Тіркеу бөлімі 76-40-58

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Московская көшесі, 59

Телефондар: 8 (7187) 76-40-58- қабылдау бөлмесі

Факс: 8(7187) 76-39-06

E-mail: ekkrd1987@mail.ru

Роддом_фото

 

Екібастұз қаласының перзентханасы Екібастұз өңірінде біліктілік  акушерлік- гинекологиялық, неонатологиялық көмек және денсаулық сақтаудың осы саласында үлкендер мен балаларға анестезиологиялық – реанимациондық көмек көрсететін   жалғыз босандыру мекеме болып табылады.

Баянауыл ауданының әйелдеріне де қосымша көмек көрсетеді.

Көмек көрсетудің осы түрлеріне мемлекеттік лицензия бар.

Перзентхана 1987 жылы  пайдалануға берілді, яғни типті корпустарда орналасқан және жалпы алаңы – 4267,4 кв. м. тұратын 3 жұмыс блоктардан құрылған.

« А» блогы – босану стационары

Жас нәрестелер патологиясы бөлімі

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімі

«Б » блогы – гинекология бөлімі

« В» блогы — әкімшілік бөлім

Қосымша қызмет.

Ас блогы, кір жуу бөлімі, дезкамера және санитарлық көліктердің гаражы үшін жеке тұратын ғимарат бар.

Перзентхананың құрамына кіреді:

Босану  стационары                         — 40   төсек-орын

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімі —  20 төсек – орын

Гинекология бөлімі                           — 35  төсек –орын

Жас нәрестелер патологиясы бөлімі   — 25 төсек – орын

Стационарды ауыстыратын көмек көрсету -15  төсек –орын ( жүкті әйелдер патологиясы бөлімі – 10 төсек –орын, гинекология бөлімі – 5 төсек-орын)

6 төсек-орыннан үлкендер мен жас нәрестелерге реанимационды көмек көрсету үшін екі реанимационды бөлім ашылды.

Перзентхананың штаттары: — барлығы жұмыс істейтіндер – 259 адам, оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 25
  • Орта медициналық персонал – 125
  • Кіші персонал – 73
  • Басқа медициналық емес персонал – 36

 

Емдеу базасы:

ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-ны перинаталдық көмек көрсетудің екінші деңгейіне жатады ( ҚР ДСМ  2010 жылғы 07 мамырдағы  « Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру бойынша Нұсқауды бекіту туралы » № 325-ші бұйрығы).

Екінші деңгейдегі ұйымдар асқынбаған жүктілік пен босанулар, 34 аптадан бастап жоғары гестация мерзімі кезінде мезгілінен ерте босану, сонымен бірге қауіп – қатерге сәйкес жүкті әйелдер, босанған әйел және жаңа босанған әйелдерге арналған.

Егер профидьді емес жүкті немесе  босанған әйел түсітен болса, ондай жағдайда, деңгейі сәйкес ұйымдарға ауыстыру қамтамасыз етіледі, ал егерде шұғыл жәрдем пайда болған кезде, онда жағдайы тұрақтандырылады және қауіп – қатер деңгейі аңықталып, жүкті, босанған әйел, жаңа босанған әйелдер мен жас нәрестелерді жоғары деңгейге ауыстыру үшін « өзімізге» көлік шақыртылады.

 

Егер профильді емес босанған әйелді және науқас болып туған немесе дене салмағы 1500 грамнан кем жас нәрестені ауыстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда,  екінші деңгейдегі ұйымның міндетіне жоғарыда аталған шаралардан басқа,  шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін ауруларды қоспағанда, хаттамаларға сәйкес адекватты медициналық көмек көрсету және қарқынды терапия жасауға болады.

 

ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-да базалық жабдықтаудан басқа, ӨЖЖ,  СРАР, кувездер сонымен бірге клиникалық, биохимиялық зертханаларымен,  реанимацияға арналған толық жабдықтарымен бірге нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия палатасы  бар. Штаттық кестеде неонатологтардың тәуліктік посты қарастырылған.

 

Аналар мен жас нәрестелерге сапалы көмек көрсету,  Екібастұз перзентханасы ұйымының  персоналдарды оқыту жүйесі мен « Қауіпсізді  жүктілікпен қамтамасыз ету» БДҰ сараптама ұсыныстарын қолдану және оны әрі қарай қолдау бейілділігінің арқасында іске асып отыр.

 

Аналар мен жас нәрестелерге сапалы көмек көрсету,  Екібастұз перзентханасы ұйымының  персоналдарды оқыту жүйесі мен « Қауіпсізді  жүктілікпен қамтамасыз ету» БДҰ сараптама ұсыныстарын қолдану және оны әрі қарай қолдау бейілділігінің арқасында іске асып отыр.

   Миссия:

Әйел адамның өмірінің барлық кезеңінде, балаға – құрсақтағы даму кезеңінде, нәрестелік және сәбилік кезеңінде сапалы медициналық көмек көрсетуді үздіксіз жетілдіріп  отыру, сонымен бірге – ана өлімінің алдын-алу, перинаталдық жоғалтуды және бала кезінен мүгедектікті төмендету; басқарылған себептерден  ана, нәрестелік және перинаталдық өлімді болдырмау, әйел адамның репродуктивті денсаулығын қалпына келтіру, яғни оның үй ішінің амандығын сақтау.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа