140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Екібастұз қаласынан екі науқасты сәтті ауруханаға жеткізу ұшақ арқылы санавиация қызметімен іске асырылды

05.03.2018

пилотыыы

Бірінші наурызда санавиация қызметіне  арасы 30 минут болатын екі шұғыл шақыру келіп түсті. Екібастұз қаласынан екі науқасты Павлодар қаласына жеткізу керек болды. Бірінші жағдайда салмағы аз ғана жаңа туған нәрестеге перинаталды орталықта қаралып және емделу қажет болды. Екінші жағдайда 17 жасар жасөсіпірім невропатолог пен нейрохирургтың қаралуын қажет етті. Осымен байланысты, бір уақытта екі науқасты ауа көлігімен, яғни ұшақпен көшіру шешілді. Жаңа туған нәресте қауіпсіз ұшуды кувезде өткізді, онда қалыпты температура сақталып, оттегі беріліп тұрады. Тасымалдау кезінде нәрестенің жанында облыстық № 1 перинаталды орталықтың реаниматолог-неонатологы Дмитрий Пильцов және неонатологтың реанимациялық медбикесі Наталья Карпенко бірге болды. Жасөспірімнің ауыр жағдайын ескере отырып, оның жанында облыстық  балалар ауруханасының реаниматологы Гульнар Сакенова  мен медбике- анестезистка Майра Мұхатаева бірге болды.АН-2 ұшағының кең болуына байланысты, бір уақытта төрт дәрігерді, кувездегі нәрестені және науқастың өмірін бақылауға қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді  сыйғызу мүмкіндігі болды.

 Павлодар облысының санитарлық авиация меңгерушісінің м.а. Елена Малыхина айтып өткендей, ұшақ – бірнеше адамды бір уақытта көшіру қажет болғанда өте оңтайлды шешім. Мысалы, Екібастұз қаласынан екі баламен болған жағдай, ЖКА, өрт, су тасу және т.б. – төтенше жағдайларда шұғыл әрі тез жеткізу маңызды рөл ойнайды.

— ауруханаға жеткізу кезінде санитарлық авиацияның пилоттары Сергей Сивирин, Равиль Бикбов, Калибек Зариев және Нұрлыбек  Колбаев  өз пилоттық міндеттерін кәсіби түрде орындап қана қоймай,  сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің бригадасына науқастарды санитарлық авиация көліктеріне ұқыптап жеткізу кезінде де көмек көрсетеді, — дейді Малыхина





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа