140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі 2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаттарынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

05.01.2018

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлама

 

140003 Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, kense.dz@pavlodar.gov.kz. Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаттарынан қаржыландыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:

Медициналық көмектің түрлері бойынша :

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
  2. Білікті медициналық көмек.
  3. Мамандырылған медициналық көмек.
  4. Медициналық-әлеуметтік көмек.
  5. Ауруларды алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша іс-шаралар өткізу.

Медициналық көмектің нысандары бойынша:

  1. Амбулаторлы-емханалық көмек:

— консультативті-диагностикалық көмек.

  1. Жедел медициналық жәрдем.
  2. Паллиативті көмек.
  3. Ауруларды алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша іс-шаралар өткізу.

ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Павлодар облысының аумағында көрсетіледі тиіс.

Рәсімге қатысуға өтінімдердің нысандары және қоса берілген құжаттардың тізбесін www.depzdrav.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан әлеуетті қызметтер берушілер «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2 мекенжайы бойынша, № 315 кабинетке немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментіне ұсынады.

Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттарды Тапсырыс берушіге тапсырудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 11 қаңтар сағат 18.00-ге дейін немесе Мемлекеттік корпорация арқылы 2018 жылғы 10 қаңтар  сағат 20.00-ге дейін.

Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер 2018 жылғы 12 қаңтар сағат 11.00 мына мекенжай бойынша: Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151/2, № 315 кабинетте қаралатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8 7182 (код) 67-52-46, 67-51-13.

 

Конкурсная,каз




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа