140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Жаңа түзету кабинеті

2017 жылғы 24.01

IMG-20170123-WA0041

2017 жылғы 23 қаңтарда Павлодар қаласында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Түзету кабинетін «Әртүрліміз-теңбіз»: біз Қазақстанда инклюзивті білім беруді құруды қолдаймыз!» жобасы шеңберінде Павлодар облысының әкімдігі және «East Trade Solutions» ЖШС қолдауымен «Дара» қоры ашуда.

Түзету кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрам Мұхаметрақымұлы Бегентаев, «Дара» қорының құрылтайшысы Гүлнар Есенгелдіқызы Досаева, жоба демеушісі, «East Trade Solutions» ЖШС бас директорының кеңесшісі Рахат Асхатұлы Дармеш, балалар және олардың ата-аналары қатысты.

Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін 6 мыңнан аса бала тұрады. Аталған мекеме облысымызда 12-ші түзету кабинеті болып табылады.

Жаңа мекемеде әрбір ерекше баланың дамуына түзету қолдау көрсететін мамандар командасы жұмыс істейді: педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, дәрігер-невропатолог. Ата-аналарға психологиялық қолдау және консультациялық көмек көрсетіледі.

Кабинетте нормативтерге сәйкес кедергісіз орта жасалған: пандус, кең есік орны, табалдырықтың болмауы, түсті сигналдар, тұтқалар. Мамандар кабинеттері заманауи оңалту құрылғылары, әдістемелік материалдар, әдебиет және ойындар, Монтессори материалдарымен жарақтандырылған.

Жыл сайын кабинет сөйлеу қабілеті, интеллектісі, тірек-қимыл аппараты, эмоционалды-еркі бұзылған 120-дан астам балаға мамандардың тегін білікті және кешенді қолдауын көрсетеді.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа