140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Адамдардың өмірін құтқару – біздің парызымыз

07.03.2018

МАДЕНОВА

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз тұрғындарға тиімді және сапалы көмек көрсетудегі жедел жәрдем станция қызметкерлері туралы айтқымыз келеді. Танысыңыздар – ол Гүлнар Мәденова. Қазір ол № 39 желілік бригаданың фельдшері. Ол медициналық училищені тәмамдағаннан кейін жолдама бойынша Ертіс фельдшерлік-акушерлік пунктінде жұмыс атқарды, сонан кейін трактор зауытының шойын-құю цехында істеп, қайтадан фельдшерлік іске оралып, Павлодар ауданының емханасында қызмет атқарды. Ұжым мүшелері Гүлнар Кәкенқызын жұмыстағы жауап-кершілігі, табандылығы, жоғары кәсібилігі, мейіріміділігі мен елгезектігі үшін сыйлап, жоғары бағалайды. Гүлнар Кәкенқызы өзі айтқандай, ол осы станцияда өз орнын тауып, адамдар өмірін сақтап қалу – ең үлкен парыз деп санайды.

Біздің медицина уақыт талабына сай келеді. Жедел жәрдем саласында да үлкен өзгерістер болды. Бүгін біздің қолымызда ең заманауи жабдық пен медициналық құрал-сайймандар бар. Павлодар тұрғындарына сапалы және уақытылы көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған – дейді Г.Мәденова. Сондай-ақ Г. Мәденова өзімен ұлы Әрсен мен келііні Ақмарал адам өмірін құтқарудағы игілі істе бірге қызмет істейтінін мақтанышпен атап өтті




ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа