Павлодар қаласы, Иса Байзаков к-сі,151, Тел/факс 8 (7182) 67-49-71 Электрондық почта мекенжайы: mc_pavlodar@mail.ru

Медбикелік білімді жаңғырту

2017 жылғы 18.05

IMG_8959

«Қазақстан Республикасындағы медбикелік білімді жаңғырту» 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, мамыр айының 17-де «Медбикелік істі зерттеу» тақырыбы бойынша он-лайн режимінде Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның жұмысына Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Қызылорда Жоғары медициналық колледжі, Павлодар медициналық жоғары колледжі қатысты. Конференцияның мақсаты жоғары білімді медбикенің кәсіби қызметіндегі орталықтанған емделуші мен тәжірибеге бағдарлануының өзектілігін көрсету.

Ім-шараның модераторы — Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі болды. Баяндаулар жасау барысында қашықтық пішімде жіберілген студенттердің жұмыстары талқыланды. Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Медициналық білімді дамыту бөлімінің бастығы З.А. Байгожина өзінің қорытынды сөзінде дәлелді медбикелік тәжірибені қолданудағы замануи тәсіл баяндалған 110 мб тобының студенті Ж.М. Усенованың баяндамасының мазмұнды екендігін атап өтті.

Конференцияға қатысушылардың бәріне сертификаттар табыс етілді.

Телефон регистратуры: 67-49-71
kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа