140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі 2017 жылға республикалық бюджет қаражаттарынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

15.12.2017

Конкурсная-496 каз

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

 

140003 Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, kense.dz@pavlodar.gov.kz. Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2017 жылға республикалық бюджет қаражаттарынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:

Медициналық көмектің түрлері бойынша :

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
  2. Білікті медициналық көмек.
  3. Мамандырылған медициналық көмек.
  4. Медициналық-әлеуметтік көмек.

Медициналық көмектің нысандары бойынша:

  1. Амбулаторлы-емханалық көмек:

— консультативті-диагностикалық көмек;

— ересек және бала тұрғындарға фтизиатрия.

  1. Стационарлық көмек:
  • туберкулезбен ауыратын тұлғалар (ұзақ уақытқа келу);
  • психоактивті заттарды қолдануға байланысты мінез-құлқы бұзылған тұлғалар (уақытша бейіндеу орталығы);
  • жұқпалы аурулармен ауыратын тұлғалар.

ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Павлодар облысының аумағында көрсетіледі тиіс.

Рәсімге қатысуға өтінімдердің нысандары және қоса берілген құжаттардың тізбесін www.depzdrav.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан әлеуетті қызметтер берушілер «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2 мекенжайы бойынша, № 315 кабинетке немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментіне ұсынады.

Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттарды Тапсырыс берушіге тапсырудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 25 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін немесе Мемлекеттік корпорация арқылы 2017 жылғы 22 желтоқсан  сағат 20.00-ге дейін.

Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер 2017 жылғы 26 желтоқсан сағат 11.00 мына мекенжай бойынша: Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, № 315 кабинетте қаралатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8 7182 (код) 67-52-46, 67-51-13.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа