ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК(бұдан әрі-Орталық) Павлодар қаласының балаларына және жасөспірім тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық ауысымына 100 баланы қабылдайды.

Орталық, амбулаторлы-емханалық деңгейдегі медициналық ұйым болып табылады және мемлекеттік тапсырыс бойынша медициналық көмек мемлекеттік бюджет шеңберіндегі медициналық жантану-педагогикалық және балаларға психолого-логопедиялық көмек пен соматикалық кешенді сауықтыру жолдарының түрлерін және хирургиялық ауырулармен ауыратын балаларға (перифериялық және орталық жүйке жүйесі аурулары, дем алу ағзасы, жүрек- қан тамырлары, сүйек- буын жүйкелері, асқазан-ішек жолдары, жарақат және операциядан кейін) оңалту қызметін көрсетеді және қалпына келтіру емін береді.

ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығы «Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы», «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес ішкі медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау, Емделушілерді қолдау қызметі құрылды. Бақылау қызметінің құрамы:

1. Ф.К. Тұрақбаева – бас дәрігер;

2. Р.Ж. Құрманова – сарапшы – дәрігер;

3. З.М. Әбішева – эпидемиолог дәрігері;

4. Ж.Б. Бексеитова – аға мейірбике;

5. Ж.М. Бердібекова– мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман, БАҚ жауапты адам;

6.Ж.Қ. Успанова – кәсіпорын сайтына мониторинг жүргізуіне және жұмыс істеуіне жауапты тұлға.

2015 жылдың сәуір айынан бастап Орталықта сапалы медициналық қызмет көрсетуді бақылау мен пациенттердің құқығын қанағаттандыру үшін Емделушілерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Егер Сізде сұрақ туындаған кезде Сіз сарапшы дәрігер Роза Жақыпқызы Құрмановаға өтінім жасауыңызға болады,

Қабылдау сағаты күн сайын сағат 09.00-ден сағат 17.00-ге дейін, №22 кабинетке немесе Орталықтың сенім телефоны 555-734, және мына телефон бойынша қоңырау шалуларыңызға болады 553-204.

Мамандарға қабылдау сұрақтары бойынша, Орталықтың жұмыс тәртібінің мына тіркеу орнының телефонына қоңырау шалуыңызға болады 555-227, 555-210.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа