылау мақсатында кеңес өткізді.
1.Қазақтандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ипотекалық несие бойынша пайыздар 7% -дан аспайды, ал бастапқы жарна 20% ғана болуы мүмкін.
2. Салықтың төмендеуі. Төмен жалақы алатындар үшін салық жүктемесі 10% -дан 1% -ға дейін төмендетіледі (!). Бұл шамамен 2 000 000 қазақстандықтың нақты жалақысын арттырады.
3. Жоғары білімнің қол жетімділігі. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-19 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Сонымен бірге, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырды.
4. Бизнеске арналған несиелер. Қазақстандықтарға несиелендіруді қаржыландыру көлемін, әсіресе ауылдық жерлерде көбейеді. Бұл мыңдаған азаматтарға өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді.
5. Газ құбырын салу. 1-1,5 жыл ішінде Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астана арқылы жаңа газ құбыры салынады. Бұдан кейін Павлодар, Петропавл, Көкшетау және басқа қалаларды газдандыру мүмкін.

DSCN1129





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа