Тіркеу бөлімі 65-18-14

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!
Біз сіздерді өз сайтымызда қарсы аламыз!


IMG_2030         Жедел медициналық жәрдем қызметі Павлодар қаласында алғаш рет 1937 жылы ұйымдас-тырылды.  Ол Ленин көшесіндегі үйдің кішкене бір бөлмесінде болған. Алғашқы «жедел жәрдемге»  ат каретасында шақыруға шыққан.  Медициналық құрамнан «жедел жәр-демде» фельдшер  Круглов жұмыс істеген.  Сол алыс уақытта «жедел жәрдем» жылына 2720 шақыруды орындаған.1952 жылға дейін «жедел жәрдем» басшысы Мехельсон Иннокентий Владимирович болды.
Бүгін – ол қаланың  350 мың тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде тегін медициналық көмекті көрсететін қызмет.  Тәулік бойы жедел жәрдемнің 60 бригадасы,  29 бригада Павлодар  қаласында, (оның ішінде 29 Павлодар ауданы бойынша жұмыс атқарады),7 бригада Екібастұз қаласында, 6 бригада Ақсу қаласында, және 11 орталық аудандар мен поселкілерінде жұмыс жасайды.  Жалпы бригадалар санында бар:

1) мамандырылған – оның ішінде 12

-кардиологиялық– 4;

-қарқынды терапиялық – 5;

-психиатриялық  – 1;

  • реанимациялық-2

2) жалпы профилді дәрігерлік- оның ішінде -16

-педиатриялық – 4;

-фельдшерлік – 32;

        Станцияның қызмет көрсету радиусы  100 километрді құрайды, жаппай катастрофа жағдайларында жедел жәрдем бригадалары көмек көрсету үшін  25 километрден асатын қашықтыққа шығады.   Жыл сайын  170 000 астам шақырулар орындалады. «Жедел жәрдем» заманауи медициналық аппаратурамен, бір рет қолданылатын құрал-сайманмен, жаңа көліктермен жарақталған, жаңа технологиялар енгізіледі.
Бүгін  «жедел жәрдемді»  медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты ұйымдастырушы-дәрігер   Қанадан Қанашұлы Ахметжанов  басқарады.

Соңғы  3 жылда енгізілген иннновациялық технологиялар:

-автоматтандырылған К-2 бағдарламасын басқару жүйесі (60 параметрлер бойынша статистикалық есеп, жасалған бағдарлама бойынша шақыруларды қабылдау және өңдеу);

-Павлодар облысының барлық автокөліктің навигациялық жүйесі;

-автокөлікті газдық жабдыққа ауыстыру;

-кешкі уақытта « шыңдық» бригадаларды шығару;

-шақыру карталарын электрондық толтыру;

-планшеттерді енгізу;

-симуляциялық классты оқыту орталыығы;

-жедел жәрдем бригадасының қала тұрғындарының қалың орналасқан ауданында үнемі патрульдеуі;

-триаж жүйесі (пациенттің ауыртпалық дәрежесі бойынша әртүрлді түске боялған сигналды парақтары).

  1. Басқару жүйесінің автоматтандыру(К-2 бағдарламасы – құрастырылған бағдарлама бойынша шақыруды қабылдау және өндеу, статистикалық есеп беру бойынша 60 айқындамасы);
  2. Павлодар облысының барлық автокөліктерінде  GPS навигациялық жүйесі (санитарлы автокөліктің жол жүру бағытын бақылап отыруын жүзеге асырып отырады);
  3. Жұмыс орынның автоматтандыру (планшеттерді енгізу)
  4. Электронды медициналық карта ( құжаттарды электронды форматта толтыру ыңғайы);
  5. «Деңгейлі бригада» ( шақыруларды ұлғайту кезіңде жедел жәрдем бригадасын жұмылдыру);
  6. Патрульді бригада пациентке жақындау мақсатында ( шақырулардың жиі түсетін қала аймақтары);
  7. Газ құралдарына автокөлікті ауыстыру
  8. Симуляциялық класспен мамандырылған оқу орталығы
  9. Триаж жүйесі (пациенттің жағдай деңгейіне қарай дабыл қағаздары әр түрлі бояумен боялған.);
  10. ЭГК дистациондық әдіс ( шақыруда электрокардиограмманы түсіру және ауысымдағы аға дәрігеріне мәліметтерді тапсыру);
  11. Интереактивті дистанционды оқытуды енгізу
  12. Бастапқы кезеңдегі теле медицинаны мүмкіндіктерін қолдану.

Осы жобаларды енгізу нәтижесінде тұрғындарға медициналық көмек көрсету  сапасы жақсарды.Себебі шақыруға бару кезңде «алтын уақыт» және осындай нәтиже;

  1. Негізгі көрсеткішті ұлғайту- 90%-дан 98 %-ға дейін жеделдігі.
  2. Науқасқа жету уақытын азайту 15 минуттан 12 минутқа дейін ( қан айналымы жүйесінің аурулары кезіңде 9 минутқа дейін);
  3. жанар жағармай материалдарын 20 %;
  4. Павлодар облысының ПҚД ІІД қызметкерлері және санитарлы автокөлік жүргізушілері парамедик 270 және медициналық қызметкерлер  орталықта 509 оқу орталығында оқыту;
  5. Фельдшерлік бригадалар мен қызмет көрсету жағдайында жүрек қан тамыр ауруларын диагностикалау сапасын жақсарту;
  6. Бастапқы кезеңде диагнозды белгілеуде дұрыс және дер кезіңде мамандырылған медициналық көмек көрсету;

2016 жылғы 1 қараша айынан бастап, облыстық жедел жәрдем станциясына санитарлы авиация енгізілді. Оның құрамына 4 санитарлы автокөлік «Фольксваген», ұшақ «Ан-2» және Еврокоптер» кіреді. ЖКА болған кезіңде жәбірленушілерге профилді медициналық мекемелерге мамандырылған медициналық көмек көрсету үшін жеткізуге арналған көліктер.

Мысал ретінде жедел жәрдем қызметкерлер және санитарлы авиация жол көлік апаты кезіңде ажырату кезіңде 2017жылғы 17 ақпан Астана-Павлодар жолында болған жол апаты. Сағ 11.30 мин. Жедел жәрдем пультына «103» қоңырау келіп түсті. Пограничник 6 км. ара қашықтықта КАМАЗ және Павлодар облысының  ПҚД  ІІД жеңіл автокөлігі сүйемелденді Осы кезіңде полиция қызметкерлері Баянауыл ауылынан Павлодар қаласына келген кезіңде 18  балалары бар   автобустың қақтығысын болдырмады.

Шақыруды қабылдағаннан  кейін Қалқаман ауылының жедел жәрдем фельдшері және  «Қалқаман» ЖКҚҚ медицина қызметкерлерімен қоса бірге апат орнына барды. Олар жәбірленуші полицей қызметкерлеріне тез арада медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қаласының ауруханаларына тасымалданды ары қарай Астана қаласына емдеу және сауықтыруға Ан-2 ұшағымен жіберілді. Осындай мысалдар жедел жәрдем өмірінен көп.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біздің халқымыз ежелден денсаулық адамның басты байлығы деп білді Осы ежелгі өсиетіне орай мемлекет азаматтардың денсаулығын нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Тек қана сау ұлт бәсекеге қабілетті болып саналады.


Миссиясы

Заманауи кәсіби және техникалық деңгейге жауап беретін, қолжетімді жедел және қауырт медициналық көмекті сапалы және жедел көрсету;


Мақсаттары мен мәселелері:

— Павлодар қаласының тұрғындарына жедел және қауырт  медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесін оңтайлау;

-оның қолжетімділік деңгейін, уақытылығы мен сапасын арттыру;

-жедел жәрдем бригадасы жұмысының негізгі жедел көрсеткіштерін жақсарту;

-жедел медициналық жәрдем қызметінің барлық бөлімшелері жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесін оңтайлау

-кадрлық әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің медициналық білімдерін жетілдіру, дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілік мәселесін шешеді;

-облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының материалдық-техникалық базасын нығайту;

-жедел жәрдемді орташа күту уақытын азайту;

-госпитальға дейінгі өлімді төмендету;

-жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметі іс-қимылын жетілдіру;

-пациенттерді қайта адрестеу және негізсіз шақырулар санын төмендету жөніндегі жаңа механизмдерді жасау және енгізу.


Қабылдау бөлмесінің телефоны/факсы: 8(7182)32-87-88

сенім телефоны:  8(7182)65-18-14; 8(7182)32-37-78

Бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасарының м.а. – Крылова Светлана Георгиевна
Телефоны:
8(7182) 32-37-78

Бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары —  Ольга Борисовна Вербовая
Телефоны: 
8(7182)65-18-14

Кадр бөлімімнің бастығы З.Ш. Ибрагимова
телефоны: 8(728-2) 32-28-70

Мекенжайы:  Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115, e-mail: ssnmp_pvl@mail.ru
Жұмыс кестесі: 08.00-17.00, дүйсенбі-жұма
Түскі үзіліс: 13.00-14.00 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа