Тіркеу бөлімі 37-29-66

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы

16.04.2018

2018 жылғы 13 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасының қызметкерлері арасында 15-16 сәуір «Тіл күндері» қарсаңында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты: сөз өнері арқылы қызметкерлердің дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. Қызметкерлер топқа бөлініп, үш топ құрды. Әр топтың аттары, ұраны, эмблемасы тақырыпқа сай таңдап алынды. Сайыс 5 бөлімнен болды. Сайыс барысында қызметкерлер өз тобын таныстыру, мақал-мәтелдер айтып жарысу, мақалдың жалғасын табу, жұмбақ шешу және мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелді табу сияқты тапсырмаларды орындады. Сайыс өте қызықты, тартымды өтті. Топтың қатысушылары сайысқа белсене қатысып, өз білімдерін дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге талпынды. Топтардың жанкүйерлері де қатысушыларды демеп, жазған плакаттары, шарларымен оларға қолдау көрсетіп отырды. Әділқазы мүшелерінің әділ бағасымен терапевтік корпустың «Ана тілі» тобы алға озып, кәсіподақ ұйымының атынан қатысушыларға дипломдар және сыйлықтар үлестірілді.

WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(4) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(5) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(6) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(7) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(8) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(9) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(1) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(2) WhatsApp Image 2018-04-13 at 13.02.02(3)





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа