Павлодар қаласы, Иса Байзаков к-сі,151, Тел/факс 8 (7182) 67-49-71 Электрондық почта мекенжайы: mc_pavlodar@mail.ru
Тіркеу бөлімі 67-49-71

ШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК

Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз

 

         логотип колледжа Сәлеметсіздер ме, біз Павлодар медициналық жоғары  колледжі сайтында Сіздермен қауышуға қуаныштымыз! Павлодар медициналық жоғары колледжі, өзінің қалыптасқан дәстүрі мен тарихы бар, облыстағы ең байырғы оқу орындарының бірі! Оқу орны өзінің жұмыс жасаған жылдары ішінде өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, қайта, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында маңыздылығын арттыра түсті.Мамандар даярлау – басты міндеті ,медицина қызметкері үшін оның еңбегі шығармашылық шабыттану көзі және өмірлік ісі болып табылады. Колледж қабырғасынан 20 мыңнан астам түлектер мейірбике ісі, фельдшер, акушер, фармацевт, тіс дәрігері мен тіс технигі, фельдшер – лаборант және санитарлық фельдшер біліктіліктерін алды. Ол қазіргі уақытта да орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы болып табылады. Біздің түлектер Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде лайықты сұраныстарға ие болып жүр.Білім беру жүйесін реформалау және жаңғырту дәуірінде медициналық колледж ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Бүгінгі күндері біздің оқу орынымыз – бұл қазіргі заманғы колледж, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосып жүрген ұжым.

Көрінісі: 

      Мемлекеттің бұрыннан келе жатқан, перспективалық талаптарына және ел тұрғындарының денсаулығын нығайтуға бағытталған, колледждер, қоғам, денсаулық сақтау жүйесі арасындағы әлеуметтік әріптестік үлгісіне сәйкес, білікті, бәсекеге төтеп бере алатын мамандар дайындау.

Миссиясы:

   ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК – тиімді басқару жүйесімен, инновациялық ақпараттық-байланыс технологияларын пайдаланатын, кәсіби үздіксіз білім беру жүйесіндегі көшбасшы.

Құндылықтары:

Белсенді өмір қағидасымен – тұлға дамуын қозғайтын күші және өз ойын білдіру көрінісі

Креативтілік – бұл жай шығармашылық қана емес, жаңа ойлар жасай білу қабілеті

Ынтымақтастыққа және командалық жұмысқа көзделу– әрбір қызметкердің жеке үлесі, бір-бірімен белсенді диалогы, барша ұжымның жауапты жұмысы.

 ► Өзара сыйласымдылық пен өзара түсіністік – колледждің бастамалары, шығармашылық түрткісі және қызметінің жемісі.

► Әріптестік – тұлға, қоғам, мемлекеттің тиімді өзара әрекеті.

Байланыстар

Павлодар қаласы, Иса Байзаков к-сі,151,

Тел/факс 8 (7182) 67-49-71

Сайт: http://pvlmedcollege.kz

Электрондық почта мекенжайы: mc_pavlodar@mail.ru





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа