Павлодар қаласы, Иса Байзаков к-сі,151, Тел/факс 8 (7182) 67-49-71 Электрондық почта мекенжайы: mc_pavlodar@mail.ru
Тіркеу бөлімі 67-49-71

ТҰЛҒА

13.03.2018

IMG_4431

9 наурыз күні сағат 12.00-де  Павлодар медициналық жоғары  колледжіндегі оқу  корпусының  конференц-залында тамаша дәрігер, ұстаз, дарынды басшы,  қоғам қайраткері және  керемет  адам САБЫРХАНОВА ӘЛИЯ  ЖАКЕНОВНАНЫҢ (1946-2017ж.ж.) мейірімді және жарқын бейнесін еске алуға арналған  кітаптың тұсаукесері  өтті.  Бұл іс-шараны  Павлодар облыстық  сайлау  комиссиясының  төрайымы  Аманжолова Гульнара Кабиденовна өткізді. Тұсаукесерде  Облыстық  денсаулық сақтау  басқармасының бсшысы О.С. Мукашев, Павлодар облысының « Саламатты  Павлодар» Медициналық Қауымдастығының Қоғамдық бірлестігінің  төрайымы С.С. Абдраманова,  ұзақ жылдар бойы  Әлия Жакеновнамен  бірге істеген  ардагерлер, және айнымас  басшының  ой-арманы   мен идеяларын  жалғастырушы  әріптестері  сөз сөйледі.  Өз сөздерінде олар  Әлия Жакеновнаның    маңызды кәсіби сапасын атай отырып, көрнекті  адамның өмірден өткеніне  бір жыл толуына байланысты шыққан  кітапқа  жоғары баға берді.

«Әлия Жакеновна»  кітабына әріптестерінің, қызметтестерінің, достарының, жақындары мен  туыстарының  естеліктері, сондай-ақ  Сабырханова Әлия Жакеновнаның жеке қорындағы  материалдар, газет, журналдар мен кітаптардан  мақалалары, фотосуреттері  енді.

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа