Павлодар қаласы, Иса Байзаков к-сі,151, Тел/факс 8 (7182) 67-49-71 Электрондық почта мекенжайы: mc_pavlodar@mail.ru
Тіркеу бөлімі 67-49-71

Жарқын күлкі

12.06.2018

1

2018 жылғы 12 маусым күні  стоматологиялық пәндердің оқытушылары О.А. Бенке,  Т.Ш. Нурумбетовтың  жетекшілік етуімен  «Ортопедиялық стоматология» мамандығы 210 тобының  студенттері, «Сау тістер- дені сау балалар- дені сау отбасы» волонтерлік қозғалысының  мүшелері «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы»  ЖШС-і  «Павлодар облыстық  стоматологиялық поликлиникасы» ШЖҚ-ғы КМК  бірлесе ұйымдастырған  денсаулық  фестиваліне  қатысты.

Денсаулық фестивалі «Денсаулықтың алтын ережелері» конкурсы нысанында  өтті,  волонтерлік  қозғалыс мүшелері   қалыс қалмады, «Дандайсыған  тіс» тақырыбында сахналанған  көрініс  көрсетіп,  жарқын күлкіні қалай  сақтау керектігі жөнінде әңгімелеп,  муляжде  тіс тазалаудың стандартты әдісін  көрсетті.

Іс-шара соңында фестивальдің әр қатысушысы тіс  тазалау  күнтізбесін және тіс қорғаушы дипломы мен жаднамасын  алды.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа