Тіркеу бөлімі 64-45-12

Туберкулезге қарсы балалар санаторийі 1945 жылғы 1 тамызда бұрынғы әскери госпиталь болып негізделген, 50 орынға есептелген.

1960 жылы туберкулез ауруының асқынуына байланысты, санаторий 100 орынға кеңейтілген.

1964 жылы санаторийде өз педагогикалық қызметкерлері бар мектеп ашылды.

1977 жылы Балалардың туберкулез санаторийіне Свердлов көшесінен жаңа ғимарат берілді, онда 175 орын ашылды.

1997 жылы Туберкулезге қарсы балалар санаторийі Ертіс жағасында Зеленая Роща, 4 мекен-жайына, бұрынғы трактор зауытының 6 қабаттық профилакторий ғимаратына көшіп келді.

Басқарушылар құрамы:

Шипунова Л.Е. (1945ж. тамызынан бастап 1947ж. қазанына дейін);
Вязгина М.М. (1947ж. қазанынан бастап 1948ж. сәуіріне дейін);
Бацокина П.Ф. (1948ж. сәуірінен бастап 1951ж. қаңтарына дейін);
Ботькаева З.И. (1951ж. қаңтарынан бастап 1954ж. наурызына дейін);
Пономарева Т.Ф. (1954ж. наурызынан бастап 1956ж. қазанына дейін);
Куропий Н.В. (1956ж. қазанынан бастап 1969 ж. қарашасына дейін);
Кобина Т.С. (1969ж. қарашасынан бастап 1974ж. қаңтарына дейін);
Мальцева Т.И. (1974 ж. қаңтарынан бастап 1981ж. мамырына дейін);
Демидова Т.Ф. (1981ж. мамырынан бастап 1983ж. мамырына дейін);
Паньшин М.И. (1983ж. мамырынан бастап 1995ж. маусымына дейін);
Абрамов Д.Л. (1995ж. шілдесінен бастап 2000 ж. шілдесіне дейін);
Айткалиев А.К. (2000ж. шілдесінен бастап 2006 ж. 14 мамырына дейін)
Джанина Г.Г. (2006ж. 25 наурызынан бастап 2009ж. 02 қыркүйегіне дейін)
Оспанова А.Т. (м.а. 2009ж. 3 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 09 наурызына дейін)
Байказакова С.С. (2010ж. 10 наурызынан бастап 2012ж. 23 сәуіріне дейін)
Даневич В.Н. (2012ж. 22 мамырынан бастап 2013ж. 24 маусымына дейін)
Оспанова А.Т. (2013ж. 25 маусымынан бастап)
Қазіргі таңда санаторийде туберкулез инфекциясы ошағынан келген балалар, DOTS-терапиясы бойынша қолдаушы фазасындағы балалар, туберкулиндық сынама виражы бар және гиперергиялық туберкулиндық реакциясы бар балалар ем қабылдайды.

Балалардың санаторийде емделуінің негізіне белгілі бір кешеніне емдік-сауықтыру шаралары жатқызылған.

Санаторийде келесі сауықтыру шаралары қолданылады:

шынықтыру шаралары: гидротерапия (сулық шаралар) – салқын сумен шайыну, бассейнде шомылу;
таңертеңгілік гигиеналық гимнастика;
ЕДТ;
Тыныс алу гимнастикасы;
массаж;
жаттығу құрылғыларындағы жаттығулар;
физиошаралар;
сарымсақпен тыныс алу;
витаминотерапии;
иммуномодуляциялық терапия;
қымызбен емдеу;
жеке мамандардың кеңесі;
инфекцияның созылмалы ошағының санациясы.




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа