Тіркеу бөлімі 65-18-14

Жедел көмек станциясында мемлекет Елбасының 5 әлеуметтік бастамалары талқыланды.

13.03.2018

5 соц каз

Бүгін жедел көмек станциясында медициналық қызметкерлерге Астанадағы Парламент отырысында 5 наурыз күні айтылған  Елбасының 5 әулеметтік бастамалары  жайында  түсіндірілді. Елбасы белгілегендей бұл іс-шаралар қоғамның әлеуметтік  жағдайын жаңғыртуға бағытталған шаралары болып табылады. Сонымен, кездесу барысында 5 бағдарламалары ипотекалық тұрғын үй, білім, бизнес және газдандыру жайында  қарастырылды.

 Мемлекет басшысы ұсынған 5 бастаманың алғашқысы – еліміздің әр отбасына баспана алуға мүмкіндік беру.Президент мұны ескеріп «7-20-25» бағдарламасын ұсынды.
Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Екінші бастама –  төмен төлейтін жұмысшыларға салық жүктемесін төмендету. Қазақстандықтарды қолдау мақсатында төмен еңбек ақы алатындарға 10 есесалық жүктемесін  төмендету.

 Үшінші бастама- сапалы жоғары білімді беру және оның қолжетімділігін көтеру. Жыл сайынға 54 мың гранттарға 20 мың гранттарды қосымша берілсін.

Төртінші бастама – микро несиені ұлғайту. Өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд теңгеге дейін микро несиені ұлғайту.

Бесінші бастама – елді газдандыру. Бұл сұрақты шешу үшін Караөзек (Қызылорда облысы) – Жезказған- Қарағанда- Теміртау- Астана бағыттары бойынша магистральды газ құбырын салуды ұсыныс жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа