Шала туған нәрестелерді оңалту мәселесі бойынша ағымдағы циклы

13.06.2018
2018 жылғы 04-06 маусым аралығында Облыстық перинаталдық орталығы
базасында бронх-өкпе патологиясы бар шала туған нәрестелерді оңалту және
катамнез кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша ағымдағы
циклы өтті. Оқытуды катамнез кабинетінің жетекшісі, денсаулық сақтау
менеджменті бойынша медицина шебері, Астана қаласы №1 Перинаталдық
орталығының медициналық реабилитологы Б.Н.Татибекова өткізді. Мерзімінен
бұрын туған нәрестелерді перинатальдық орталықтан шығарғаннан кейін
қалпына келтіру, амбулаториялық жағдайда бақылау және жаңадан шала
туылған нәрестелер үшін тиісті тамақтануды таңдаудың жаңа бағыттары
талқыланды. Павлодар облысында медициналық оңалту мәселелері,
перинаталды кезеңнің патологиясынан зардап шегетін балаларға арналған
катамнез кабинетін құру қажеттілігі қарастырылды.
20180604_143629 20180605_112512
  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа